Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата24.09.2023
өлшемі234,82 Kb.
#182273
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
esengaliev

 
 
3.
 
Берілген жоспардың сұрақтарын айқындауға ұсынылатын сызба 
І Кіріспе 
 
Курстық жұмыстың бұл тарауында еліміздің аумағын басқа 
мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы аурулары қоздырушыларының 


әкелінуі мен таралуынан қорғау жөніндегі шекарадағы және көліктегі 
мемлекеттік ветеринарлық қадағалау қызметкерлерінің алдына қойылған 
жалпы мақсаттары баяндалады. Жануарлар мен адамға ортақ ауруларға жол 
бермеуде, жануарлар мен мал шаруашылығы жүктерін тасымалдау және 
ветеринарлық санитарлық шаралардың жүргізілуі, сондай-ақ көлік 
құралдарын ветеринарлық санитарлық өңдеу кезінде бақылау жүргізудің 
қажеттілігін көрсету керек. 
ІІ Негізгі бөлім 
 
1. Мемлекеттік шекара мен көлікте ветеринарлық-санитарлық бақылауды 
ұйымдастыру. 
Бұл тарауда Мемлекеттік шекарасындағы ветеринарлық - санитарлық 
қызметінің құрамы мен құқығы және оның алдына қойылған міндеттері мен 
мақсаттары көрсетіледі. Сонымен қатар еліміздің шекарасы мен шекаралас 
аудандарында жүргізілетін сақтық - қорғау іс - әрекеттері мен арнайы 
ветеринарлық - санитарлық шаралары баяндалады.
2. 
Мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық тұрғыдан қадағаланылып-
бақыланылатын «жүктерді» экспорттау мен импорттау кезеңдерінде 
қойылатын ветеринарлық-санитарлық талаптар және жүргіізілетін қадағалау 
мен бақылаулар
.
Бұл тарауда жануарларды, өнімдер мен шикізаттарды экспорттау мен 
импорттауға сұрыптап – таңдау мен дайындау технологиясы және 
тасымалдау ереже – тәртіптері баяндалады. Сонымен қатар бұнда 
Мемлекеттік ветеринарлық - санитарлық тұрғыдан қадағаланылып - 
бақыланылатын «жүктерді» импорттау мен экспорттау кезінде қажетті 
құжаттарды рәсімдеу ережесі мен тәртібі көрсетіледі.
3. Көлік құралдарына қойылатын ветеринарлық талаптар және онда 
жүргізілетін қадағалау мен бақылаулар. 
Бұл тарауда көліктегі ветеринарлық қадағалау мамандарымен 
тасымалдауға ұсынылған жануарларды және өзге де мал шаруашылығы 
жүктерін қабылдау, тиеу, орналастыру, жолшыбай тасымалдау барысында 
және тағайындалған жеріне жеткізілгеннен кейінгі түсіру кезіндегі 
ветеринарлық бақылауды жүзеге асырудың тәртібі баяндалады. 
Қандай жағдайларда жануарлар мен мал шаруашылығы жүктері 
тасымалдану үшін тиеуге жіберілмейтіндігін көрсету қажет. 
4. Жануарларды тасымалдау кезіндегі көліктегі ветеринарлық санитарлық 
шараларды ұйымдастыру.
Тасымалдау кезінде малға бірқатар қолайсыз жайлар әсер етіп, оны 
стресс күйіне түсіреді, сондай - ақ әртүрлі аурулардың шығуына септігін 
тигізеді. Жануарларды тасымалдау кезінде көбінесе жиі кездесетін 
ауруларды көрсету керек. 
Тасымалдау кезінде малдардың стресінің алдын алу және оның әсерін 
төмендету бағытында қолданылатын шаралар кешенін атаңыз. Стрестік 


құбылыстарға жол бермеуде транквилизаторлық заттарды қолдану 
қажеттілігіне негіздеме беру керек. 
5. Қадағаланып - бақыланылатын “жүктерді”
тасымалдауға пайдаланылған 
көлік құралдарын ветеринарлық - санитарлық өңдеуден өткізуді 
ұйымдастыру, өткізу технологиялары мен тәртіп-жолы.
Бұл тарауда дезинфекцияны тиімді өткізу үшін химиялық заттардың 
әсерін арттыру мен көлік құралдарының беткі жағын механикалық тазарту 
мен жууды жүргізудің реттілігі көрсетіледі және дезинфекциялау әдісі мен 
тәсілдері баяндалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет