Қазақстандағы Telegram мессенджер және COVID-19
2019 жылы Қазақстанда 4,66 млн адам Telegram қосымшасын жүктеп алған.
Ал белсенді аудитория 2,33 млн деп айтылады (Telegra.ph, 2019). 2020
жылы CORONAVIRUS2020.KZ Telegram арнасына тіркелгендер санының
артуы оны қазақстандық Telegram арналарының ішіндегі ең танымал
жаңалықтар арнасы деңгейіне көтерді. Оның жалпы қамту аудиториясы
500 млн-ға жуықтап, жазылушылар саны 400 мыңнан асып кетті (Kaz.
tgstat.com, 2020). Алайда Telegram өлшемімен қарағанда, соншалық көп
сан емес. Мысалы, Өзбекстанның танымал арнасының жалпы қамту
аудиториясы 6,6 млрд (Uz.tgstat.com, 2020). Ал ең танымал Белорус
арнасының қамту аудиториясы 2 млн жазылушы (By.tgstat.com, 2020).
Қазақстандық ешбір арна 2020 жылдың 100 топ арнасының қатарына ене
алмайды. Топқа кірген арналардың жазылушылары 500 мың мен 6 млн
аралығында.
Telegram-да электронды үкіметтің қазақ және орыс тілдеріндегі ресми
арнасы ашылды. Сондай-ақ қатаң карантин шаралары кезінде мемлекет
ұсынған жәрдеммен қамсыздандыру мақсатында боттар жасақталды.
Осы кезеңде елде платформаның танымалдығының артқаны байқалды.
Мұны арна арқылы әлеуметтік көмек алу мүмкіндігін жеңілдетуге
бағытталған шаралармен немесе пандемия туралы шынайы ақпарат
білуге ұмтылыстың артуымен байланысты десек қателеспейміз.
Telegram-да негізінен әртүрлі ақпараттық жарияланымды, оның ішінде
жаңалықтарды жариялайтын көпшілікке арналған арналар ашылған. Осы
247
ақпараттық арналар Қазақстандағы ең танымал мессенджерлер болып
саналады. Топ 100 қатарына 1000-нан 400 мыңға дейін жазылушылары
бар ақпараттық араналар кіреді. Талдау үшін оның ішіндегі алты арна – 50
мың жазылушысы бар және 2020 жылдың 31 тамызындағы есеп бойынша
жиынтық қамту аудиториясы 50 млн-нан асқан арналар таңдап алынды.
1-кесте. Қазақстандағы танымал ақпараттық Telegram арналары
Кестені статистикалық мәліметтерге (Kaz.tgstat.com, 2020a) сүйене отырып
автор құрастырған.
Таңдап алынған алты арнаның негізінен коронавирус пен пандемия
туралы жаңалықтарды жариялап тұратын екеуі 2020 жылы ашылған.
Төрт арна жұмысын екі жылдан бері жалғастырып келеді. Олардың қамту
аудиториясы пандемия кезінде күрт өскен. Үшеуі – жеке сайты бар ірі
БАҚ-тардың Telegram арнасы. Таңдалып алынған жаңалықтар арнасының
барлығы коронавирус туралы ақпараттарды әрқандай деңгейде жариялап
тұрған.
1-график. Telegram арналардағы посттарда «COVID» сөзінің қолданылу
статистикасы. Графикті статистикалық мәліметтерге (Kaz.tgstat.com, 2020a)
сүйене отырып, автор құрастырған.
248
Бұдан әрі зерттеу мерзімі кезінде жарияланған посттардың жалпы санын
және мәтін ішінде «COVID» сөзі қолданылған пост санын көрсететін
график ұсынылды.
Пандемия кезінде жарияланған барлық посттың ішіндегі мазмұнында
«COVID» сөзі қолданылған посттар саны 4% бен 44% пайыз аралығында:
НЕхабар» – 4,3%; NUR.KZ – 6,3%; Tengrinews.kz – 6,7%; Zakon.kz – 20%;
CORONAVIRUS2020.KZ – 36%; «Коронавирус Қазақстан» – 44%. Осы
кезеңде аталған арналардың әрбірінде «фейк» сөзі, кем дегенде, бір
рет қолданылған. Пандемия кезіндегі әрбір айда конспирологиялық
теориялар немесе фейк (жалған) жаңалықтар таралып және әшкереленіп
отырған. Астыртын әрекет теориялары, әсіресе пандемия деп жарияланған
алғашқы айда көп пайда болған. Осылайша, ерекше қарқынмен тараған
және таңдалған арналарда жоққа шығарылған немесе кейде таратылған
жалған жаңалықтар анықталып көрсетілді. Бұдан әрі аталған ақпарат
топтастырылып, әр ай бойынша жіктеліп берілді.
Наурыз айында CORONAVIRUS2020.KZ, Zakon.kz, «НЕхабар», NUR.
KZ, «Коронавирус Қазақстан» (Telegram.org, 2020) арналары азық-түлік
өнімдерін жеткізу үшін 109 нөміріне қоңырау шалу қажет; карантин
кезінде қала ішінде жүрген жүргізушілерге айыппұл салынады; Қытайда
хантавирустан қайтыс болғандар бар; болашақ бағдарламасымен
оқып жатқандар Ұлыбританиядан кеткісі келетіні жөнінде хат жазды,
бірақ олардың тілегін қабылдамады; пандемия туралы Симпсондар
мультсериалында бұрын айтылған; Алматыдағы вирус ошақтарының
мекенжайы; Нұр-Сұлтанда сот қызметкерлері коронавирус жұқтырған;
Нұр-Сұлтанда залалсыздандыру үшін тікұшақтардан дәрі шашады;
мектептерге рейд жасалады, балалар мектепке келіп, қосымша үйірмелерге
қатысып жүрген болса, мектепке қатаң шара қолданады; вирус климаты
ыстық аймақтарда ғана жұғымтал; ыстық ванна – коронавирусқа қарсы
бірден-бір ем-дом; сарымсақ корновирустан қорғайды (Сеит, Аслан &
Банников, Павел, 2020) деген жалған ақпараттарды әшкерелеген.
«Коронавирус Қазақстан» арнасы вирусты емдеуге көмектесетін
фавилавир дәрісі туралы ақпарат таратқан. Бірақ бұл толыққанды нақты
ақпарат емес, себебі негізгі дереккөздің орнына басқа ақпарат дереккөзінің
сілтемесі берілген және оқырмандар мазмұнды басқаша түсініп қалған
болуы мүмкін (Сабитов, Олег, 2020). Осы арнада оқшаулау шарасының
пайдалы жағы ретінде Венецияға аққулар мен дельфиндердің оралғаны
туралы ақпарат жарияланған. Бұл да жалған ақпарат, ал көрсетілген
видео Венецияда түсірілмеген (Voxukraine.org, 2020). Наурыз айында –
пандемияның алғашқы айында жалған ақпараттар легі толастамаған.
Оларды жаһандық және жергілікті деңгейдегі жалған ақпараттар деп
екіге жіктеуге болады. Ақпараттардың барлығының мазмұны вируспен не
карантинмен байланысты.
Сәуір айында CORONAVIRUS2020.KZ, Zakon.kz, «НЕхабар»,
«Коронавирус Қазақстан» (Telegram.org, 2020) арналары азаматтарға
көмек ретінде ұсынылып жатқан 42 500 теңге төлемі Зейнетақы қорынан
алынып жатыр; Атыраудағы аурухананы карантинге жапты; әйел адам
ауру таратып, 200 адамға коронавирус жұқтырып үлгерген; Алматыда
27 дәрігер коронавирус жұқтырған; Баянауыл ауданы мен Ленинский
кенті карантинге жабылды; дәрігерлер кейін мәжбүрлі түрде вакцина
салу үшін екпе арқылы әдейі вирус жұқтырып жатқанын, наночип пен
мутаген енгізілген вакцинаны салдырған адам жарты жылдан соң қайтыс
болатынын, мұның барлығы жер шарындағы адам санын 1 млрд адамға
249
дейін қысқарту бағдарламасының бір жобасы екенін айтуда; Telegram-
да адамдарды тартқаны үшін ақша төлейтін Каспи банк тобы ашылды;
«Біргеміз» қоры қызметкерлері айлығының 1%-ы жарна ретінде ұсталады;
Магнумда жұмыс істейтін жұмысшы коронавирус жұқтырған деген жалған
ақпараттарды жоққа шығарды.
Сәуір айында мемлекеттің 42 500 теңге көлемінде көмек бере
бастағаны белгілі. Бірнеше теория осы төлемге байланысты туған. Сондай-
ақ вакцина және вирустың қолдан жасалғаны туралы ақпараттар кең
таралып, қызу талқыға түсіп жатты. Бұл айдағы теорияларды да жаһандық
және жергілікті деңгейдегі деп екіге жіктеуге болады.
Мамырда CORONAVIRUS2020.KZ, Zakon.kz, Tengrinews.kz, «НЕхабар»,
«Коронавирус Қазақстан» (Telegram.org, 2020) арналары бас санитар
дәрігер «Ласковый май» тобының концерт өткізуіне рұқсат берді;
адамдарға чип салып, карантин мерзімін бұрынғы белгілеген мерзімнен
ары созады; Н.Назарбаев атқарып отырған барлық қызметінен босап,
отставкаға кетті; карантин шараларын жеңілдету туралы жоспар-құжат
бар; су астында қалған Мақтарал ауданы біраз зардап шекті деген жалған
ақпараттарды жоққа шығарды. Мамыр айында пандемия және басқа да
тақырыптар туралы жалған хабарларды әшкерелеу біраз бәсеңсіп қалған.
Маусым айында CORONAVIRUS2020.KZ, Zakon.kz, «НЕхабар», NUR.
KZ, (Telegram.org, 2020) арналары 2020 жылдың 30 маусымынан бастап
карантин шаралары қатаңдатылады; Сауда, ойын-сауық орталықтары
толық жабылады; Алматыда коронавирусты анықтау мақсатымен
тест тапсырған уақытта реагенттерден вирус жұқтырып алуыңыз
мүмкін; Алматыдан Қаскелең, Ұзынағаш, Шамалған бағытына шығар
жолдарға блокпостар қойылады; Алматыда 15 маусымнан бастап
кинотеатрлар жұмыс істей бастайды, ал Нұр-Сұлтанда рұқсат берілген
жоқ; дәріханаларда бір адамға бір-екі қорап қана дәрі сатылады; жаңа
министр А.Цой дәрігерлерді жұмыстан шығаруға шешім қабылдады; Нұр-
Сұлтан қаласының атауын қайтадан Астана атауына ауыстырады деген
жалған хабарларды әшкереледі. Маусым айында жарияланған Нұр-Сұлтан
қаласының атауын ауыстыру жөніндегі жалған жаңалықтан басқасы
пандемия, дәрі тапшылығы, блокпост және карантиннің аяқталу мерзімі
туралы.
Шілдеде CORONAVIRUS2020.KZ, Zakon.kz, Tengrinews.kz, NUR.KZ,
(Telegram.org, 2020) арналары 42 500 теңге көлеміндегі төлемді алуға
өтінім қабылдайтын сайт іске қосылды; Қытайдың гуманитарлық көмек
ретінде жіберген бетперделерінен короноавирус жұқтырып алу мүмкіндігі
зор; қазақстандық вакцина Н.Назарбаев қанының материалы қосылып
әзірленуде; бетперде тақпағандарға салынатын айыппұл нормалары
жазылған құжат бар; Қазақстанда зейнетақы жасын төмендетеді; премьер-
министр А.Мәминнен коронавирус анықталды; Жайрем ауылында
бұлттың әдеттен тыс, басқаша көрінуіне және ұшақтардан зиянды
заттар шашуына Билл Гейтстің қатысы бар; кейбір аймақтарға балаларға
өте зиянды улы затты күн батқан кезде, түн сайын шашу қалыпты
жағдайға айналған деген жалған ақпараттарды жоққа шығарып, бумен
демалу терапиясы, сарымсақ суын ішу, арақпен зарарсыздану, өкпенің
жұмысын жақсарту үшін шар үрлеу, хижама, дәрігердің тағайындауынсыз
антибиотик пайдалану секілді ақпараттарды әшкереледі. Сондай-ақ
интернеттен білген және жалған сарапшылардың айтқан нәрсесінің
бәріне сене бермеу керек екенін нақтылап, айтылған дүниелердің рас-
өтірігін ашып берді.
250
Маусымдағы дәрі-дәрмек тапшылығынан кейін вирустан емделудің
жалған амалдары көп таралып, олардың өзін бірнеше топқа бөліп
қарастыруға тура келді. Бірнеше теория бетперде, қауіпті зат, екпемен
байланысты болған. Зейнет жасын төмендету секілді пандемияға
қатысы жоқ әлеуметтік жалған хабарлар да кездеседі. Негізінен бұл
айда жарияланған жалған хабарлар жергілікті сипатта болды. Zakon.
kz және «Коронавирус Қазақстан» арналары теңіз балдыры және одан
бөлінетін вирусқа қарсы тұрар затттар туралы ақпарат таратты. Бірақ
бұл ақпарат дұрыс берілмеген. Балдырлар мен одан бөлінетін, постта
айтылған зат – гепарин өздігінен инфекцияны жоюға көмектесе алмайды.
Бұл – адамдарды шатастыратын ақпарат (Бочарова, 2020). «НЕхабар» УК
сәуле шығаратын бактерицид шамдарын жарнамалады. Алайда ДДСҰ
оны мұндай мақсатпен қолдануға кеңес бермейді. ДДСҰ УК сәуле көз
шырышын зақымдап, тері тітіркенісін тудырады дейді (WHO.int, 2020).
Тамыз айында CORONAVIRUS2020.KZ, Zakon.kz, (Telegram.org, 2020)
арналары мектептерге жыныстық білім оқулықтары енгізіледі; елде 5G
интернет желісін тартады, бұл желі балаларға өте зиян, телефон, теледидар
және Wi-Fi қолдануға болмайды; қалалардағы су уланған; вирусолог
дәрігерлер арнайы қонақүйге орналастырылған; емдеудің арнайы
хаттамасын әзірлеуге дайындалуда және балаларды жаппай ауруханаға
жатқызады деген жалған ақпараттарды әшкереледі. «НЕхабар» тағы да
УК сәуле шығаратын бактерицид шамдарын жарнамалады. Бұл айдағы
бірнеше жалған ақпараттың пандемияға қатысы жоқ және алты арнаның
екеуі ғана мұны әшкерелеп, жоққа шығарды. Фейк хабарлар пандемия
өршіген алдыңғы айларға қарағанда, анағұрлым бәсеңсіп, аз тараған.
Қазақстандағы жаһандық ауқымдағы теорияларға келер болсақ,
чип, Билл Гейтс, вирус шашу, таңдаулы миллиард адам және 5G секілді,
бүкіл әлемге таралған теориялар мұнда да көп талқыланған. Telegram
арналары, әсіресе аудиториясы ауқымды арналардың фейк ақпараттарды
жариялағаннан гөрі теріске шығару материалдарын көбірек жариялағаны
байқалады. Электронды үкіметтің ресми арналары жалған ақпараттарды
әшкерелеуге бағдарланбаған. 137 мың жазылушысы бар, қамту жиыны 30
млн-ға жететін QazaqstanDa арнасы мен 76 мың адам жазылған, қамту
жиыны 19 млн-нан асатын «Мой Казахстан» арнасы өзіміз таңдап алған 6
арна әшкерелеген кейбір жалған жаңалықтарды жоққа шығарған. 47 мың
адам жазылған, қамту аудиториясы 7 млн болатын Qumash арнасы елдегі
ауырғандар санының ресми статискасының жалған екенін, шын мәнінде,
вирус жұқтырғандар санының анағұрлым көп екенін жазған.
Аудиториясы аз арналардың фейк жаңалықтарды көбірек тарататыны
байқалды. Мысалы, 10 мыңнан аса адам жазылған, қамту жиыны 10 млн-
нан асатын «Дикая Азия» арнасы БЦП диагнозы қойылған балаларға
екпенің кері әсері бар екенін жеке адам басындағы жағдай бойынша
баяндап, материал жариялаған. Бұл ақпараттың пандемияға тікелей
қатысы жоқ. Ал автор келесі постарында фейк жаңалықтарға сенбей,
ДДСҰ кеңестеріне құлақ асу керегін айтқан (Telegram, 2020).
Достарыңызбен бөлісу: |