314
айналды. Кәсіби және әуесқой музыканттар жаңа шығармалар, жаңа
мәтіндер жазды, ал кейде ескі мелодияларға жаңа мәтін жазылып, халық
арасына тарап жатты. Кейбір ескі музыкалық шығармалар көпшілік
арасында қайта жаңғырып, танымал әуендерге айналды. Youtube арқылы,
әртүрлі әлеуметтік медиа тораптар арқылы онлайн концерттер берілді.
Ал батыс елдерінде локдаун кезеңінде бастау алған балкон концерттері
Қазақстанда да болып жатты.
Бұл жағдай COVID-19 пандемиясы кезеңінде музыканың қоғамдағы
негізгі коммуникация түрінің бірі болғанын көрсетеді. Бұл зерттеуімізде
Джулиан Шаап, Фемке Вандерберг, Михаел Бергхманның (Schaap,
Vandenberg & Berghman, 2020) Covid-19 және Нидерланд музыкасы
жөнінде жазған зерттеулеріндегі әдісті пайдаланамыз, яғни музыканы
жай ғана эстетикалық тәжірибесі тұрғысынан емес, сонымен қатар
әлеуметтік тәжірибе болуы тұрғысынан қолға алу. Басқаша айтсақ, ұжым
болып апатқа ұшыраған сәтте музыка қандай әлеуметтік рөл атқарды
деген басты сұраққа жауап іздейміз. Сонымен қатар «Қазақстанда
пандемия кезеңінде музыканың рөлі қандай болды?», «Бұдан бұрын атап
өткен қоғамдағы реакция музыкаға қалай әсер етті?», «Музыка не туралы
баяндады?», «Музыка мен саяси билік қатынастары қандай дәрежеде
болды?», «Музыка индустриясына Қазақстандағы пандемия жағдайы
қалай әсер етті?» деген сұрақтарға да жауап іздеуге тырысамыз.
Алдымен, COVID-19 пандемиясының Қазақстандағы музыка
индустриясына әсері туралы айтып өтеміз.
Достарыңызбен бөлісу: