Рабочая программа Форма ф со пгу



Pdf көрінісі
бет4/14
Дата23.09.2023
өлшемі161,4 Kb.
#182136
түріРабочая программа
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
3-тақырып. 
Қазақтың ұлы ағартушы-демократтарының сыни
ойлары
Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев еңбектеріндегі
сыни ой-пікірлер. Г.Потаниннің Ш.Уәлиханов «Қазақ
әдебиетінің өркендеуіне сала алар еді» деген тезисінің мәні
және Шоқан еңбектерінің көркем қасиеттері мен
публицистикалық ой-түйіндері. Шоқан – қырғыздың ұлы
эпосы «Манасты» тұңғыш зерттеуші. Шоқанның ауыз
әдебиетіне көзқарасы және оның үлгілерін жинап, зерттеуі.
«Қазақтың халықтық өлеңдерінің түрлері туралы» еңбегінде
қазақ өлең түрлері мен өнерпаз дарындарды
классификациялауы. Шоқан- қазақ халқының ғылыми ой-
пікірі оянуының қарлығашы. Ыбырай Алтынсарин жасаған
«Қазақ хрестоматиясының» тарихи мәні. Хрестоматия жасау
– ғылыми-сыни ойдың жемісі. Ыбырайдың ана тілінің
тазалығын сақтау жолындағы күресі және қазақ тілін
өркендету жайындағы ойлары. Ыбырай – қазақ халқының
педагогикалық ой-пікірін жүйелі негізге салған, сыншылық
ойға педагогикалық арна дарытқан дарын. Абай Құнанбаев –
сыншыл реализм дәстүріндегі жаңа эстетикалық мұратты
қалыптастырған, сөз өнерінің қадір-қасиетін жаңа сатыға
көтерген ұлы ақын.
Өлеңге, ақындық дарынға Абайдың көзқарасы. Көркем сөздің
қоғамыдық және әлеуметтік мәнін ашуда Абайдың рөлі.
Өнерпаз дарынды қадірлеу, көркем сөзді ел кәдесіне асыру,


қазақтың мақал-мәтелдерінің мәні және оларды сын елегінен
өткізе бағалауы, түр мен мазмұнның ажыраспас бірлігін
талап ету, оқушы мен тыңдаушыны тәрбиелеу, көркем
шығарманың әлеуметтік мәнін ашу –Абай негізін қалаған
жаңа эстетикалық мұраттың негіздері. Абай – қазақтың
эстетикалық таным-білігінің жаңа нормасын жасаушы.
Қазақтың ұлы ағартушы-демократтарының сыни ой-пікірдің
қадасын қадап, өрісті арна тауып берудегі тарихи
еңбектердің мәні.
4-тақырып. 
Баспа сөз және сын. Жазба әдебиет және сын.
Қазақсанның Россияға бағынуының пайда-зияны және
оның ықпалы. XIX ғ. аяқ шенінде саяси-әлеуметтік жағдай
және сыншыл реализм дәстүріндегі жаңа әдебиеттің тууы.
«Түркістан уалаятының газеті» (1870-1882) – қазақ
баспасөзінің тұңғышы және оның әлеуметтік ой-пікірді
оятудағы орны. Шоқан, Орынбай жөніндегі материалдар.
«Қисса Қожа Ғафан һәм Садуақас» туралы пікір және тіл
тазалығы жөніндегі көзқарастың өріс алуы. «Дала уалаяты»
газетінің (1882-1904) сыни ой-пікірді оятудағы рөлі. Шоқан,
Ыбырай және қазақ зиялыларының тарихи рөлі туралы
пікірлер. Қазақ тілінің тазалығын сақтау туралы Алтынсарин
идеясының осы кездегі қазақ публицистеріне тигізген әсері.
Әдеби ағымдар елесі, Шортанбай өлеңінің жариялануы және
ол туралы пікір. Абай өлеңдерінің озық пікірге өзек болуы. XX
ғ. басындағы қазақ газеттеріндегі әдебиет жөніндегі
мақалалар-әдеби сынның тууына дайындықтың көрінісі.
«Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің әдебиет сынын
тудырудағы тарихи маңызы. «Айқап» журналы мен «Қазақ»
газетінің қазақ мәдениеті мен әдебиетіндегі орны. Журнал
мен газеттің ағартушы-демократтық бағыты. «Айқаптың»
жер, өнер-білім, отырықшылық, дін, әйел теңдігі
мәселелеріне көзқарасы. Журанал мен газеттің осы
мәселелері төңірегіндегі көзқарастары, олардың әлеуметтік
мәні. Сұлтамахмұттың «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары
жайынан» деген мақаласы. «Азамат» жинағына жазған сыны
және «Түсімде», «Бұлар кім?», «Кешегі түнгі түс, бүгінгі іс»
атты өлеңдерінің әлеуметтік сыры. «Айқап» пен «Қазақ»
газетінің мәдениет пен әдебиетті өркендету жолындағы
еңбектері. Мұхаметжан Сералин, С.Торайғыров, С.Дөнентаев,
С.Сейфуллин, Б.Майлин, Самат Нұржанов, Әкірам Ғалымов
т.б. шығармаларының жариялануы, олардың қазақ
әдебиетіндегі орны. Қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерінің
жариялануы, оны жинап, жарыққа шығару жөніндегі игі
қадамдар мен ойлар. Әлихан Бөкейхановтың «Қара қыпшақ


Қобыланды» жыры жайындағы сериялы мақалалары - әдеби
мұраны игерудің жөн-жосығын аңғартуға бағытталған
қадам. «Айқаптың» шығыс әдебиетінің классикалық
үлгілеріне орын беруі. «Шаһнаманың» дүниежүзілік мәні мен
көркемдік қасиетін табу. «Рүстем-Сууһрап» бөлімінің
аударылу жайы. Қазақтың әліппесін жасау, оқулығын
шығару, шәкірттерді ана тілінде оқыту жөнінде
А.Байтұрсыновтың күресі. Абай - өрелі сынның өзегі.
А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтың мақалалары.«Айқап»
журналы мен «Қазақ» газетінің орыс әдебиетімен байланысы.
Пушкин, Лермонтов, Чехов, Кольцов, Никитин, Крылов,
Чернышевский, Добролюбов, Писаревтің ой-пікірлерін
насихаттауы. «Айқап» пен «Қазақтың» татар зиялыларымен
байланысы. Шагабуддин Маржани, Ғабдолла Тоқайдың дүние
салу мен олар қалдырған мұраның тарихи мәні жайындағы
пікірлер. Ғалымжан Ибаргимовтың «Аң» («Білім), журналында
қазақ әдебиеті туралы пікір айтуы. «Айқап» журналы мен
«Қазақ» газетінде жарияланған сын материалдар, оларды
жүйелеу. «Айқаптың», «Фельетон», өлең-жырлар, кітаптар
хақында һәм ғылым бабынан кеңес» беруге айрықша
ыждаһаттанудың мәні. Журнал бетінде жарияланған
педагогикалық сипаты бар сын материалдардың
практикалық қажеттілікке бағытталуы, олардың саяси-
әлеуметтік мәні. Қазақ әліппелері және қазақ емлесін жүйеге
салу жайындағы «Айқаптың» позициясы. «Қазақ» газетінің
қазақ тілінің тазалығын сақтау, ана тілін көркейте беру
жайын ойластырған кітаптар мен мақалалардың мәні,
грамматика мен орфографиялық жүйе жасау жайындағы ой-
пікірлер. Тіл мәселесінің сыншылық ой-пікірмен
сабақтастығы. «Қазақ», «Айқап» - әдебиеттегі
жаңалықтардың жаршысы және эстетикалық сындардың
ұйтқысы. Әдеби ойлардың нақтылыққа ойысуы. Нұржан
Наушабаевтың өлең жинағына жасалған ескертпе және ол
төңірегінде болған айтыс-тартыс. Өлең жырлардың
шындықтан туып, көркем бейнеге айналуы керектігінің
қылаң беруі. өнерге қатаң талап қою ниетінің аңғарылуы.
«Айқап» журналының бетінде отызға тарта өлең
жинақтарына сын жариялануы және әр жинақ бойынша
белгілі бір сыни ой-пікірдің айтылуы. «Қазақ» газетінде
проблемалық материалдың, әсіресе қазақ әдебиетінің тарихы
жөнінде Р.Марсеков, М.Дулатов мақалалары, әдеби жанрлар,
әсіресе роман мәселесі жөніндегі ойлар, әдебиет кештерінің
мәні, «Манап» драмасы туралы сындар, «Надандық құрбаны»
сүбелі ойға бастау салуы, дастандар туралы пікірлер әдеби


сынның марқайғандығының белгісі. Рецензия мен жарнама
сын формаларының көрінуі және оның эстетикалық қауқары.
Шолу және проблемалық мақаларда әдебиеттің өзекті
мәселелерінің көтерілуі. М.Дулатов, Ә.Бөкейханов,
А.Байтұрсынов, С.Торайғыров, Г.Мамеков, М.Малдыбаев,
Уалиолла Халели т.б. мақалалары. Әдебиеттің қоғамдық мәні,
ақын-жазушыларды құрметтеу қажеттігі, өлең кітаптарының
мән-жайын шолу, жалпы әдеби даму процесін бағдарлау,
демократтық ой-пікірлерді қоштау, Абайдың қазақ
әдебиетіндегі орнын айқындау, бүгінгі өмір шындығына
шығарма арқауына айналдыру, реализмге ойысу, көркем
образ жасау қажеттігі шығарманың мазмұнына түрі сай,
халыққа түсінікті болуы, кітап шығару мәдениетін көтеру,
өнерді қадірлеу идеяларының сын материалдарына өзек
болуы. С.Торайғыров –жалынды сыншы, жауынгер публицист.
Сұлтанмахмұттың «Айқап» журналында жарияланған сын
мақаларының мәні және олардың қазақ әдебиет сынының туу
процесіндегі орны. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде
жарияланған материалдардан –жарнама сын, аннотация,
оқушы хаты, рецензия, айтыс және оның шолу мақалалары,
ғұмырнама, публицистикалық сын түрлерінің көрініп,
қалыптасуға ден қоюы – «Айқап» пен «Қазақтың» әдебиет
сынын тудырудағы тарихи рөлінің көрсеткіші, «Қазақстан»,
«Алаш», «Сарыарқа» газеттерінің, «Садақ» журналының
әдебиет сынына қосқан үлестері.
Сын жанрының жазба әдебиетке тән жанр екендігі. Қазақ
әдебиетіндегі ағымдар және олардың сынға әсері. Жазба
әдебиет өкілдері: Абай, Сұлтанмахмұт, Омар, Сәбит, Мағжан,
Сәкен, Шәңгерей, Мұхаметжан шығармаларының сын
жанрын тудыруға жасаған ықпалдары. Қазақ революциясы
қарсаңында өлең жинақтарының көптеп жариялануы, оған
алғы сөздері түріндегі дәйектеме сындардың жазылуы.
Дәйектеме-сынның эстетикалық талдаудан гөрі түсіндіруге,
мәселенің жәй-күйін баяндап беруге бейімділігі, дәйектеме-
сынның әр қилы формада көрінуі. Дәйектеменің авторлық
сынға жақындығы, оқушы назарын белгілі бағытқа бейімдеуі.
Әдеби сын элементі қалың дәйектемелерінің белгілі бір
мақсатқа бағытталуы және ой-пікірдің қоюлығы.
Ғұмырнаманың тууы. Абайдың 1909 жылғы өлеңдер жинағы,
оған Кәкітай Ысқақовтың «Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының
өмірі» деген мақаласының қоса жариялануы және оның
тарихи мәні. Абай жинағын құрастыру принципі, оның
сыншылық ой-пікірге қатысы. Абайтану ілімінің басталуы.
«Айқап» жураныл мен «Қазақ» газетінде Абай туралы


жарияланған мақалалрдың мән-мақсаты және эстетикалық
құны. Ұлы ақын творчествосының қазақтың әдеби ой-пікірінің
оянуына, сын жанрының тууына жасаған әсері мен ықпалы.
Қазан революциясына дейін қазақ әдебиеті сынының туып,
ішкі жанрлық белгілермен көріне бастауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет