Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет133/165
Дата25.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#182455
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

2. Негізгі бөлім
2.1 COVID-19 індетіне дейінгі індет тақырыбына шолу
Індеттің түрі көп. Қазақ әдебиетінде обаға қарағанда, сүзекке шалдыққан 
кейіпкерлерді көбірек кезіктіреміз. Айталық «Абай жолы» романында 
хакім Абайдың үш бірдей қимас адамы сүзектен көз жұмады. 
«Мағаш өлімінен бұрын, көктемнің басында Абайдың өмірлік досы 
Ербол сүзектен қайтыс болған еді. Артынша Абайдың қадірлісі ер көкірек 
Базаралы кетіп еді. Бірақ бұл жайды Абай Мағаштың өлімінен он екі күн 
өткеннен кейін естіп, үш бірдей алыбынан айырылғанын біліп, үшеуі 
бірдей сынып, құлап кеткенін біліп: «Ей, сорлы заман, менен аяған қай 
қастығың қалды... Мен ішпеген у бар ма!.. Жүрегімді көрші, міне, жарадан 
сау жер қалды ма? Мұнша ғазап шеккендей не жазық, не айыбым бар?» – 
дей кетті» (massaget.kz, 2014).
Жазушы Мұхтар Әуезов шығармаларында сүзек және шешек дертінен 
көз жұмған кейіпкерлерді көп кезіктіреміз. Бір ғана «Қорғансыздың күні» 
әңгімесінде шешек және сүзек ауруы қатар алынған. Жиырмаға жасы 
енді жеткен Күшікбай батырдың шешектен қайтқаны туралы жазушы 
мынандай дерек береді:


301
«Батыр еліне қайта қайтқанда ауруы меңдей бастап, атқа әрең жүріп, осы 
күнгі бейіті тұрған биіктің басына келгенде мұршасы құрып, найзасын 
тіреп аттан түсіпті. Сонан соң басын оңға қаратуға ғана шамасы келіп
жан тәсілім қылған. Артынан ағайын-туғаны жылап барса, шешегінің 
ауыздарын шекпен қажап, қотырының суы шекпенінің сыртына шып-
шып шығып кеткен екен дейді. Батырдың көп мұратына жете алмай, 
жас күнінде қуаты қайнап, долданып өлгенінен моласы тұрған биіктің 
бауырынан боран, ызғар айықпайтын болған екен – деп, бағанағы кәрі 
әңгімесін тоқтатушы еді» (kitap.kz).
Әңгімеде «Күшікбай кезеңі» деген жер бар. Осы кеңістікте негізгі 
оқиға өрбиді. Жазушы алдымен кезеңнің не үшін Күшікбай аталғанын, 
ол батырдың қалай өмірден өткенін оқырманға түсіндіріп алады. Бұл 
шығармада қорғансыз – Ғазиза. Бас кейіпкердің әкесі мен бауыры 
сүзектен қайтқан. Әжесі мен шешесі ғана тірі Ғазиза енді Ақан болыстан 
зорлық көреді де, сол сүзектен қайтқан қос обаның басына барып өледі.
«Бұл әйелдердің қуаныш-қызығы да, үміт-қорғаны да сол суық қабырға 
өліктермен бірге көмілген. Ол қабырда жатқан – Ғазизаның әкесі Жақып 
және жаны: туысқан жалғыз кішкене бауыры – Мұқаш. Осы бүгінгі кештен 
бір ай бұрын әкесі мен бауыры қабат жығылып, сүзек болды. Ғазизаның 
ағам өлсе, күнім не болады деп күндіз-түні бірдей тыным алмай, Құдайға 
құпия сыбырлап, оңаша жерлерде тыста жүріп өксіп-өксіп жылағаны, 
кемпір әжесінің мойнына бұршағын салып, ата-бабасының аруағына 
жалбарынғаны себеп болмай, екеуі де өлген» (adebiportal.kz, 2017).
Осыған ұқсас үзінділерді бұдан да көп жинақтауға болады. Сонымен 
қатар індетке шалдыққан адамның ахуалы мен жағдайын автор қалай 
берді, қандай идеяны негізгі фонға шығарды деген мәселені бөлек 
тақырып етіп қозғауға да болады. Ал біздің мақсат COVID-19 індетіне дейін 
жұқпалы дерттің әдебиеттегі көрінісіне қысқаша шолу жасау еді. Айталық, 
сүзектен қайтқан Абайдың ардақтылары: досы Ербол, ұлы Мағаш, сосын 
Базаралы –әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жақсы адамдар еді. Бірақ сүзек 
тап пен топ таңдамайтын. «Қорғансыздың күніндегі» кейіпкер Ғазизаның 
да бауыры мен әкесі тірі кезде жағдайы нашар болмаған. Асыраушысы 
сүзектен қайтқаннан кейін, үш әйел – Ғазиза, әжесі мен анасы әлімжеттік 
пен зорлықты адамдардан (Ақаннан) көреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет