Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет138/165
Дата25.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#182455
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

3. Қорытынды
Әдетте қоғамдағы қандай да бір оқиғаға поэзия жылдам реакция білдіреді. 
Себебі қазақ халқы өлең үлгісіндегі әдеби туындыларға ерекше мән 
береді. Оның себебі де жоқ емес. Жазба әдебиеті кеш қалыптасқандықтан, 
халықтың көркем ойлау жүйесі ырғақ пен ұйқасқа негізделген. Демек, 
ырғақ пен ұйқас адамның жадында тез сақталады. Бұған жыраулар 
поэзиясы мен батырлар жырынан көп мысал келтіруімізге болады. Кешегі 
өткен жыраулар поэзиясының соңғы өкілі, көшпелі өркениеттің жыршысы 
– Жамбыл Жабаев өлеңдерін еске түсіріп-ақ қазақ әдебиетінде поэзияның 
орнын нақты біліп алуға болады. Айталық, соғыс жылдарына арналған 
прозалық шығармалар аз емес, бірақ Жамбылдың «Ленинградтық өренім» 
атты өлең үлгісімен жазылған шығармасы халық арасында тез тараған. 
Бірақ «корона күндерінің» әдебиетін салыстыра отырып, бұл үрдіс 
шетінің сөгіле бастағанын байқадық. Нақтылай түссек, індет тарала 
бастаған кезде әдеби туындылардың арасында өлең үлгісіндегі шығармалар 
бірен-саран ғана болды. Ал бұл кезде қазақ әдебиетінің оқырмандары 
прозаға келіп қосылған жаңа шығармаларды оқып, талқылап жатты. 
Карантиннің бірінші аптасында-ақ Асқар Алтайдың новелласы жарыққа 
шықты, артынша Есболат Айдасбосынның шығармасы басылды. Бірақ 
жұмыс барысында саралап көрсеткеніміздей, прозаиктердің аталған 
тақырыпқа дайындығының аз болғанын, соған сәйкес көп қате жіберіп 
алғанын байқадық. Санамалап көрсетер болсақ:
a) Вирус жыныстық жолмен жұғады
b) Вирусты жәндіктер де таратады
c) Үйде қамалып отырған, ешқайда шықпаған адамға да вирус ауа 
арқылы жұғады.
d) Вирусты шетелден модерн әйелдер ұшақпен алып келген
Екі бірдей прозалық шығармада да Қазақстанға COVID-19 инфекциясын 
шетелден әйел кейіпкер алып келеді. Модерн әйелдер осылайша бір 
елдің, ұлттың жойылып кетуіне себеп болады. Авторлар бұл кейіпкерді 
жеңіл жүрісті, ақшаны ғана ойлайтын, шетелге барып қыдырып қайтатын 
кейіпкер етіп көрсетеді.


310
Ал поэзиялық туындылардың пайда болуы өте қызық құбылыс. Жауыннан 
кейінгі саңырауқұлақ сияқты, отшашу түнінен кейін өлең үлгісінде 
жазылған шығармалар күрт артқан. Біз зерттеу нысанасына алған өлең 
үлгісімен жазылған туындылардың 80%-ы Нұр-Сұлтан қаласында отшашу 
атылған күні жазылған. Осылайша Қазақстандағы корона күндерінің 
поэзиясын ғылми тұрғыда екіге бөліп қарастырдық: 
1) отшашуға дейінгі өлеңдер
2) отшашудан кейінгі өлеңдер 
Сонымен қатар Астана күнінен кейін (06.07.2020) шұғыл жазылмай, кейін 
жарыққа шыққан поэзия жанрында жазылған туындылар саны күрт 
көбейген. Бірақ COVID-19 тақырыбына дейін де, қазіргі қазақ әдебиетінде 
прозаик авторларға қарағанда ақындардың үлес салмағы көбірек екенін 
ескеруіміз керек. Сол көп автордың індет жайлап, карантин басталғанда 
үн қатпауы қайран қалдырады. Себебі прозаға қарағанда шығарманы 
өлең үлгісінде ұсыну қиын емес. Бұдан ақындардың нақты оқиғамен 
бетпе-бет келмей, деректерді өздері көріп, сезінбей оқырманға туынды 
ұсынуға асықпайтынын байқаймыз.
Айталық, «Отшашу оқиғасына» дейін жазылып қойған Ғалым 
Жайлыбайдың поэмасында адамзатқа келген зауалдар туралы айтылады. 
Адамзаттың әлсіз екені, Құдайдың жазасы бар екені баяндалады. Жаза 
мотиві, Жаратқанға жалбарыну, адамдарға ескерту сарыны «Отшашу 
оқиғасына» тән болып келеді.
Ал «Отшашу оқиғасынан кейінгі» өлеңдерде лиризм басым. 
Ақындардың жақын адамдарымен бақұлдасуы, билікке назын айтуы 
байқалады.
Корона күндерінің әдебиеті деп бөліп алып қарастырғанымызбен, 
авторлар әдебиетте бұрыннан бар обал мен сауап, кие мен күнә 
мотивтерін шығармасының негізгі идеясы еткен. Яғни адамзаттың күнәсі 
көбейгенде, әлсіз бен әлдінің арасында әділетсіздік орнағанда Құдайдың 
табиғи апат жіберуі – заңдылық деген идеяны тұспалдайтын шығармалар 
жаңалық емес, бұған дейін де жазылған.


311
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Камю Альбер (2011) Оба. Ақтаев С (ауд.) Астана: «Аударма» баспасы. 
2. Әуезов Мұхтар (2014) «Абай жолы». Massaget.kz, 8 шілде, https: //massaget.kz/
layfstayl/debiet/proza/19737/. Соңғы қаралған күн: 20.12.2020.
3. Әуезов Мұхтар (сайтқа салынған күн белгісіз) «Қорғансыздың күні». Кitap.kz 
Соңғы қаралған күн: 20. 12.2020.
5. Алтай Асқар (2020) «Вирус-мутант». Аdebiportal.kz, 7 сәуір, https: //adebiportal.kz/
kz/news/view/22637 Соңғы қаралған күн: 20.12.2020.
6. Сoronavirus2020.kz (2020). Вирус қалай беріледі? coronavirus2020.kz, 9 қыркүйек, 
https: //www.coronavirus2020.kz/kz/news. Соңғы қаралған күн: 20. 12. 2020.
7. Әбілқайыр Қанат ( 2020) «Коронавирус». Malim.kz, 28 сәуір, https: //malim.
kz/3118/ Соңғы қаралған күн: 20. 12. 2020.
8. Айдабосын Есболат. (2020) «Қарға қырылған». Қазақ әдебиеті, 15 сәуір, https: 
//qazaqadebieti.kz/24318/esbolat-ajdabosyn-ar-a-yryl-an Соңғы қаралған күн: 
20.12.2020.
9. Төменбай Қуандық. (2020) «Екі этюд». qazaqadebieti.kz. (20. 12. 2020)
10. Жайлыбай Ғалым (2020) «Сұрақ белгісі» (поэма). Аdebiportal.kz, 4 сәуір, https: //
adebiportal.kz/kz/news/view/galim_zhailibai__surak_belgisi__22631 Соңғы қаралған 
күн: 20.12.2020.
11. Қалмұрат Аян (2020) «Елордада туған күн, біздің жақта жаназа». Аzattyq.
org, 7 шілде, https: //www.azattyq.org/a/capital-city-day-fireworks-and-
coronavirus/30711129.html Соңғы қаралған күн: 20. 12. 2020.
12. Жеңісұлы Есей (2020) «Ескерткішің бар енді таза мыстан». Аbai.kz, 7 шілде, 
https: //abai.kz/post/116019 Соңғы қаралған күн: 20. 12.2020.
13. Арыстанбек Асылзат (2020) «Мәйіттің үстінде мереке-думан». Тilshi.kz, 11 
шілде, http: //tilshi.kz/archives/15881 Соңғы қаралған күн: 20.12.2020.
14. Нұржан Светқали (2020) «Екі Отан». Аbai.kz, 26 шілде, https: //abai.kz/post/46109 
Соңғы қаралған күн: 20.12.2020.
15. Иманғазинов, Мұратбек (2008) Антика әдебиеті. Алматы: «Қазақ университеті» 
баспасы.
16. Толқынқызы Танакөз (2020а) «Отшашу». Аbai.kz, 7 шілде, https: //abai.kz/
post/116019 Соңғы қаралған күн: 20.12.2020.
17. Қабылша Толқын (2020) «Қандай ғажап сенің барың әлемде». Егемен Қазақстан, 
6 сәуір, https: //egemen.kz/article/227969-tolqyn-qabylsha-qanday-ghadgap-
seninh-barynh-alemde Соңғы қаралған күн: 20. 12.2020.
18. Сапарбай Исраиыл. (2020) «Алматының ахуалы». Qazdauiri.kz, 25 наурыз, https: 
//qazdauiri.kz/archives/17697 Соңғы қаралған күн: 20.12.2020.
19. Елгезек Ақберен (2020) «Мінажат». Егемен Қазақстан, 30 наурыз. https: //
egemen.kz/article/226488-koronavirus-turaly-aqyndar-dgazghan-olenhder Соңғы 
қаралған күн: 20.12.2020.
20. Жұмабай Мақпал (2020) «Отшашудан сенің даусың естілмейді». Malim.kz, 7 
шілде, https: //malim.kz/5365/ Соңғы қаралған күн: 20.12.2020.
21. Отар Олжас (2020а) «Қамын ойла өзгенің, өзіңнің де». Егемен Қазақстан, 30 
наурыз, https: //egemen.kz/article/226488-koronavirus-turaly-aqyndar-dgazghan-
olenhder Соңғы қаралған күн: 20.12.2020.


312


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет