Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


Әлеуметтік медиа ақпараттың негізгі көзі ретінде



Pdf көрінісі
бет115/165
Дата25.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#182455
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

3. Әлеуметтік медиа ақпараттың негізгі көзі ретінде
Қатысушылардың барлығы әлеуметтік медиа халықты тұрмыстық зорлық-
зомбылық жайлы хабар етуде және әлеуметтік әділдікке шақыруда 
маңызды рөл атқаратынымен келісті. Сонымен қатар әлеуметтік медиа 
проблеманы және оны шешуді жария түрде талқылау және құрбандарды 
қолдау қызметіне қол жеткізу платформасына айналған.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық негізінен жәбірленуші оқшау кезде 
болады; әлеуметтік медиа жәбірленушіге сыртқы әлеммен байланысуға 
жол ашады, әлеуметтік медиа болмаса, жәбірленуші оқшау қалуы мүмкін. 
Жәбірленуші әлеуметтік медиа арқылы ақпарат, ресурс және қолдау 
іздейді, цифрлы әлем болмаса, мұндай мүмкіндік болмас еді. 
Ақмаржан болса репродуктивтік және сексуалдық құқық мәселелері 
жөнінде білім беруде және тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары 
туралы хабар таратуда, сондай-ақ таргет аудиториясы мен фоллоуерлерінің 
дербес ойлауына әсер етуде әлеуметтік медианың маңызы зор екенін 
айтты.
Ержан фоллоуерлерімен апта сайын Instagram желісінде тікелей эфир 
өткізуді бастап, COVID-19 пандемиясы барысында аудиториясының 
сұрақтарына жауап беру мүмкіндігіне ие болған. Оның айтуынша, оның 
Инстаграмдағы тікелей эфирі интерактив түрде өтіп, аудитория оған 
оңай қосыла алған. Әлеуметтік медианы осылайша пайдалану жалпы 
халыққа позитив әсер етіп, олардың тұрмыстық зорлық-зомбылық 
мәселесі төңірегіндегі білгенін арттыра түсті, мамандар мен эксперттерге 
аудитория жинайтын платформа болған әлеуметтік медиа танымды 
арттыру науқандарына бұқаралық коммуникация құралы бола алады.
Сұхбат беруші Гүлмира мен Алиса журналистік жұмыстағы әлеуметтік 
медианың рөлін атап көретті. Мысалы, құрбандар Гүлмираға әлеуметтік 
медиа арқылы хабарласа алады, себебі оның профилі – тұрмыстық зорлық-
зомбылық мәселесі туралы мәлімет беріп, көмек іздеген құрбандарды 
қолдаушы қызметпен, ресурстармен белсенді түрде қамтамасыз ететін 
сирек профильдердің бірі. 
Ол тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасы туралы зерттеуші 
телерепортаждар түсіріп, құрбандарды қорғау арқылы да журналистік 
атын шығарған. Гұлмираның айтуынша, қазақстандық аудитория 
негізінен Инстаграм желісінде белсенді, одан кейінгі орында Facebook 
тұр. Пандемия кезінде ол тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары 
туралы жазуға көбірек уақыт бөліп, белсенді коммуникация жасағанда, 
оның Инстаграмдағы «gulmir_ktk» бетіне жаңадан 300 000 фоллоуер 
қосылған (барлығы 545 000 фоллоуер). Алиса өзінің журналистік зерттеу 


269
мақалаларына құрбандарды табуға, ал құрбандарға оның көмегіне оңаша 
жүгініп, басынан өткен жайтты айтуға септескендіктен, әлеуметтік 
медиа интеграциялық құрал екенін атап өтті. Әлеуметтік медианы 
қолдаушы қызмет, мемлекеттік емес және қайырымдылық ұйымдары 
туралы ақпарат таратып, оларды таныстыруға да қолдануға болады. Дина 
әлеуметтік медианы #NeMolchiKZ хештегі арқылы коммуникация жасауға, 
ақпараттық ресурсты беруге және қайыр садақа жинауға пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет