159
сөздер өз елінің болашағын ойлайтын әрбір Қазақстан азаматының жадында
сақталуы тиіс.
Қазақстанда қазірде де мемлекеттік қызмет сапасын арттыру үшін
қоғамның алға жылжуына кері әсер ететін кейбір мәселелердің шешілуі қажет.
Ол халықтың билікке сенімсіздігі, заңдардың шалалығы, сыбайлас
жемқорлықтың
кең өріс алуы, сот және құқық қорғау органдарының өз
қызметтеріндегі жауапсыздығы. Әлі де күн тәртібіндегі шешуге қажет
мәселелер: Қазақстанның мемлекеттік қызметін Меритократия, Адалдық және
Тиімділік
принциптері бойынша жаңарту, адам ресурстарын дамыту, білім беру
орындарының бизнес орталықтарына айналуын тоқтатып оқушылардың білім
деңгейін көтеру, ғылым және жоғары оқу саласындағы қызметкерлердің
жалақысын жоғарылату. Әрине, ауқымды және өте маңызы зор мақсаттың бірі
–
қоғамның саяси жүйесін жетілдіру және
қоғамның саяси мәдениетін
жоғарылату болып табылады.
Еліміздің алдына қойған маңызы орасан зор міндеттердің бірі
–
отан сүю,
патриоттық тәрбие беру жұмысын қоғамның даму рухына айналдыру.
Отаншылдық, ұлтжандылық өз ұлтының болашағы үшін еңбек ету әрбір саналы
азаматтың қасиетті борышы екендігін естен шығармағанымыз жөн. Егеменді
елдің негізгі мақсаты мен міндеті ұрпақ тәрбиелеумен астасады, біздің
келешегіміз жемісті тәрбие алған ұрпақпен тығыз байланысты.
Жалпы алғанда, бүгінгі күні Қазақстан
Республикасы халық өмірінің
жоғары стандартына, демократия мен азаматтық қоғам орнатуға бағдарланған
тұрақты да серпінді өсу үстіндегі экономикасы бар өңірлік дамушы мемлекет
ретінде танылады.
ХХІ ғасырдың басында белсенді сыртқы саясат жүргізуінің арқасында
Қазақстан әлемдік
қоғамдастықтан өз орнын алды, жас мемлекетке шетелдік
тәжірибе мен инвестициялар тартылды. Қазір Қазақстан басқаларға реформалау
тәжірибесін үйренетін, ал өзі басқа елдерге капитал инвестициялап отырған
елге айналды деп толық сеніммен айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: