Рабочая программа Форма ф со пгу



Pdf көрінісі
бет7/14
Дата23.09.2023
өлшемі161,4 Kb.
#182136
түріРабочая программа
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
7-тақырып. 
Өркендеу өзегі - көркемдік әдіс
«Партияның көркем әдебиет саласындағы саясаты»
атты қаулысының көркемдік әдісті қалыптастыру жайындағы
тұжырымы. «Еңбекші еңбек», «Ақжол» газеттерінде 1925
жылы қандай көркемдік әдісті басшылыққа алу жайында
жарияланған мақалалар, оның төңірегіндегі айтыстар.
Реализм бағытына ойысқан совет жазушыларының
теориялық тұжырымдары. Реализмді революцияшыл
романтикамен қанаттандыру жайындағы талпыныстар.
Көркем әдебиеттің бүгінгі күн шындығынан нәр алуы,
кезеңдік талап-тілекке қызмет етуі жөніндегі ойлар. Сыни
пікірдің теориялық негізінің қалыңдай түсуі. Романтизм әдісін
насихаттамақ ниеттердің кездесуі. Романтизмге ден қою,
оның принциптеріне уағыздау, көшпелі халықтың санасынан
гөрі қиялы ұшқыр болады деген қисынды орнықтыру ниеті.
Сәкен Сейфуллин бастаған жаңа әдебиет өкілдерінің
шығармаларын даттаушы сындардың көздеген мақсаты.
Жаңа творчестволық күштердің айтыс үстінде шынығып,
өрелі өңірлерге көз салуы. «Қазақ әдебиетіне әр алуан
дертті: ыңырана күңіренуді, мистиканы және жұртқа жат
эклектизм (әр кімге еліктегішті), декаденттікті екпек»
(М.Әуезов сөзі) болғандардың тарихи сахнадан зорлап
аласталуы, қуғын-сүргінге салынуы. Қалыптасып келе
жатқан жаңа көркемдік әдістің сыншыл реализмнің озық
дәстүрлерінен бой тасаламауы. Көптеген ақын-
жазушылардың шығармаларында сыншыл реализм
принциптерінің аңғарылуы, оны жетілдіре, дамыта қолдану,
өнімді әдіске ұласу тенденциясының күшті болуы.
А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» (1926), М.Әуезовтің
«Әдебиет тарихы» (1927), С.Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті»
(1932), С.Мұқановтың «XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті»
(1932) еңбектерінің тарихи-теориялық мән-маңызы.
Социалистік реализм мен сыншыл реализмнің арақатынасы
жайында совет әдебиеттану ғылымында 60-70 жылдары
болған талқылаулар –басып өткен жолымызды бағамдаудың


теориялық қадамдары. Қазақ әдебиеттанудағы жаңа
ізденістер сілемі. М.Әуезов ойларында, Ғаббас Тоғжанов,
Әбдірахман Байдилдин, Бейсенбай Кенжебаев, Ыдырыс
Мұстамбаев, Әмина Мәметова, Ілияс Қабылов, Мұстафа
Көшеков, Әлкей Марғұлан, Балқай Байтуаев, Шаймерден
Тоқжігітова, Хамза Жүсіпбеков сынды сыншылардың
мақалаларында әдеби проблемаларды талқылау және артық-
кем айтылған пікірлері. Социологиялық сынмен қатар
социологиялық-эстетикалық сындардың көріне бастауы,
оның әлеуметтік ой-пікірге тигізген әсері. А.Байтұрсынов-
әдебиетші-ғалым, теоретик. Ғ.Тоғжановтың сыншылық
қызметі. «Әдебиет және сын мәселелері» (1929), «Абай»
(1935) атты кітаптары мен әдебиет жөніндегі мақалалары.
Монографиялық талдау элементінің көрінуі. Сәкен, Бейімбет,
Сәбит, Ілияс шығармалары мен жас ақындардың өлеңдеріне
жасалған талдаулардағы ұтымды көріністер мен қате
тұжырымдар. С.Мұқановтың 1932 жылғы кітабында алаш
ақын-жазушыларына
арналған
монографиялық
талдаулардың артық-кемі. Елжан Бекенов, Жәкен Сәрсенбин,
Даниял Ысқақов, Абдолла Байтасовтардың сыни еңбектерінің
мәні. С.Сейфуллиннің замана бейнесін жасаудағы ізденістері.
Жаңа адамның образын жасау. Ж.Аймауытов, М.Әуезов
шығармалары. Б.Майлин жасаған Мырқымбай бейнесінің
жаңалығы. Мағжанның романтикалық
поэмалары.
«Сұлушаш» поэмасында көркем образ жасау проблемасының
шешім табуы. Өзіндік стиль, творчестволық қолтаңба, әр
шығарманың көркемдік сапасына назар аудару, өмір
шындығын көркемдік шындыққа айналдыруы, жаңалықты
орнықтыру жөніндегі ой-пікірлер. Қазақ әдебиет сынының 20-
жылдарға тән көркемдік мәселелерді көріп, орынды
әңгімелеуі – оның жанрлық сипатын алу процесіне ұласқанын
аңғартатын белгілер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет