9. Дала топырағын суару зертханасы
топырақ мелиора-
циясы зертханасынан бөлінген. Зертханада 14 қызметкер бар,
оның 3-і аға ғылыми қызметкер, ғылым кандидаттары, 3-і
ғылыми қызметкер, қалғандары көмекші жұмыстар атқарады.
Ғылыми ұжымның бағыты – терістік орталық облыстарда
орналасқан дала, құрғақ дала зоналарындағы топырақтарды
зерттеп, суару үшін бағалау. Зертхананы ауылшаруашылық ғы-
лымының кандидаты Қ.Ж.Қаражанов басқарады.Ұжымның көп
жылдық территориялық зерттеулерімен қатар, біраздан бері
жүргізіліп келе жатқан тұрақты тәжірибе жұмыстары бар. Дәл
осындай тәжірибе жұмыстары көп жылдардан бері Павлодар
облысының Ертіс-Қарағанды каналы бойындағы Гагарин атын-
дағы кеңшардың қызғылт-қоңыр топырағын суару арқылы жүр-
гізілсе, кейінгі жылдары Солтүстік Қазақстан облысының
Сергеев су қоймасы жанындағы «Городецкий» кеңшарының
кәдімгі қара топырағын суару арқылы жүргізілді.
Соңғы жылдары осындай тәжірибе жұмыстары Қостанай
облысының Қаратомар су қоймасы жанындағы «Викторов»
кеңшарында және Павлодар облысы Ертіс өзенінің суымен
тікелей суарылатын аймақтарында да қолға алынды. Жүргі-
зілетін зерттеулер бұл аймақтарда ауадан жетіспеген ылғалды
қосымша қолдан берген кезде дәнді дақылдардан гектарына 40
– 42 центнерге дейін, сондай-ақ көкөніс пен жем-шөптік дақыл-
дардан да мол өнім алуға болатыны анықталды. Қазір зертхана
қызметкерлері осы терістік аймақтардағы топырақтарды суарған
кезде болатын құбылыстарды тереңірек зерттеп, сол құбы-
лыстардың пайдалы бағытта жүруіне назар аударуда.
10. Топырақ микроорганизмдері зертханасы.
Топырақ
микроорганизмдер мекені, сондықтан топырақты зерттеу
ондағы микроорганизммен тікелей байланысты. Бұл саладағы
зерттеулер институтта 1947 жылы, белгілі микробиолог-ғалым
Д.М.Новогрудскийдің жетекшілігімен басталған болатын. Одан
кейін көп жылдар бойы зертхана зерттеушілеріне академиктер
Е.Н.Мушистин, А.Н.Илялитдинов қолғабыс етіп келді. Ұжымда
8 қызметкер бар, оның 2-і аға ғылыми қызметкер, ғылым кан-
дидаттары, 3-і ғылыми қызметкерлер, қалғандары инженерлік-
техникалық қызмет атқарады. Зертхананы биология ғылымының
докторы Ш.З.Мамилов басқарады.
Ғылыми бағыты – Қазақстанның әр зонасындағы топырақ-
тарда микроорганизмдердің экологиялық-географиялық таралу
заңдылықтарын, түрлерін, олардың топырақтағы физиология-
лық, биологиялық құбылыстар мен зат алмасуға ықпалын, жер
өңдеудің, суарудың, тыңайтқыш енгізудің микроорганизмдерге
әсерін зерттеу. Табиғат заңына сәйкес таралған әртүрлі топырақ
зоналарына тән микроорганизмдер дүниесі толық және терең
зерттелді. Өңделетін суармалы егіншілікте, оның ішінде үнемі
су астында болатын топырақтар (күріш егісінде) микробиоло-
гиясы жан-жақты қарастырылуда. Топырақтың азот балансына
көп әсер ететін түйнекті бактериялар табиғаты да кеңінен тек-
серіліп, оны ауылшаруашылығына пайдалану жоспары да ше-
шілген. Сонымен қатар бактерияның фосфор қосындыларын
өсімдіктерге сіңбейтін түрінен сіңетін түріне айналдыратын
ұрықты таяқшалары табылып, ауылшаруашылығы өндірісінде
пайдаланылуда.
Достарыңызбен бөлісу: |