бағыты –
топырақтың пайда болуы, географиясы, жүйелеу,
картаға түсіру және пайдалану жағын түбегейлі зерттеу.
Зертхана қызметкерлері жүргізген зерттеулердің басты
жемісі – барлық облыстардың орта масштабты (1:300000) топы-
рақ карталары мен оларға жазылған қысқаша түсініктемелер,
барлық облыс топырақтарының толық сипаттамасы, оны халық
шаруашылығына пайдалану жолдары көрсетілген монография-
лық
еңбектер, облыс топырақ карталары негізінде жасалған
республикамыздың жаңа топырақ картасы (1:2500000).
Соңғы жылдары зертхана қызметкерлері игерілген тың
жерлердің құнары қалай өзгеретінін байқау үшін терістік облыс-
тарымыздың әртүрлі табиғи аудандарында бақылау жұмыс-
тарын жүргізуде.
Жиналған
зерттеу
материалдарының
нәтижесінде
Қазақстан топырағын әртүрлі агроөндіргіштік
топтарға бөлу
мүмкіншілігі туды. Сөйтіп, егіншілікке қазір игеруге жарамды,
болашақта игеруге болатын, игеруге жарамсыз деп бірнеше
топқа бөлінген агроөндірістік жерлер категориялары көрсетілді.
Былайша топқа бөлу алғашында
облыс көлемінде атқарылса,
кейінірек осы жұмыстардың жетекшісі Ө.Оспанов бұл мәселені
республика ауқымында қорытты. Ө.Оспановтың зерттеуі бойын-
ша, бүкіл Қазақстан топырағы өзінің агроөндірістік қасиеттеріне
байланысты мынадай негізгі санаттарға бөлінді: А – егіншілікке
жарамды жерлер, Ә – шабындық жерлер, Б – жайылымдық жер-
лер, В – орман шаруашылығындағы жерлер, Г – ауылшаруашы-
лығына пайдаланылмайтын басқа жерлер. Сонымен А,Б,В ка-
тегориялы жерлер негізінен, ауыл шаруашылығына қатысты.
Қазақстанда аса күрделі мелиорациялау егіншілікке жарайтын
жерлер 61
млн гектар екен, оның 31,2 млн гектары – А кате-
гориясында, 2,4 млн гектары – Б категориясында , ал 27,4 млн
гектары – В категориясында.
Зертхананың картографиялық жұмыстары жайында сөз
болғанда, соғыс жылдары жасалған облыстық майда масштабты
карталар негізінде И.Л.Прасолсов пен И.П.Герасимовтың ре-
дакциясымен Е.В.Лобова жасаған
Қазақстанның шолу топырақ
картасын (1:250000) айтуға болады.
1955-1965 жылдары Қазақстанның барлық облыстарының
орта масштабы (1:300000) топырақ карталары жасалды. Онда
пайдаланылған жаңа топографиялық негіздер және зерттеу
жұмыстарының асықпай, 10-11 жылдай жүргізілуі республика
облыстарының топырақтары
туралы толық мәлімет алуға
мүмкіндік берді. 1968-1972 жылдары аралығында қосымша
алынған материалдар негізінде Қазақстанның жаңа топырақ кар-
тасы жасалды. (1:2500000). Карта авторлары – облыстық топы-
рақ карталарын жасаған ғылыми қызметкерлер, жауапты редак-
торы Ө.Оспанов, ал карта жасауға кеңесші болған белгілі ғалым
Е.В.Лобова. Бұл мейлінше толық жасалған,
практикалық жұ-
мыстарға қолдануға ыңғайлы карта болып шықты. Карта 1974
жылы Мәскеуде халықаралық топырақтанушылар конгресінде
өте жоғары баға алды. Карта республикамыздың жоспарлау ор-
гандарына жақсы қолғабысын тигізуде. Бүгінде зертхана ғалым-
дары республика топырағын тиімді пайдалану үшін бұрын зерт-
теулермен толық қамтылған кейбір таулы аймақтардың топы-
рақтарын зерттеуде, топырақтың жүйелену тәртібін жетілдіруде.
Достарыңызбен бөлісу: