19
Мақал-мәтелдер – халықтың ғасырлар бойы түйген фило-
софиясы, даналығы ғана емес, тіл маржандары, әбден ықшам-
далған, әрбір сөзінде бірнеше қосалқы мағына бар әрі құлаққа
жағымды сазды ғаламат дүние екені мәлім. Олардың беретін
мағынасын, кейде жұмбақ сияқты түйінін табу қиындау болып
келеді. Сондықтан болар, кейбіреулерін дұрыс өз мағынасында
қолданбаймыз. Кезінде газет бетінде «құлағына алтын сырға»
деген нақыл сөздің мағынасы «бұл
сөзді естімеген болсын,
құлағына бұл айтылған сөзді емес, алтын сырғаны таққан
болайық» дегенге меңзейді, ал бұл күнде мұны «осы айтылған
сөзге құлақ салсын» деген мағынада жиі қолданады, «бұл –
дұрыс емес» деген пікірлер айтылған болатын.
Демек, тілдің ғасырлар бойы сомдалған асыл бұйымдары:
тұрақты бейнелі тіркестер мен мақал-мәтелдерді, нақыл
сөздерді, бата-тілектерді өз мағынасында және құрамына қиянат
жасамай қолдану – тілдің бүгінгі мәдениетіне, сындарлығын
сақтауда қойылатын талаптың бірі.
Ғалымдар мен әлеумет
көңілін бұл сала да алаңдатады.
7) Қазақ тілінің орфоэпиялық (сөзді дұрыс айту, дұрыс
дыбыстау) нормаларын сақтамай, одан ауытқитын тұстары
бар. Бұл ауытқулар ауызша сөйлеушілердің, әсіресе шаршы
топ
алдына шыққандардың, теле-, радио дикторларының,
комментаторларының, кейбір әншілер мен әртістердің тарапы-
нан байқалады. Бұл – сөз сазы деп аталатын орфоэпиялық нор-
маларды жақсы білмеушіліктің, оған мектептер мен жоғары
оқу орындарында дұрыс үйретілмейтіндіктің және жалпы
жұртшылықтың сөзді дұрыс айту дегенге өз дәрежесінде мән
бермеушіліктің салдарынан туып жатқан ауытқулар.
Әдеби нормадан уәжді және уәжсіз ауытқулар мысал-фак-
тілерімен кітаптың барлық тарауларында көрсетіліп отырды.
Сөйтіп, бүгінгі таңда қазақ тілін зерттеушілердің де, ана
тілінің дұрыс дамуына мүдделі қалың жұртшылықтың да тіл-
ге, тіл мәдениетіне, нормаларына
қатысты назарын аударып
отырған мәселелер мынадай:
1) тілдің графикалық құралы, яғни ең қолайлы, қазақ тілінің
дыбыстық жүйесіне сай келетін әліпби (алфавит) таңдау, бұл
проблема қазақ жұртшылығының жазу таңбасын өзгертіп, ки-
20
риллицадан латынға көшу саясаты көтерілген кезеңде туып
отыр;
2) емле мәселелері, қазіргі қолданып отырған жазуымыз
бойынша түзілген емлеміздің қырнайтын, толықтыратын,
ықшамдайтын тұстары барына назар аудару және қазіргі емле
қағидаларының негізінде латын жазуына сәйкестендіріп жаса-
латын емле ережелерін дұрыс түзу;
3) жазудың тілдік нормаларды қолдануға және оларды
қалыптастыруға қатысты
оң және қолайсыз сәттері, яғни
орфографиялық нормалар мен орфоэпиялық заңдылықтардың
бір-біріне қайшы тұстары, оларды реттеу жолдары;
4) ғылыми және басқа да терминология жайы; төл тілдік
және кірме терминдердің арасалмағы; термин жасау принцип-
терін тұрақтандыру; кірме терминдердің тұлғалануы (жазылуы
мен айтылуы);
5) лексикалық қазынаны байыта түсу мақсатын жалау етіп,
қазіргі қазақ тілін әдеби нормадан тысқары тұратын элемент-
терді, оның ішінде әсіресе жергілікті сөздерді ешбір уәжсіз
қолданудан сақтандыру, көне, сирек сөздердің де қолданысына
қатаң қарау, олардың мағынасын дәл біліп, орнымен жұмсауды,
көпшілікке түсініктілігін талап ету;
6)
тіл мәдениетін, тілдік нормаларды насихаттайтын,
түсіндіретін, үйрететін ғылыми-практикалық, анықтамалық
құралдардың өте аздығы, барларының араларына 5-10 жыл са-
лып келесі басылымдары әрең жарық көретіндігі;
7) мектептер мен жоғары оқу орындарының оқу кестесін-
де тіл мәдениетіне арналған сағаттардың не жоқтығы, не жет-
кіліксіздігі.
Бұл – жалпы түрде аталған проблемалар, олардың сыр-
тында жеке мәселелерге қатысты танымдық та, ғылыми да,
практикалық та іс-қарекеттер тұрғанын айтуға болады.