Оразбаев Қ. И. О-65 Жалпы топырақтану


 Топырақ құнары зертханасы



Pdf көрінісі
бет10/113
Дата28.09.2023
өлшемі2,94 Mb.
#182873
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   113
Байланысты:
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

7. Топырақ құнары зертханасы 
көптен бері келе жатқан 
топырақтың пайда болуы, оның географиясы мен жүйеленуі 
зертханасынан бөлініп, 1990 жылы құрылды. Зертхананы ауыл-
шаруашылық ғылымының кандидаты Т.Ж.Жалаңкөзов басқара-
ды. Зертханада 12-15 қызметкер бар, оның біреуі ғылым докто-
ры, жетекші ғылыми қызметкер, 4-і ғылым кандидаты, аға ғы-
лыми қызметкерлер, 3-і ғылыми қызметкерлер, қалғандары ғы-
лыми техникалық қызметтер атқарады. 
Зертхананың бағыты – игерілген топырақтар құнарын 
сақтап, оны қалпына келтіру және арттыру мәселелерін зерттеу. 
Негізгі зерттеу обьектісі етіп, негізді астықты алқабымыз – 
терістік қара топырақты зонаны егістікке игергенде болатын 
өзгерістерді іздестіруде. Бұл бағыттағы алғашқы зерттеулер 
мынаны көрсетті: табиғи қара топырақта оның құнары жоғары, 
құрамындағы топырақ шіріндісі 5-7 процент, азот, фосфор 
жеткілікті, калий тіпті артығымен кездеседі, тек олар өсімдік-
терге аз сіңеді. Ал бұл жерлерді жыртып, егістікке айналдырған 
кезде, жиі-жиі өңдеудің нәтижесінде топырақ құрамындағы 
қоректік заттар мәдени егістіктерге оңай сіңірілетін түрлеріне 
айналып, жыл сайынғы өніммен бірге топырақтан азайып оты-
рады да, қоры кеми бастайды. Сонымен бұдан 40 жылдай бұрын 
жыртылған тың жерлердің құнары біршама кеміген. Оның 
құрамындағы топырақ гумусы орта есеппен 15-30 процент, 
азоттың, фосфордың да біршама кемігені анықталды. Міне, 
сондықтан топырақ құнарын қалпына келтіру үшін, ол жерге 
мол органикалық тыңайтқыштармен қатар, фосфорлы, азотты 
тыңайтқыштар енгізу қажет. Бұл бағыттағы тереңірек зерт-
теулерді Шортандыдағы астық шаруашылығы институтының 
ғалымдары әрі қарай жалғастырып келеді. 
8. Коллоидты жоғарғы молекулалы жүйелер зертхана-
сы
бұрынырақ ұйымдастырылған кебірлердің пайда болуы және 
оны мелиорациялау зертханасы базасында 1990 жылы қайта 


құрылды. Осы зертхана қызметкерлерінің көпжылдық зерт-
теулерінің нәтижесінде кебірлі топырақтардың пайда болуына, 
қасиеттеріне негізгі әсер ететін жай оның коллоиды жоғары 
молекулалы жүйелері екені анықталды. Міне, осыған сәйкес, 
зертхана атына сәйкес өзгертілді. Бағыты – кебір топырақтар-
дың табиғатын зерттеп, оны жақсарту жолдарын қарастыру. 
Зертхана құрамында 13 қызметкер бар, оның 3-і аға ғылыми 
қызметкер, 3-і ғылыми қызметкер, қалғандары ғылыми – тех-
никалық қызметкерлер. Зертхананы білікті ғалым, ауылшаруа-
шылық ғылымының кандидаты Н.Л.Яцынин басқарады. Оның 
басқаруымен республикамыздың терістік облыстарында басы-
мырақ тараған кебір жерлердің пайда болуы, оларды мелиора-
циялау, ауылшаруашылық өндірісіне пайдалану мәселелері 
зерттеліп жатыр. 
Бұл зерттеу жұмыстары, негізінен, үш бағытта жүргі-
зілуде: 1. Кебір жерлердің табиғатта таралу заңдылықтарын 
зерттеп, оларды картаға түсіру, агромелиоративтік қасиеттерін 
анықтап, аудандастыру. 2. Кебірлі топырақтарды жақсартудың 
әдістері мен технологиясын тәжірибе арқылы зерттеп, сынау. 3. 
Кебір топырақтарының пайда болуының физика-химиялық 
мәнісін түсіну үшін байыпты теориялық зерттеулер жүргізу. 
Ғылыми ұжым осы 3 бағытта да айтарлықтай табысқа жетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет