Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет136/165
Дата25.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#182455
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

d) Тарақан мен қырқаяқ
Асқар Алтай кейіпкерінің үйінде бір ғана тарақан жүреді де, майдың иісі 
шыққан көрші үйге кетіп қалады. Есболат Айдабосынның жалғыз тұратын 
әйел кейіпкерінің үйінде қырқаяқ бар. «Дастархан үстін сыпырып- сиырып 
қоқысқа тастайын деп тәрелкені көтере беріп еді, тайраңдап қырықаяқ 
шыға келді» (qazaqadebieti.kz 2020 b). Аты жоқ әйел кейіпкер жанталасып 
жатқан қырықаяққа қарап тұрып, жедел жәрдем шақырады.
2.4 COVID-19 тақырыбындағы қазақ өлеңі
2.4.1 Беймәлім жау
Ежелгі грек аңыздарына көңіл қойсақ, індетті адамдар арасына 
билеушілердің әділетсіз басқаруы мен адамдардың ниетіне байланысты 
жіберілетін Құдайлар әрекеті ретінде көреді. Осы орайда Гомердің 
«Илиада» поэмасы еске түседі. Гректердің соғыс лагерін індет жайлайды. 
Батыр Агамемнонның әрекетін ұнатпаған Аполлон оба індетін жіберген 
болатын (Кун, 2012). Байқағанымыздай, ежелгі адамдар табиғи апатты 
Құдай адамдарды жазалау үшін немесе күнәларынан сабақ алуы үшін 
жібереді деп түсінген. Сонымен қатар Александр Сергеевич Пушкиннің 
1830 жылы жазған «Оба кезіндегі сауық» деген шығармасы бар. 
Әдебиеттанушылар бұл еңбекті шотландтық ақын Джон Вильсонның 
«Обалы қала» шығармасының фрагементтеріне ұқсатады.(lenta.ru 2020).
Алдымен, ақыннан поэтикалық кең тыныс талап ететін поэма 
жанрына тоқталайық. Қазақстанда карантин жариялаған соң, ақын 
Ғалым Жайлыбай «Сұрақ белгісі» деген поэма жазды. Бұл еңбегі «Әдебиет 
порталына» 2020 жылдың 23 наурызында шықты. Жазылған уақытына 
қарап, автор поэмасын вирус белең алған кезді көрмей, дерттің зардабын 
әлі нақты қандай болатынын білмей тұрып жазғанын аңғарамыз. 
Шығармада қаламгер қасиетті төрт кітаптағы мифтерден дерек келтіреді. 
Адамзаттың алдында талай сындарлы кезең өткенін айтады. Бұл поэмада 
да күнә мен жаза мотиві астасып жатады, яғни ақын індет адамдарға 
жіберген Құдайдың жазасы деген идеяны ұстанады. «Жаратқанның 
алдында адам – Сен әлсізсің... Түсіндің бе?» (adebiportal.kz 2020)
Қазақ фольклорында індетті аластау бұрыннан бар. Бұл – магиялық 
фольклордың зерттеу объектісі. Автор осы аластау әдісін өз поэмасында 
қолданады. «Көш,пәлекет, көш енді, бірге алып кет кеселді!» (adebiportal.
kz 2020 а).
Дәл осы поэманы Ғалым Жайлыбай жаза бастаған кезде Исраил 
Сапарбай «Алматының ахуалы» деген өлең жазады. Мұнда да дәрменсіздік, 
күнә мотиві бар. Карантиннен қажыған ақын «Көктегі жұлдыздар жылап 
қарап тұр» деп, күллі қала дәрменсіздігін суреттейді. Өлеңнің кеңістігі 
–Алматы, уақыты – карантин кезеңі дегенді ескерсек, дәл сол кездегі 
адамдардың көңіл күйін, шарасыздығын осы өлеңнен анық аңғаруға 
болады.
Осы уақытта жазылған Ақберен Елгезектің «Мінәжат» өлеңінің 
формасы мен мотиві бөлек. Ақберенде өзге қаламдастары сияқты күнә әрі 


306
жаза мотиві жоқ. Ол жер мен табиғатты және адамды зұлмат пен індеттен 
сақтай көр деп мінәжат қылады, жалбарынады. Өлең 2020 жылы 28 наурыз 
күні жазылған.
Олжас Отардың «Қамын ойла, өзгенің, өзіңнің де» деген өлеңі де 
Жаратқанға жалбарынып, бүкіл әлемнің тыныштығын тілейік деген 
сарында жазылған. Бірақ Ақберен Елгезекпен салыстырғанда, Олжас ақын 
шығармасында жаза мотиві бар. Ол иманның бір шыбығын көктетсек, 
қауіп пен қатерден арыламыз деген идеяны ұсынады.
Толқын Қабылшаның «Жер мен көктей таныдым ба алыпты» деген 
өлеңінде адамзат пейілі сыналып жатыр деген ой айтылады. Автор 
адамзаттың мейірімі азайып кеткен соң, пандемия жайлады деп ойлайды, 
яғни өзге ақындардан байқалған жаза мотиві – Толқынның да өлеңдерінің 
негізгі өзегі. Ақын:
«Жер-ананың сақтай гөр» деп бесігін, 
Тәңірімнен сұрап тұрмын кешірім» –
деп өлеңін қорытындылайды.
Әлібек Шегебайдың өлеңінен күнә және жаза мотиві байқалмады. 
Бірақ ол вирусты адамзаттан үлкен, алып етіп көрсетеді. Карантинде үйге 
қамалған халықты сабырға шақырады. «Бар болғаны үйіңе қамап қойды, 
қуып шықса қайтесің сол үйіңнен» деп, азаматтарға басу айтады. Бұл өлең 
де елде вирус әлі өршімеген кезде жазылған.
Әлібек Шегебайдың идеясымен үндес сарында жазылған Асқар 
Дүйсенбінің «Үйде бол» деген өлеңі бар. Ақын карантин кезінде үйде 
болған адам ғана өзін, елін, бауыры мен Отанын сақтай алады деген 
идеяны өлеңмен берген.
Карантин кезіндегі ахуалды Тыныштықбек Әбдікәкімұлы 
«Карантиннің отыз жетінші күні» деген өлеңімен жеткізген. Қос өкпе таза 
ауамен дем ала алмай, сүреңсіз тіршіліктен қажығанын айтады. Карантин 
жөнінде жазылған өлеңдердің ішіндегі поэтикасы мықты өлең – осы. 
Мәселен, автор таза ауамен тыныстамадым деген ойды былай жеткізеді: 
«Самал сөзін ести алмай қор болды-ау, қайран менің қос өкпем.»
Жангелді Немеребаевтың пандемия кезіндегі ахуалды баяндайтын 
«Нұрланып биыл да көк пен жер» деген өлеңін оқыдық. Бірақ өлеңде 
ахуалды баяндаудың ерекше бір формасы, поэтикалық әдіс жоқ, 
өлең формасымен жазылған публицистикалық материал деп айтсақ 
қателеспейтін сияқтымыз. Ақын «Ең соңғы дертті жан жазылып шықты» 
деген хабарды сүйіншілеп жетізер күн келсе екен деген тілек айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет