Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет110/165
Дата25.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#182455
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Медиа ықпалы теориясы
Денсаулыққа қатысты және құқықтық салдары бар мәселелерді медиада 
жариялау мемлекеттің саясатына әсер етеді, ал ол адамдардың жүріс-
тұрысына ықпал етеді (e.g., Sotirovic, 2003; Yanovitzky & Bennett, 1999). 


259
Медиа қоғамда пікір қалыптастыра отырып, сондай-ақ шындықты жеткізе 
отырып, көбіне ақпаратты дұрыс жеткізбейді (Bandura, 1986). Интим 
серіктестің зорлық-зомбылығы жайлы ақпарат агрессордың кінәсіне де, 
іс-әрекетінің көлемі мен жауаптылығына да әсер етіп жатады – мұның 
бәрі қаржы бөлу, отбасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, агрессорды 
жазалау мен жәбірленушіні қорғау істеріне ықпалын тигізеді. Медиа 
интим серіктестің зорлық-зомбылығын қалай суреттейтінін және оның 
келешектегі дәл осындай зорлық-зомбылыққа қаншалықты әсер ететінін 
түсіне білу керек.
Кейде медианың ықпалы қоғамдағы шындық пен қауіпті түсінуге 
көмектеседі. Әлеуметтік агенттердің (мысалы, отбасының, достарының, 
қылмыстық қудалау органдарының) көмегімен медиация жасауда да 
медианың ықпалы бар, себебі олар да шешім қабылдар кезде медианың 
ықпалына ұшырайды (Yanovitzky & Bennett, 1999). Яновицкий мен 
Беннет ресми-бейресми санкциялардың әлеуметтік контексі мінез-құлық 
жөніндегі шешімге айтарлықтай ықпал етеді деген қорытындыға келген. 
Мысалы, қомғаның масаң күйде көлік жүргізгендерге бейтарап қарауы 
мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің осындай жүріс-тұрыспен 
күрес шараларына теріс әсер етеді. Яновицкий мен Беннет осыны ескере 
келе, медиа «қоғамдық институттарға ықпал ете отырып, адамдардың 
жүріс-тұрысына ықпал ете алса, әлдеқайда тиімдірек болар еді» деген 
қорытындыға келіп, мемлекеттің денсаулық сақтау саласындағы іс-
шаралары жекелеген индивидтерге емес, қоғамдық институттарға 
қатысты болуы керек деп тұжырымдаған (p. 446). 
Хайдер-Маркел мен Жослиннің (2001) пікірінше, оқиға туралы ой 
медианың суреттеуіне сай қалыптасып, халықтың пайымына әсер етеді 
және себеп-салдардың белгілі бір ұстанымдық немесе мінез-құлықтық 
байланысын атап көрсетеді. Сондықтан медианың интим серіктестің 
зорлық-зомбылығын жариялауының маңызы зор, себебі мұндай жаңалық 
қауіп-қатерді түсінуге көмектеседі және сол қауіптің алдын алу мен 
профилактикасына қоғамдық ресурс жұмсауға даяр болуға үйретеді. 
Комбс пен Словиктің (1979) айтуынша, қоғамның қандай да бір мәселе 
жөніндегі жаңсақ түсінігіне медианың ақпаратты бұрмалауы себеп болуы 
мүмкін. Медиа әлеуметтік мәселелерді жеткізе отырып, оның себебі мен 
салдарын меңзейді (Sotirovic, 2003), сондықтан медианың қоғамдағы 
құбылысты түсіндіру жолы қоғамның сол мәселені түсінуіне ықпал етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет