Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


 Гендерлік теңсіздік және әлеуметтік мәдени нормалар



Pdf көрінісі
бет114/165
Дата25.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#182455
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

2. Гендерлік теңсіздік және әлеуметтік мәдени нормалар
Сұхбат берушілердің бәрі де әйелдер дәстүрлі патриархалдық нормалар 
мен стереотиптердің кесірінен қоғамда қысымға ұшырап отырғанымен 
келісіп отыр. Әйелдерге қатысты зорлық- зомбылықтың көп болуы 
Қазақстанда гендерлік теңдіктің орнауына бөгет болып отыр, соның 
кесірінен COVID-19 пандемиясы кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 
саны күрт өскен. 
Қазақстан 1998 жылы «Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық 
нысандарын жою туралы» конвенцияны (CEDAW) ратификациялады 
(UN Treaties Collection, 1979). CEDAW конвенциясын ратификациялаған 
ел оның талаптарын орындауға, әйелдерге қатысты кемсітушілік 
төңірегіндегі мәселелер бойынша есепті кемінде төрт жыл сайын 
тапсырып тұруға міндеттеледі. 
Қазақстандағы әйелдердің мәртебесі жөніндегі жалпы статистикаға 
сүйенсек, мысалы, Қазақстанның жоғарғы заң шығарушы органы 
парламенттің жоғарғы палатасы сенат депутаттарының 18,8 пайызы 
ғана әйел (Senate of Republic of Kazakhstan, 2020), ал төменгі палатасы 
мәжілістегі орынның 24,3 пайызында ғана әйелдер отыр (Mazhilis of 
Republic of Kazakhstan, 2020). Қазақстанда 2016 жылы әйелдер ерлерге 
қарағанда, орта есеппен, 31,4 пайыз азырақ табыс тапқан (Ministry 
of National Economy of Kazakhstan, 2017). Заң жүзінде әйелдер шешім 
қабылдауда тең құқыққа ие болса да, аборт, сексуалдық құқықбұзушылық, 
тұрмыстағы зорлық-зомбылық, жүктілік пен бала тууға байланысты 
демалыс сияқты, ең алдымен, әйелдерге қатысты заңдарды қабылдайтын 
парламентте әйелдердің саны үнемі аз. Жоғарыдағы статистика көрсетіп 
отырғандай, гендерлік теңдік контексінде Қазақстанның атқаруға тиіс 
істері әлі де көп.
2016 жылғы желтоқсанда отбасындағы зорлық-зомбылықты тоқтату 
мақсатында Қазақстан Республикасының бұрынғы президенті Нұрсұлтан 
Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық 
және генлерлік саясат тұжырымдамасын бекіту туралы» деп аталатын 
№384 Жарлыққа қол қойды. Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-
зомбылықты жою үшін осы жарлыққа көп көңіл бөлді. Мысалы, осындай 
қылмыстан зардап шеккен адамдардың қолдау қызметіне қол жеткізуін 
жеңілдету жәбірленуші үшін әділдік орнату жолындағы ең маңызды 
нәрсе болып отыр. Ерлі-зайыптылардың күш көрсетуі жағдайында 
жәбірленуші мен оның жақын туыстарының/достарының айғақтары мен 
мәлімдемелері сот шешіміне ықпал етудің құралы бола алады, бірақ әйелі 
жұбайына, ал отбасы мүшелері отбасының басқа мүшесіне қарсы айғақ 
бере алмайды. Тағы бір кедергі – зорлық-зомбылықтың тұрақты түрде 
қайталануына, рецидив пен келтірілген зиянның көлеміне қарамастан, 
татуласуға мүмкіндік беру. Сондықтан күш көрсетушіге қарсы айғақ 
жеткілікті болса да, бірнеше рет татуласауына болады. Жәбірленуші де 


267
тергеу барысында кез келген уақытта татуласу туралы шешім қабылдай 
алады.
Қазақстан әйелдерінің қоғамдағы құқығы мен мәртебесі елдегі жалпы 
саяси және азаматтық құқық жағдайынан туатын көптеген қиындықтарға 
тап болып отыр. Е.Мырзабаев дәстүр мен дінге негізделген әлеуметтік 
нормалар әйелге дәстүрлі міндеттер мен рөлді жүктеп отырғанын, ал ер 
адамға мұндай міндет пен рөл жүктелмейтінін айтып отыр. Г.Абықайдың 
айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа көбіне ерте тұрмыс құрған 
әйелдер ұшырайды; жәбірленуші отбасылық зорлық-зомбылықты өз 
үйінде де бастан кешкен болуы мүмкін, сол зорлық-зомбылықтан қашып 
құтылу үшін ерте тұрмыс құрғандар да бар. Дегенмен ерте тұрмыс 
құрғандардың көбін «алып қашқан» екен.
Амқмаржанның айтуынша, төмен білімді әйелдер (мысалы, арнайы 
немесе жоғарғы оқу орындарын бітірмеген әйелдер) көбіне ауылдық жерде 
тұрады, сондықтан олардың тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шегу 
қаупі жоғары. Сондай-ақ ол жалпы Қазақстан халқының, соның ішінде 
әсіресе ауыл тұрғындарының сексуалдық және репродуктивтік денсаулық 
жөніндегі білімі жоқ екенін, бұл тақырып Қазақстан мәдениетінде «ұят» 
саналатынын да айтты. Жас қыздар мен әйелдер секс туралы сұрақ қоюды 
«ұят» санайды.
Гүлмира әйелдер күйеуінің зорлауына жиі ұшырайтынын, себебі 
оны «жұбайдың міндеті» санайтынын атап өтті. Түркістан облысының 
оңтүстігіндегі Қарақалпақстаннан келген иммигранттар көп тұратын бір 
ауылдағы келіншектермен әңгімелескен кезде, күйеуі үнемі зорлайтынын 
естіген. Жәбірленушілер оқымағанын, «ұят» санағандықтан контрацепция 
мен сексуалдық денсаулық жайынан бейхабар екенін де айтқан. Көбі 
зорлық-зомбылықтан қашса, көршілерінен пана іздейді екен.
Алисаның айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбір көрген 
әйелдің баратын жері жоқ, сондықтан балалары мен ата-енесін қарап, 
күш көрсетушімен бірге тұруға мәжбүр болады. 
Гүлмираның айтуынша, зорлық-зомбылыққа төзетіндердің/бей-
жай қарайтындардың полицияға хабарлаудың орнына жәбірленушінің 
өзін айыптап, ұялтатындарының өзі күш көрсету болып саналады. 
Жәбірленушілердің көбі зорлық-зомбылықтан құтылу үшін жергілікті 
қауымнан пана іздейді.
Сұхбат берушілердің барлығы да жас буынға сексуалдық және 
репродуктивтік құқық туралы білім бере отырып, позитив өзгеріс 
тудыруға және гендерлік теңсіздікті жоюға жауапкершілік мемлекеттік 
ресурсқа ие болып отырған үкіметке жүктеледі деп санайды. Бес сұхбат 
берушінің үшеуі үкімет тұрмыстық зорлық-зомбылық жәбірленушілеріне 
көмектесуге тиіс деп санайды. Қазақстан мәдениеті мен қоғамын өзгерту 
бағытында бұқаралық коммуникация бастамаларымен қатар, көптеген 
саясат пен бағдарламаны жолға қою керек, себебі үкімет алдымен 
халықтың осы мәселеге көзқарасын («ұят» мәдениетін) өзгертуі керек.
Сұхбат берушілер тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына 
арналған қолдау шаралары мен қызметтердің бар екенін насихаттаудың 
маңызына назар аударып отыр. 
Сұхбат берушілердің барлығы COVID-19 карантині салдарынан 
Қазақстанның экономикалық ахуалы нашарлап, ақша стрессоры күш 
көрсетуге себеп болған деген оймен келіседі. Экономикалық тұрғыдан 


тұрақсыз отбасылардың көбі пандемия әсерін бірден сезінген. Жұмыссыз 
қалған әйелдер күйеуінің қолына қарап қалып, қаржылық тәуелділігі 
артқан; «үйде отыру» тәртібі салдарынан әйелдің әлеуметтік байланыстары 
үзіліп, жәбірленуші үйде 24/7 режимінде құқықбұзушымен бірге қамалып 
отырды, мұндайда әйелдің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа немесе басқа 
да күш көрсетуге ұшырау ықтималдығы артады. Гүлмира экономикалық 
тұрақсыздықтан туған шиеленіс кесірінен алкоголь ішу артып, соның 
кесірінен тұрмыстық зорлық-зомбылық саны артқанын айтты. Алиса 
карантин кезінде кафелер жабық болып, құқықбұзушы ішімдікті үйде 
ішіп, зайыбына отбасы мүшелерінің көзінше соқтығатынын атап өтті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет