синхрондық үзік
(синхрон-
ный срез) дегеннің өзі тағы шартты деуге болады. әсіресе
лексика саласында тіл тіршілігі бірнеше онжылдық түгіл, бір-
екі онжылдықтың барысында ешбір өзгеріссіз (синхрондық)
қалыпта көрінбейді. Әсіресе біздің қоғамымызда соңғы
онжылдықта (1990 жылдардан бермен қарай) болып жатқан
әлеуметтік, саяси, тіпті мәдени өзгерістер мен дүмпулер тілді де,
оның сөздік қазынасын да айтарлықтай қозғалысқа түсіргенін
көріп отырмыз. Демек, қазақ тілі дамуының синхрондық үзігі
деп отырған кезеңнің өзінде диахрондық фактілер орын алып
жатыр. Бұған бірқатар орысша аталып келген терминдер мен
жай сөздердің қазақша баламасын ұсыну, жаңа тұлғаларды жа-
сауда сөз біріктіру сияқты кейбір амалдардың жандануы, жаңа
сөз жасаушы жұрнақтардың алмасуы тәрізді факторлар себеп
болып отыр.
Әдетте тілдің өзінде қалыптасқан нормалар ережелер-
мен ұсынылған, кодификацияланған нормаларға қарағанда,
әлдеқайда тұрақты, тиянақты болады. Ал ережемен реттел-
ген, кейін ұсынылып хатқа түскендерін бұзу тәжірибеде аз
кездеспейді. Бұл – норма ауысу құбылысын тудырады. Әрине,
тілдік норманың түгелімен ауысуы дейтін болмайды, ол күнде
тілдің өзі ауысып, басқа тіл болып кетуі керек қой, «норма ауы-
суы» – шартты атау.
Қысқасы, ұсынылып отырған бұл жұмыста қазақ әдеби
тілі нормаларының синхрондық үзіктегі, атап айтқанда, соңғы
онжылдықтардағы күй-қалпы, реттеліп, қалыпқа келуі, хатқа
тіркелуі сөз болады. Тілдік-стильдік нормалардың тарихы, яғни
қозғалысы, даму (жетілу, өзгеру) кезеңдері, оған әлеуметтің
араласуы, ірі-ірі қайраткерлердің қызметі туралы зерттеулер –
өз алдына жеке монографиялық ізденістер болмаққа керек. Бұл
17
– әрі қарайғы міндеттердің бірі. Тілдік нормалардың қалыптасу,
даму, жетілу (қалыптасу) тарихы – әдеби тілдің өзінің жалпы
тарихымен ұштасып жатады. Тілдік нормалардың эволюция-
сында қоғамның әлеуметтік, саяси өмірінің қозғалысы үлкен
рөл атқарады. Әсіресе тілдік нормалардың қалыптасуында
тілдің табиғатынан тыс экстралингвистикалық факторлардың
да үлесі болатындығын ескерсек, әлеуметтік, саяси, мәдени
«қамшылар» мен «тоқпақтарды» ескеру қажеттігі даусыз. Қазақ
тілінің бүгінгі тағдырында халықтың сауаттылық деңгейінің
көтерілуі, бұқаралық ақпарат каналдарының өріс алуы,
әлеуметтік қызмет өрісінің кеңеюі және «мемлекеттік тіл» ста-
тусына ие болып, саяси құқығының көтерілуі үлкен мән алып,
оның барлық жағынан дамуына, нормаларының қалыптаса
түсуіне зор ықпалын тигізіп отыр.
Әдеби тілдің нормативтік базаларын (негізін, көзін) анық-
таудың да мәні зор. Өзге тілдер сияқты қазақ тілінің нормала-
рының негізі – жалпы халықтық сөйлеу тілі. Тілдік нормалар
сол тілдің құрылымдық жүйесінен шығады, яғни тілдік жүйеге
сай құрылымдық тәртібі – тілдің табиғи (өзіндік) нормаларын
түзеді. Бұл нормаларды ұрпақтан ұрпаққа ұластырып отыратын
кумулятивтік қызметті ауызша сөйлеу тілі, ауыз әдебиеті, жазу
пайда болған кезеңдерден бастап жазба үлгілер атқарады.
Тіл дамуының кейінгі кезеңдерінде тілді пайдаланушы-
лардың, зерттеушілердің, негізінен ғалымдардың өздері реттеп,
көрсеткен, хатқа тіркеп, тұрақтандырған (кодификациялаған)
нормалары да болады (олар жөнінде мысалдарымен дәлелденіп,
келесі тарауларда сөз етіледі). Сан жағынан, тұрақтылығы
тұрғысынан, дұрыстығы жөнінен, әрине, табиғи нормалар ба-
сым болады, олар өзгеріске көп түспейді. Жаңадан ұсынылатын
нормалардың дұрыс-бұрыстығын табиғи тіл нормаларының
параметрімен өлшеп танимыз, яғни тілдік жүйеге (құрылымға)
сәйкес келу-келмеуіне қарап, таңдаймыз.
Әдеби нормадан уәжді және уәжсіз ауытқу және олардың
орын алу себептері де – тіл мәдениетінің өзекті проблемасы.
Бұлар жөнінде де жұмыстың өн бойында, әсіресе лексикалық
нормалар, норма және варианттар, көркем әдебиет стилінің тіл-
дік-стильдік нормалары туралы тарауларда нақты баяндалады.
Кіріспеде тек уәжсіз ауытқудың түрлерін атап кетелік. Олар:
18
1) әдеби баламасы бар жерде ешбір стильдік не өзге мақсат
көздемей диалектизмдерді, қарапайым сөздерді жұмсау, бұл
– көбінесе тілге жауапсыздықтың немесе әдеби норма мен нор-
мадан тысқары тұратын бірліктерді айыра білмеушіліктердің
салдарынан пайда болады;
2) қажетсіз тұста жаңа жасанды тұлға (сөз) ұсыну (мыса-
лы, касса
Достарыңызбен бөлісу: |