Топырақтану секторының, мәскеу мамандары қолдаған
алғашқы жемісті еңбектері енді Топырақтану институтын
ұйымдастыруға негіз болды. Мұндай институт Ғылым акаде-
миясының құрамында 1945 жылы ашылды. Институт топы-
рақтану ғылымының дамуына үлкен үлес қосты. 1974 жылы
Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.
1996 жылы Қазақ Республикасының Ғылым академия-
сының құрылуына 50 жыл толуына байланысты, Топырақтану
институтын ұйымдастыру мен дамытудағы аса ірі еңбектері
үшін және ғылымды мәңгі есте қалдыру мақсатында институтқа
Ө.Оспанов аты берілді.
Топырақ – табиғат көркінің айнасы. Бұл сөзде көп мән бар.
Топырақтың тік қазылған пішінін қарап, сол жердегі ауа
райының, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің, т.б. табиғат
құбылыстарының тек қазіргі емес, өткен дәуірлерде қандай
болғанын айта аламыз. Сонымен, жай жатқан өлі дене емес,
жаратылыстың ерекше тарихи әрі табиғи денесі, оның пайда
болу, жер бетіне таралу заңдылықтары мен қасиеттері бар. Оны
топырақтану ғылымы зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: