Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


Пандемия музыкасының «көңіл күйі» және рөлі



Pdf көрінісі
бет143/165
Дата25.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#182455
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Пандемия музыкасының «көңіл күйі» және рөлі
2020 жылдың қаңтар айынан бастап әлеуметтік желілерде Қытай Халық 
Республикасы үкіметінің тапсырысымен түсірілген үрей тудырарлық 
әртүрлі видеолар тарай бастады. Бұл видеоларда COVID-19 вирусын 
жұқтырған адамдардың полиция күшімен үйге қамалып, есіктерінің 
шегеленіп жатқаны; дене қызуы жоғары болғанына қарамастан полицияға 
бағынбаған адамдарға қандай шара қолданылатыны, полицияның жаттығу 
шаралары; немесе ауруханада түскен науқастың көрпе астында дірілдеп 
жатқан көріністері бар еді. Адамдардың көпшілігі бұл видеолардағы 
оқиғалардың қойылым емес, шынайы өмір екеніне сенді. 
Артынша адамдардың бұдан былай қалай амандасуы керек екенін әзіл 
арқылы түсіндіретін видеолар легі қаптап кетті. Ақпан айының соңына 
таман вирустың Италияда өршуі, оған қарсы жүзеге асырылған карантин 
шаралары музыканың алғаш рет COVID-19 дағдарысына қарсы тұру мен 
әлеуметтік солидаритеттің экспрессиясына айналуына себеп болды: 
Балкон концерттері. Бұл видеоларда адамдардың балконға шығып, бірге 
ән айтып немесе диджитал пианиносын шығарып, «Титаник» фильмінің 
танымал соундтрегін ойнаған көршісіне саксофонмен қосылған 
адамның бейнесі бар еді. Артынша танымал әншілер де балкон концерті 
шараларына «қатысты» немесе «ұйымдастырды».


324
Аластау
Қазақстанда осындай видеолар тарай бастаған кезде карантин 
шаралары қабылданды. Қазақстандық музыканттар ішінен COVID-19 
әлемдік дағдарысына алғаш реакциясын білдірген әнші-композитор 
– Марат Омаров. Ол 2020 жылы 14 наурыз күні Instagram парақшасына 
«Коронавирус! Кет, кет, кет» деп аталатын туындысын жариялады 
(Омаров, 2020a). Осылайша қазақ музыкасы Президент Қасым-Жомарт 
Тоқаевтың (2020a) «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу 
туралы» қаулысынан бір күн бұрын елдегі пандемиялық ахуалға қатысты 
пікірін білдірді. Алайда Омаровтың аталған әні Қаулы жарияланған 
күннің кешінде әншінің Instagram парақшасында челендж ретінде қайта 
жарияланғаннан (Омаров, 2020b) кейін ғана көпшілік арасында Tik tok, 
Instagram, Facebook пен Whats app т.б. әртүрлі әлеуметтік медиа желілері 
арқылы танымал болды. Өйткені Омаров әнін бірінші рет жариялағанда, 
бір ғана шумағын айтқан болатын. Қайта толықтырып жариялағанда, ән 
мәтінінде оңай жатталатын, күлкілі де жағымды әсер қалдыратын сөздер 
бар екені аңғарылды. Басқа платформаларға тарату санын қоспағанда, 
бірінші пост бір жылдың ішінде 32820 рет қаралса, екінші пост 1.013.851 
рет қаралған. Бірнеше күн ішінде әлеуметтік медиа қолданушылары 
аталған әннің көптеген cover нұсқасын жасап шығарды, ән видеомемдерге 
тақырып болды және карантинге қарамастан өткізілген той әніне 
айналды. Тіпті ән шыққан соң, екі күннен кейін әннің караоке нұсқасын 
ән ноталарын жазып сататын және танымал әндердің караоке нұсқаларын 
дайындаумен айналысатын ресейлік сайт Youtube платформасында 
жариялады (MnogoNotka.Com, 2020). Бұл нұсқасы бүгінге дейін 2.367.254 
рет қаралған.
Омаров (2020c) өзінің Instagram парақшасында жариялаған кейінгі 
постында бұл әнді елді сабырға, тыныштыққа шақыру, ауруды аластау 
үшін жазғанын айтқан. Омаровтың бұл жеңіл әніне көп сын айтылса 
да, алғашқы күннен-ақ тез жатталып, балалар мен ересектер арасында 
әзілге арқау болып, көп айтылып, жиі-жиі қайыра айналып айтылатын 
әндердің біріне айналды. Ең бастысы, Омаровтың әнді жазудағы негізгі 
мақсатының бірі – «аластау» рәсімін қоғам дұрыс түсініп, хабарламаны 
кодтаған адамның коды дұрыс ұғымға ие болды. 
Аластау дегеніміз – түрік халықтарының Исламнан бұрын қалыптасқан 
діни жоралғысының бірі. Түркітанушы-фольклорист Абдулкадир Инан 
(İnan, 1986: 68), шаманизмнің наным-сенімі бойынша от барлық нәрсені 
тазалайтын, жаман рухтарды жолатпайтын элемент екенін жазады. 
Ғалымның пайымынша, түрік билеушілері алдына келген елшілер, 
алдымен, от үстінен аттап «тазаланған». Бұл дәстүр елшілердің бойында 
жамандық болса, одан от тазартады деген түсініктен туған. Ал осы 
рәсім қазіргі мұсылман түрік халықтарында сақталып қалған. Мысалы, 
башқұрттар мен қазақтар майлы шүберекті отқа жағып, ауру адамды «алас, 
алас» деп айналады. Мұны «аластау» деп атайды. Бұл жоралғы Анадолы 
түріктерінде «алазлама» деп аталады, яғни отпен тазалау деген мағынаға 
жақын. «Алас» сөзі Алтай түріктерінің шамандық дұға-тілектерінде 
көптеп кездеседі. Якут халқының қамалары (шамандар) жаман рухтарды 
отпен «қуу» барысында «алиас-алиас» деп айғайлайды.
Омаров «Короновирус! Кет, кет, кет» әні от жөнінде айтпаса да, 
аластаудың бір белгісі – функционал мақсаттарының бірі – аластау 
жоралғысына сүйенгенін көруге болады. Бұл жағдай өзіміз мақаланың 


325
басында айтып өткен Дүркхеймнің «адамдардың ойлау формасы өздері 
туып-өскен мәдени формалар және ұғымдар арқылы қалыптасады» 
деген пайымын растайды. Бұл тұрғыдан қарар болсақ, уақыт пен 
кеңістік сияқты негізгі ойлау категорияларының да әлеуметтік және 
мәдени негізге сүйенетінін, өзге де адами өнімдер секілді мәдени және 
өнер феномендерінің де қоғам немесе қоғамның мәдениеті тарапынан 
қалыптастырылған адам санасының өнімі екенін, олай болса, өнердің де өз 
қоғамының репрезентанты екенін айтуға болады. Басқаша айтар болсақ, 
ұжымдық сана өнер адамының индивидуал санасына шағылысады. 
Ендеше осы ән арқылы тәуелсіздік алған 1990 жылдардан бастап, қазақ 
халқының өткенімен қауышып, өшкен, ұмытылған дәстүрін қайта 
жандандыра бастағанын байқаймыз; COVID-19 секілді бүкіл әлем халқы 
мен мемлекетіне қатты әсер еткен пандемия кезеңінің бастапқы кезінде-
ақ Исламнан бұрынғы аластау рәсімінің музыка арқылы қайта оралғанын 
және оны қоғамның, бір жағынан, үрейді жеңу жоралғысы ретінде тез 
қабылдап, екінші жағынан, хит әнге айналдырып алғанын аңғарамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет