Рабочая программа Форма ф со пгу


Студенттер істей білуі тиіс



Pdf көрінісі
бет3/14
Дата23.09.2023
өлшемі161,4 Kb.
#182136
түріРабочая программа
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Студенттер істей білуі тиіс:
-
Сыншылардың еңбектеріндегі көзқарастарды таразылай
білуі тиіс.
- Көркем шығармаларға сыни пікірлер білдіре білуі тиіс.
- Қазақ әдеби сынның өркендеуіне тұжырымдар жасай білуі
тиіс. 
2. Пререквезиттер: 
1 Қазақ әдебиетінің тарихы
2 Әдебиет теориясы
3 Орыс, шетел әдебиеті сынының тарихы
4 Философия
5 Тарих
Тематический план Форма
дисциплины СО ПГУ 7.18.2/07
3 Пәннің мазмұны

3.1 Пәннің тақырыптық жоспары
№ 
Тақырып
Сағат саны
Дәріс
Тәжір.
СӨЖ
1
2
3
4
5
1
Кіріспе
1
2
Қазақтың сыни пікірінің
оянуы және әдебиет
сынының тууы. Әдеби
сынының
арналары.
Халықтық эстетика. Көне
дәуірдегі сүбелі ойлар.
1
1
3
3
Қазақтың ұлы ағартушы-
демократтарының
сыни
ойлары
1
1
3
4
Баспа сөз және сын. Жазба
әдебиет және сын.
1
1
3


5
Қазақ сынының жанрлық
қалыптасуы
және
әдебиеттану. 
2
2
3
6
Дарындар –сын додасында
2
2
3
7
Өркендеу өзегі-көркемдік
әдіс
2
2
3
8
Ұйымдасудың қияметі мен
қиястығы
2
2
3
9
Әдеби мұра және оны игеру
мәселелері. 
2
2
3
10 Оқулық жасау және
әдебиет тарихын дәуірлеу
мәселесі.
1
1
3
11 Сынның жанр ретінде
қалыптасуы
1
1
4
12 Қазақ
әдебиеттану
ғылымының қалыптасуы
және қазіргі әдеби сынның
жай-күйі.
Ұлы
Отан
соғысынан кейінгі дәуірдегі
әдеби
сын.
Қазақ
әдебиетінің тарихын жасау
жолындағы жаңа ізденістер
2
2
3
13 Қазақ
әдебиеттану
ғылымының қалыптасуы.
1
2
3
14 60-90 жылдардағы қазақ
әдеби сыны
2
2
4
15 Қазақ әдеби сынының
бүгінгі жай-күйі
1.5
1.5
4
Барлығы: сағат
22.5
22.5
45
3.2 Теориялық курс мазмұны
1-тақырып.
Кіріспе
Әлемдік эстетикалық ойдың сын туралы тұжырымы.
Сынның әлеуметтік-және эстетикалық міндеттері. Сыншы
дарыны ол жөніндегі ой-пікрлер. Жалпы курстың мақсаты.
Сын тарихының зерттелу жайы. Қазн революциясына дейінгі
әдеби сын жандағы көзқарастар мен ой-пікірлер. Қазақ
әдебиет сынының туып, қалыптасуының негізгі кезеңдері.
Қазан революциясына дейінгі кезең - Сыни ой-пікірдің ояну
және әдебиет сынының туу дәуірі. 1917 жылдан 1937 жылға
дейінгі кезең-қазақ әдебиет сынының жанр ретінде
қалыптасу және әдебиеттану ғылымының туу дәуірі. 1938
жылдан 1991 жылға дейінгі процесс – қазақ әдебиеттану
ғылымының қалыптасуы, әдебиет сынының өркендеу кезеңі.


2-тақырып.
Қазақтың сыни пікірінің оянуы және әдебиет
сынының тууы. Әдеби сынының арналары. Халықтық
эстетика. Көне дәуірдегі сүбелі ойлар.
Көркем өнер халықтың рухани қажетін өтеп, талап-
талғамын қалыптастырады. Халық еш уақытта өнерсіз өмір
сүрмейді, демек өнер бар жерде талғам бар. Көркем әдебиет
жанрлары бірден қалыптаспайды, оның элементтері таным
бесігінде ұзақ тербетіледі. Ұсақтан іріге, майдадан күрделіге
ұмтылу барысында әр түрлі арналардан нәр алады,
қоғамдық-әлеуметтік және эстетикалық ой-пікірлердің
оянуына, өсіп-жетілуіне жағдай жасалды. Сын - жазба
әдебиетке тән және кенжелеп туатын жанр. Сын
элементтерінің халықтық эстетикадан көрінуі, ауыз әдебиеті
үлгілерінің молдығы, оның ғасырдан ғасырға мұра болып
сақталуы, халықтық түсінік-талғам жасауы. Халықтық
эстетиканың негізі- әсемдікті танып-білу, сұлулықты
қастерлеу, ажарсыз бен келісізді мінеу, жақсылықты
дәріптеп, жамандықпен күресу. Ол жайында ой-тілек
білдергенімен, эстетикалық талдау жасамайтындығы.
Халықтық эстетика элементтері халықтың ауыз әдебиеті
үлгілерінде, әсіресе юмор мен сатиралық нұсқаларда жиі
кездесуі. Сыншылық ой-пікірдің мол арнасы – ақындар
айтысы. Әдеби сын элементтерінің әсері, өнерге қойылар
халықтық талап-тілектің айқындалуы. Көне түрік жұртында
туған әдеби-мәдени мұралардың ортақтығы. Этникалық
жіктелістің көркемдік бояуды ажарлай түсетіндігі және
әралуандығы. 6-9-шы ғасырлар – бүкіл түркі әдебиетінің
тарихи- эстетикалық арнаға шығуы, өзіндік дәстүр
қалыптастырған дәуірі. Орхон-Енисей ескерткіштерінің
эпостық сипаты және олардың поэзиясын тудырудағы тарихи
рөлі. Көне түрік дүниесі мен мәдениетінің тоғысуы,
әлеуметтік, ғылыми-эстетикалық салдары. Отырардың
шыққан әл-Фарабидің әлемдік екінші ұстазына айналуы.
«Ғылымды меңгеру және оның мақсатын түсіндіру», «Сөз
ғылымын классификациялау», «Музыканың ұлы кітабы»,
«Өлең өнерінің қағидалары», «Өлең мен ұйқас» т.б.
шығармалары. Фарабидің әдебиеттану ғылымы жүйесімен
тұжырымдаған ой-пікірлер бүгінгі таным-білікке әсері және
ұласу жайлары. Әл-Фарабидің ақындық, сазгерлік және
ғалымдық айналасы, олардың түрік, сөз өнеріне жасаған
ықпалы және қазақ әдебиетіне қатынасы. Түрік тілінің
тұңғыш поэтикалық ұлы ескерткіші- «Құдадғу білік», оның
авторы жүсіп Хас Хажиб Баласағұнның «Құтты білікке»
өлеңмен және қарасөзбен жзған алғысөзі, оның сыни


танымға қатысы. Әділ-Дәулет-Қанағат ұғымдарының мәні
және олардың баламасы. Өлең сөздің қасиеті туралы ойлар.
М.Қашқари – түрік лұғатшысы әрі поэзиялық інжу-
маржандарды жинаушы. «Жаз бен қыстың айтысы» 1985 жыл
жинағындағы нұсқалар. Суфизмнің идеялық және
поэтикалық негізін қалаушылардың бірі, әдебиетінің классигі
Қожа Ахмет Иассауи және оның «Диуани хикмет»
Адамгершілікті ардақтау, даналыққа бас ию, шешендікті
қадірлеу, әділдікті насихаттау, қанағатшылдықты пір тұту,
тахуалық тәрбие негізі болумен қатар рухани таным-білікті
қалыптастыруы. Насреддин Рабғузи, Сүлеймен Бақырғани
шығармаларынан жалғастық Ахмет Иүгінеки, Сайф Сарай,
Хорезми, Күли Гали, Лутф көркем туындылары, Захаридден
Бабыр, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жаларидің
тарихи еңбектерінің танымдық сипаттары. Қазақ хандығы
тұсындағы ұлы жыраулар мен ойшылдарының
толғамдарының мәні. Мағыналы шешендік сөздердің
мемлекеттік ден көтерілуі, қоғамдық және эстетикалық
сананың бұлағына айналуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет