Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет111/165
Дата25.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#182455
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Әдіснамасы
Зерттеу жұмысының басты әдісі – «қар көшкіні» тәсілімен іріктеп алған 
адамдармен ауқымды интервью жүргізу, яғни Қазақстанда тұрмыстық 
зорлық-зомбылық фактілері туралы әлеуметтік медиада жиі жариялап 
жүрген, медиа саласында ықпалы зор блогер, азаматтық белсенді, 
журналист бес эксперттен жан-жақты интервью алдық. «Қар көшкіні» 
тәсілі – сұхбат беретін адамды, тақырыптың өрбуіне қарай, осы тақырыпқа 
қаншалықты қатысы бар екеніне қарап іріктеу тәсілі (Heckathorn, 1997; 
Browne, 2005). Зерттеу жұмысына қатысушылар тұрмыстық зорлық-
зомбылық жөніндегі біліміне және төмендегі негізгі сұрақтарға жауап 
беру қабілетіне қарай іріктелді: 


260
• COVID-19 пандемиясы кезінде Қазақстанда тұрмыстық зорлық- 
зомбылықтың өсуіне қандай негізгі фактор әсер етті? 
• Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары туралы 
мәлімет таратудағы әлеуметтік медианың рөлі қандай? 
Жоғарыда айтып өткеніміздей, мәлімет жинаудың басты тәсілі – ауқымды 
интервью; интервью жоспары икемді, яғни зерттеу барысын тереңдете 
түсуге, интервью барысында туған сұрақтарды қоюға мүмкіндік берді. 
Осылайша сұхбат берушіден молырақ дерек алуға және көзқарасын 
тереңірек түсінуге мүмкіндік болды (Patton, 1987). 
Сұхбат берушілерді әлеуметтік медиаға (мысалы, Facebook пен 
Instagram) талдау жасай отырып іріктедік. Қатысушының посттарының 
оқылымын репостардың, лайк пен комментарийлердің санымен өлшедік; 
білігінің деңгейі мен медиаиндустриядағы орнын бағалаған кезде, 
Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жөніндегі контентінің, 
пікірінің, сынының, ұсынысының маңызы мен сенімділігін және 
тақырыпты тарату қабілетін ескердік. Мысалы, Дина Смаилова (медиа 
аккаунттарында Dina Tansari лақап атымен танымал) осы зерттеу 
жұмысының авторының досы және #НеМолчиKZ (‘#NeMolchiKZ’ орыс 
тілінен аударғанда «үнсіз қалма» дегенді білдіреді) қоғамдық қорындағы 
белсенді азаматтық жұмысының арқасында түрлі медиаматериал 
тақырыптарына тұрақты түрде шығып жүр. Қатысушылардың бәрі сұхбат 
беруге келісімін берген, сұхбат онлайн-видео қоңырау платформалары 
арқылы 30 минуттан 1 сағатқа дейінгі ұзақтықта жүргізілген. Зерттеу 
жұмысының авторы сұхбатты орыс және қазақ тілдерінде жүргізген. 
Ауқымды сұхбат респонденттері туралы егжей-тегжейлі мәлімет:
1
Дина Смаилова
#NeMolchiKZ қоғамдық қоры 
президенті, фоллоуер/дос 
саны:
Instagram 877+, Facebook 
11045+.
Facebook 
платформасындағы 
псевдонимі: https://www.
facebook.com/dina.tansari
Instagram: https://
www.instagram.com/
dinatansari/?hl=en
2
Ақмаржан 
Көшербаева 
(Қалия)
әнші, әлеуметтік медиа 
инфлюенсері, UNFPA 
ұйымының Сексуалды 
және респродуктивтік 
денсаулық пен құқық 
бойынша қазақстандық 
әйелдер, қыздар мен 
жастардың мәселелері 
туралы спикері,
фоллоуер/дос саны: 
Instagram 110 000+, 
Facebook 5 000+.
Facebook: https://www.
facebook.com/akmarzhan.
kusherbayeva 
Instagram: https://www.
instagram.com/kaliya_
kz/?hl=en 


261

Ержан 
Мырзабаев
психолог, әлеуметтік медиа 
инфлюенсері, фоллоуер/дос 
саны: 
Instagram 25 200+, Facebook 
5 000+.
Facebook: https://www.
facebook.com/profile.
php?id=100011163169366 
Instagram: https://www.
instagram.com/yerzhan.
myrzabayev/?hl=en 
4
Алиса 
Масалева
«Южный Казахстан» 
газетінің журналисі, орыс 
тілінде жазады, дос саны:
Facebook 700+.
Facebook: https://www.
facebook.com/profile.
php?id=100022999973104
5
Гүлмира Әбіқай
KTK телеарнасының қазақ 
тіліндегі хабарының 
жүргізушісі, фоллоуер/дос 
саны: 
Instagram 543 000+, 
Facebook 5 000+.
Facebook: https://www.
facebook.com/profile.
php?id=100003191968019 
Instagram: https://www.
instagram.com/gulmir_
ktk/?hl=ru
1-кесте. Сұхбат алған эксперттер тізімі 
Сұхбат барысында шектеулер болғанын ескердік. Әлеуметтік медиа 
мен медиада тұрмыстық зорлық-зомбылық жөнінде ақпарат таратып 
жүрген адамдардың аз екені, соның ішінде қазақ тілінде хабар таратып 
жүргендердің аз екені осы тақырыптың Қазақстандағы контексін түсіну 
ауқымына кедергі болуы мүмкін. Екіншіден, осы зерттеу жұмысын 
жүргізуге бөлінген уақытының аз болғаны да сұхбатқа қатысушылар 
санының аз болуына себеп болды. 
Ауқымды интервью тәсілі зерттеу барысында қолданылған жалғыз 
тәсіл емес, қатысушылар санының аз болуынан туған кедергіні жойып, 
мән-жайды толықтыру үшін есептер мен қосалқы мәліметтерге талдау 
жасадық. Қолданыстағы заңдарға, саяси шаралар мен бағдарламаларға 
шолу жасау да мемлекеттік органдардың қолданып жүрген заңдары 
мен нормативтік актілерін тереңірек түсінуге септігін тигізді, сондай-
ақ халықаралық ұйымдардың есептері де басқа жерден табылмайтын 
қосымша мәліметтер мен статиска бола алды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет