3. Топырақтың агроэкология зертханасы
1972 жылдан
жұмыс icтeп келе жатқан топырақтағы кұбылыстарды мате-
матикалық модельдеу және топырақ физикасы зертханасы база-
сында 1990 жылы кайта ұйымдастырылды. Зертханада 5-6 қыз-
меткер бар. Оның 2-i ғылым кандидаты, 2-i – кіші ғылыми қыз-
меткер. Жұмыс бағыты — топырақтың ылғал, тұз,
жылу және
ауа режимін басқарудың тиімді әдістерін іздестіру. Зертхананы
ауылшаруашылығының
кандидаты,
тәжірибелі
ғалым
Э.А.Соколенко басқарады.
Зертхана қызметкерлері 1972-1975 жылдары топырақ
астындағы ыза су мен топырақ арасындағы тұз алмасудың
теориялық-математикалық моделін жасады. Бұл модель
бойын-
ша, топырақты тұздан шаюдың, мезгілі мен мөлшерін, жер ас-
тындағы
ыза суының, топырақты тұздандырмайтын тереңдігін,
кәріз қазудың көлемі мен оның жұмыс істеу тәртібін есептеп
шығаруға болады. Демек, бұл болжау мен есептеу жұмысына
электронды есептеу машиналарын (ЭВМ) кең,
пайдалануға
мүмкіншілік береді.
Зертхананың модельдеу және топырақтың ылғалды тұзды
тәртібін басқару саласындағы байыпты теориялық зерттеулер
кезінде Венгрия Ғылым академиясы топырақтану және агро-
химия институтының ғалымдарымен бipгe жүpгiзiлдi.
Соңғы жылдары зертхана бүкіл Қазақстанның,
ең алды-
мен, астықты алқаптарымыз — солтүстік облыстар топырақта-
рының агроэкологиялық мүмкіндіктерін зерттеудің терең тео-
риялық мәселелерімен шұғылдануда.
Достарыңызбен бөлісу: