Рабочая программа Форма ф со пгу



Pdf көрінісі
бет11/14
Дата23.09.2023
өлшемі161,4 Kb.
#182136
түріРабочая программа
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
14-тақырып. 
60-90 жылдардағы қазақ әдеби сыны
Қазақ халқының мәдени-әдеби мұраларын байыпты
зерттеу туралы КПСС Орталық Комитетінің 1957 жылғы
қаулысы және 1959 жылы қазақ әдебиетінің проблемалық
мәселелері бойынша ғылыми-теориялық конференциясының
өткізілуі, олардың қазақ әдебиет тарихын жасауға,
әдебиеттану ғылымын өркендетуге жасаған ықпалы.
Әдебиет тарихына қайта оралған ұлы дарындардың жаңа
творчестволық процесс тудырып, жаңаша пайымдауды қажет
етуі. С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров творчестволары
жайындағы көмекші оқу құралдары мен монографиялық
зерттеулердің ғылыми мәні. 60-шы жылдардың екінші
жартысы мен 70-шы жылдардың бас кезінде сын мен
әдебиеттануға қосылған жасақтың өнімді ізденістері.
Р.Нұрғалиев, З.Серікқалиев, Ә.Жәмішев, С.Ордалиев,
Ф.Оразаев, Ә.Нарымбетов, М.Мағауин, Ш.Елеукенов,
Б.Құндақбаев сынды көптеген дарындардың еңбектері.
Қазақтың көне әдебиеті проблемасының күн тәртібіне
қойылатын шешімін таба бастауы. Қазақ әдебиетінің тарихы
бойынша алты кітапты үш том еңбектің жазылуы және оның
қоғамдық-әлеуметтік мәні. Жоғары оқу орындарының


тұрақты оқулықтар жасау мәселесінің шешім табуы. Қазақ
әдебиет дамуында өздерінің творчестволық тұлғасы және
стилімен көрінген дарынды өкілдері жөнінде әдеби-сын
очерктері мен монографиялық зерттеулердің жариялануы.
Әдебиеттің проблемалық мәселелері, жанрлардың туып-
өркендеуі, өзге әдебиеттермен творчестволық байланысы
жайлы зерттеулердің жарық көруі –қазақ әдебиеттану
ғылымының қалыптасуының айғақты белгілері. Қазақ
әдебиеттану мен сынының жаңа кадрмен толысуы.
С.Әшімбаев, С.Негимов, Ш.Ибраев, Б.Әлімжанов, Б.Ибраимов,
Б.Сарбалаев, А.Егеубаев, М.Серғалиев, Т.Тоқбергенов,
Д.Ысқаұлы, Ж.Дәдебаев, Қ.Ергөбеков, А.Қыраубаева,
З.Бисенғалиев, Ө.Әбдиманұлы, Р.Тұрысбеков, Ж.Смағұлов
сынды жас сыншылар мен ғалымдардың жауынгерлік сапта
тұруы.
15-тақырып. 
Қазақ әдеби сынының бүгінгі жай-күйі
Бүгінгі әдеби процеске араласу, көркемдік шеберлікті
арттыру жолындағы эстетикалық талаптарды тұжырымдау,
қазақ әдебиеттің дүниежүзілк дамуға ұласуы мәселелерінің
әдебиет сынында кеңінен әңгімеленуі. Советтік жүйенің,
коммунистік идеологияның творчестволық зұлымдықтың
әшкерелнеуі. Қазақ әдебиетінің ұлы ғалымдары
А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов,
Ш.Құдайбердиев сынды алыптардың қайтып оралуы. Алаш
қозғалысының аяқталуы, қайраткерлердің тарих сахнасына
қайта шығуы, қазақ елінің тәуелсіздікке қолы жетіп,
егемендік алуы. Азаттықты аңсаған әдебиет өкілдерінің
өлең-жырлары мен шығармалары тәуелсіздік рухын жаңаша
баяндалуы, түсіндірлуі, зерттелуі. Қазақтың азаматық және
әдеби-мәдени тарихтарын жаңаша бұрмаламай жазу
жөніндегі игі қадамдар, оның артық-кем шалыстары. Қазақ
әдебиеттану ғылымы мен сыны еркін тыныстап, ұлттық
нысанын жоғары ұстауы, әлемдік таным-білік деңгейінде
көрінуге талпынуы. әдебиет сыны мен ғылымының әр салаға
көз салуы сыншы-ғалымның, ғалым-сыншының тұлғасының
қалыптасуы - өнімді эстетикалық ізденіс кепілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет