322
Мұның басты себебі – елдегі музыка саласының тәуелсіздік алған
жылдарда нарық экономикасы талаптарына сай бола алмауы немесе
бейімделуге ықпал етер саяси-экономикалық жағдайдың болмауынан
индустрия ретінде қалыптасу алғышарттарының құрылмауы; табысы кіріс
ретінде бюджетке түспейтін той-бизнестің пайда болуы. Кей зерттеушілер
той бизнестің 2000 жылдардың орта тұсында пайда болғанын айтады.
Алайда бұл «бизнестің» 1990 жылдардың
басында бұқаралық көңіл
көтеру құралының біріне айналған Бауыржан шоу мен оның айналасына
жиналған әншілерден (Нұр-Мұқасан тобы т.б.) және оңтүстік өңірлердегі
Дәрібаевтар отбасы ансамблі секілді көптеген формациялардан бастау
алғанын алға тартуға болады. Бұл жағдай елдегі жекеменшік «музыка
еңбекшілерінің» салық төлеу секілді міндетті талаптарды орындамауына
негіз болып, музыка индустриясының бюджеттік кірістен тыс, бейресми,
иллегал түрде қалыптасуына әсер етті, сонымен қатар, жалпы, саламатты
музыка индустриясының пайда болуын тежеді. Мысалы, Қазақстанда
концерттік ұйымдар әлі күнге дейін мемлекет меншігінде. Жалпы
саны – 32 (2020); 36 (2019) (Қара, Ұлттық
статистика бюросы, 2020). Ал
классикалық музыка мен ұлттық-этнографиялық музыка орындаушылары
мемлекеттің қолдап демеуімен «өмір сүріп» келеді.
Ал қоғамдық өмірде үйлену, қыз ұзату, сүндеттой және әртүрлі
мерейтойлар өтетін, «тойхана» деп аталатын ғимараттар 2000 жылдардан
бастап зор қарқынмен көптеп салынып, саны айтарлықтай жылдам арта
бастады. Бұл жағдай популяр музыка саласындағы би музыкасы (dance
music) және баяу музыка (slow music) жанрларының ішінде өзінше «той
әндері» немесе «той музыкасы» деп аталатын субжанрдың тууына ықпал
етті. Интелектуалдар мен академиялық музыка қауымдастықтары
көп
ретте төмендететін, «азғындаудың» формасы деп қабылдайтын
бұл музыка түрі айтылған көп сынға қарамастан жеңіл әуені мен оңай
жатталатын формасы, ортасында танылған жұлдыздары (stars) арқылы
бұқаралық көңіл көтеру орындарында ең көп тыңдалатын музыка түріне
айналды.
Популяр музыка алаңында той әндеріне балама ретінде әртүрлі
тәжірибелер болып жатыр. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап,
сапалы популяр музыка тудыру мақсатында Азия дауысы және Жас
қанат сияқты байқаулар советтік мемлекеттік популяр музыка түсінігіне
балама ретінде анағұрлым жаңашыл, батыл әрі ізденімпаз әншілерді
шығарып, көпшілікке танытқан болатын. Бұл
байқаулар көбіне әншінің
дауыс диапазонын, ән формасын қоғамда қалыптасып қалған музыка
үнінен (слух) асырып түсіруге итермелейтін және орындаушылық
шеберлікті Батыстық импровизациялық перформанстарға бағыттайтын
эксперименттерге сүйеніп, қоғамда жаңа талғам қалыптастыруға
тырысты. Бұл кезеңде Мюзикола, Urker, Дуэт-L және тағы басқа музыкалық
топтармен
қатар Медеу Арынбаев, Ерлан Көкеев, Қыдырәлі Болманов
сынды әрі бойзбендтік (АБК) әрі жеке солистік жұлдыздар пайда болды.
Дегенмен нағыз балама 2000 жылдардан бастап қалыптасты. Бұл кезеңде
Хип-хоп, R’N’B, рок және рэп пайда болып, әртүрлі boys band-тар мен
girls band-тар, Superstar.kz сынды TV live show стиліндегі конкурстық
бағдарламалар елдегі балама популяр музыканың дамуына үлес қосты.
COVID-19 пандемиясы
Қазақстан музыка индустриясына, әсіресе
осынау той музыкасы саласындағы әншілер мен музыканттардың
бизнесіне қатты соққы болып тиді. Пандемиядан бұрын медиада ең
көп қаралатын, жеке өмірі әртүрлі оқиғалар контексінде көрінетін той
323
әншілері пандемия кезеңінің басында жасырын өткізілген тойларға
қатысып, басы дауға қалып немесе антивакциналық мәлімдемелерімен
жұртшылық назарын өздеріне аудару арқылы ғана медиада көрініп жүрді.
Пандемия кезінде
елдегі көптеген телеарна, соның ішінде, әсіресе
мемлекеттік арналар бұған дейін қарапайым халыққа көрсетіле бермейтін
кәсіби және академиялық музыка өнерін, театр қойылымдары мен опера,
балет туындыларын экранға шығарды. Бұл көрсетілімдер тікелей немесе
алдын ала жазылған бейнежазба арқылы көрсетілді.
Сонымен қатар Youtube желісінде, көптеген әлеуметтік медиада
онлайн концерттер берілді. Бұл концерттер
әншінің немесе инструментал
музыка өкілдерінің жеке бастамасымен, республикалық, облыстық,
аудандық тіпті ауылдық концерттік ұйымдардың ұйымдастыруымен өтті.
2020 жылы офлайн концерттер де өтті. Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика
бюросы (2020) мәліметтеріне сүйенсек, 2020 жылы республикада
концерттік ұйымдармен бірге 1947 іс-шара өткізілген. Бұл жағдай 2019
жылы өткен 6882 іс-шарамен салыстырғанда 28,3%-ға кем. Бүкіл ел аумағын
алып қарар болсақ, концерттік ұйымдар өз аумағынан тыс жерлерде 405
концерт өткізген. Шетелдерге 3 гастрольдік сапар ұйымдастырылған.
Ауылдық жерлерде 79 концерт өткізілсе, балаларға арналған 179
концерт
немесе іс-шара өткен. Жалпы жағдай жалпы концерттер санының 9,2%-
ына тең. Концерттік бағдарламаларды көруге келген көрермендер
саны – 1427,4 мың адам болған. 2019 жылмен салыстырғанда, (2921,4)
25,7%-ға төмендеген. Оның ішінде өз аймағында өткізілген концертті
көруге келген көрермендердің саны – 758,7 мың адам.
Достарыңызбен бөлісу: