Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет112/165
Дата25.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#182455
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Нәтижелері және дискуссия
Сұхбаттарға талдау жүргізгеннен кейін, 2-кестеде көрсетілгендей, негізгі 
нәтижелер мен тақырыптар анықталды. Модельдер мен тақырыптарды 
үш негізгі топқа бөліп, баяндаманың дискуссия бөлімінде талдау жасадық.
Табылған паттерн
Түсіндірме
Агрессорға қатысты 
заңды рәсімдеу 
процедурасы
Сұхбат берушілердің бәрі тұрмыстық зорлық-зомбылық 
жағдайына қатысты қолданыстағы процедуралар 
осал, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбанына қолдау 
көрсетпейді және оны агрессордан қорғамайды 
дегенмен келісті.


262
Табылған паттерн
Түсіндірме
Гендерлік теңсіздік
Қазақстан қоғамындағы әйел құқығы мен әйелдің орны 
Қазақстандағы жалпы саясат пен азаматтық құқық 
ахуалымен шектесетін көптеген мәселе тудырған.
Әлеуметтік мәдени 
нормалар
Дәстүр мен діни сенім үстемдігі салдарынан 
Қазақстандағы әйелдер дәстүрлі гендерлік норматив 
рөлге сай болу үшін қысым көруде (мысалы, қамқор болу 
және/немесе үйде отыру).
Экономикалық және 
қаржылай фактор
Кедейлік пен тұрмыстық зорлық-зомбылық 
құрбандарының әсіресе COVID-19 карантині кезіндегі 
экономикалық қауіпсіздігі, агрессордың алкогольді көп 
тұтынуы тұрмыстық зорлық-зомбылық әрекетінің жиі 
кездесетін триггеріне айналған.
Өз құқықтары (соның 
ішінде сексуалдық және 
репродуктивтік және 
білім алу құқықтары) 
туралы ақпараттың 
жоқтығы
Сұхбат берушілер жалпы халықтың қарапайым 
адам құқықтары мен сексуалдық денсаулық туралы 
білімі (мысалы, сексуалдық және репродуктивтік 
денсаулықты түсінбеу) төмен екенін айтқан. Аталған 
мәселелелер бойынша тиісті және жан-жақты білім 
әсіресе ауылдық жерлерде жоқ. Шалғай өңірлерде 
өмір сүретіндер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа 
қандай әрекет жататынын және осындай әрекетке 
шағымдану үшін қандай процедураны жүзеге асыру 
керегін білмейді. Ұят санау және табу мәселесі себепті 
қыз-келіншектер секс туралы сұрақ қоймайды.
Әлеуметтік медиа –
қазақстандық медиада 
көтерілген тұрмыстық 
зорлық-зомбылық 
мәселелерін еркін 
талқылауға мүмкіндік 
беретін басты құрал
Facebook пен Instagram сияқты әлеуметтік медиа 
арналары – халықтың Қазақстандағы тұрмыстық 
зорлық-зомбылық туралы ақпаратын арттыратын 
басты көздер, олар қаржылық көмек беру/алу, ұрып-соғу 
туралы шағымдану үшін қайда және қалай бару керегі 
туралы ақпарат беріп, проблемаларды талқылайтын 
және оларды шешетін қоғамдық пікірталас 
платформасы ретінде қолданылды.
2-кесте. Ауқымды сұхбат барысында анықталған модельдер 
Мысалы, жоғарыдағы теориялық және концепуталдық шеңбері бөлімінде 
аталған Феминист теориясы, Күш теориясы және Әлеуметтен үйрену 
теориясы осы зерттеу жұмысымыздың нәтижесімен тікелей байланысты 
болып шықты. Мақала төмендегі «Агрессорға заң қолдану процедурасы 
жоқ» және «Гендерлік теңсіздік пен мәдени нормалар» атты екі бөліммен 
тікелей байланысты. Сондай-ақ жоғарыда аталған Медианың ықпалы 
теориясы да осы зерттеу жұмысының «Әлеуметтік медиа – ақпараттың 
негізгі көзі ретінде» атты үшінші бөлімімізге дәл келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет