COVID-19 КЕЗІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДА ТҰРМЫСТЫҚ
ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ КӨБЕЮІ
ЖӘНЕ ОЛ ТУРАЛЫ ХАБАР ТАРАТУДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК
МЕДИАНЫҢ РӨЛІ
Аида Даржанова
Кіріспе
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) (2020) отбасындағы зорлық-зомбылық
немесе интим серіктестің зорлық-зомбылығы деп те аталатын тұрмыстық
зорлық-зомбылыққа «интим серіктесті бағындыру мақсатындағы кез
келген үстем мінез-құлық формасы» деген анықтама берген. Зорлық-
зомбылықтың формасы әртүрлі: физикалық, сексуалдық, эмоциялық,
экономикалық және/немесе психологиялық болуы мүмкін, сондай-ақ бұл
бір адамның басқаға зардап келтіру қаупі бар әрекеттерінің жиынтығы
болып саналады. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа мыналар жатады:
...басқаны қорқытуға, күш көрсетуге, манипуляциялауға,
ренжітуге, кемсітуге, айыптауға, жаралауға немесе жарақаттауға
бағытталған мінез-құлық. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа
нәсіліне, жасына, сексуалдық бағытына, діні мен жынысына
қарамастан кез келген адам ұшырауы мүмкін. Кез келген қатынас
түрінде, оның ішінде некедегі, бірге тұратын немесе кездесіп
жүрген жұптар арасында да кездесуі мүмкін. Тұрмыстық зорлық-
зомбылыққа әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен білім
деңгейіне қарамастан ұшырауы мүмкін (UN, 2020).
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа халықтың кез келген бөлігінің өкілі
ұшырауы мүмкін. Дегенмен, статистикаға сүйенсек, жәбірленушілердің
көбі әйелдер екен (McFeely et al., 2013; Robinson, 2006; Smith, 2012). Томпсон
мен оның әріптестерінің (2006) келтірген дерегіне сенсек, әйелдердің 25–
54% өмірінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қандай да бір түрін бастан
өткерген, сондай-ақ әлемдегі әрбір үш әйелдің біреуі интим серіктесінің
физикалық немесе сексуалдық зорлық-зомбылығына ұшыраған (UN
Women, 2020). Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының ресми
статистикасына сәйкес, Қазақстанда 2019 жылы тұрмыстық зорлық-
зомбылықтың кесірінен 400 әйел қайтыс болған (Satubaldina, 2020).
Зерттеу жұмыстарының нәтижелері тұрмыстық зорлық-зомбылық
құрбандарының зорлық-зомбылық жайында хабарламауына және
көмек іздемеуіне қаржылай тәуелді болуы (Feder et al., 2006), әлеуметтік-
демографиялық факторлар (Barrett & Pierre, 2011), психологиялық
факторлар (Petersen et al., 2005), зардап шеккен әйелдің көнуге бейім
болуы (Alexander et al., 2009), мәдени факторлар (Nagae & Dancy, 2010),
сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық пен интим серіктестің зорлық-
256
зомбылығы ұғымын түсінбеуі (Chang et al., 2006) сияқты факторлар әсер
еткенін көрсетіп отыр.
COVID-19 карантині жарияланғаннан бері әлемде әйелдерге қатысты
тұрмыстық зорлық-зомбылық саны өскен (UN Women, 2020). Қазақстан
Республикасы ішкі істер министрлігінің 2020 жылғы тамыздың басындағы
статистикасына зер салсақ, 2020 жылдың наурызында бүкіл ел көлемінде
карантин жарияланғанан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық жөніндегі
шағым саны 25 пайызға артқан (Central Communications, 2020).
Жаһандық індет пен мемлекеттік карантин кезінде жәбірленушілер
коммуникация арнасын таппаған. Дегенмен әлеуметтік медиа маңызды
рөл атқарып, жәбірленушілердің тұрмыстық зорлық-зомбылықтан
бірегей коммуникация құралына айналған. Соңғы он жылда әлеуметтік
медиа тұншыққан дауыстар мен маргинал топтардың «бостандық құралы»
деген атқа ие болды; әлеуметтік медиа шиеленіскен мәселелерді ашып
көрсетіп, сыни пікірлер платформасына айналды, сондай-ақ мағлұматпен
қамтамасыз ете отырып, заңның орындалуын талап ету мен заңнамаға
өзгеріс енгізуді талап ететін онлайн қоғамдастықты біріктіре алды.
#MeToo қозғалысы – әлемнің түкпір-түкпіріндегі әйелдерге сексуалдық
харассмент пен зорлық туралы, соның ішінде отбасындағы зорлық-
зомбылық жайлы жариялап, агрессорға құқықтық шара қолануды сұрауға
дем берген ең есте қаларлық әлеуметтік медиа феномендерінің бірі болды
(Garcia, 2017). Әлеуметтік медиа коммуникация мен жаһандық мәселелер
жайында хабар берудің құралы болып қана қоймай, қоғамдастық сезімін
қалыптастырып, жәбірленушілерге басынан өткен жайттарды айтуына,
қолдау іздеуіне мүмкіндік беретін орынға айналды.
Бұл зерттеу жұмысымыздың басты сұрақтары мыналар: «COVID-19
кезінде Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа себеп болған басты
факторлар қайсы? » және «Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық
жағдайлары туралы мәлімет таратудағы әлеуметтік медианың рөлі
қандай? »
Зерттеудің мақсаты – болашақта Қазақстанда пандемия мен жаппай
төтенше жағдай кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбірленушілер
қиын жағдайда қалған кездегі үкімет органдарының іс-әрекеті мен
саясатын жоспарлауға септігін тигізу үшін, тұрмыстық зорлық-зомбылық
жағдайларының артуына түрткі болатын факторларды зерделеу. Сондай-
257
ақ әлеуметтік медианың бұқаралық коммуникация құралы ретіндегі
рөлі мен бұқаралық медианың маңызды құралы ретінде Қазақстандағы
тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері туралы хабарды таратудағы,
жәбірленушілерді қорғаудағы және коммуникациядағы тиімділігіне баға
беру.
Зерттеу барысында сандық және сапалық әдістер қолданылды;
қазіргі кезде медиа саласында жұмыс істеп жүрген, тұрмыстық зорлық-
зомбылық жөніндегі қазақстандық бес эксперттен жан-жақты сапалық
интервью алдық; ғылыми мақала, ресми статистика, есеп сияқты қосалқы
ақпарат ресурстарын қолдандық.
Достарыңызбен бөлісу: |