Оразбаев Қ. И. О-65 Жалпы топырақтану


 Суармалы топырақтар құбылыстары зертханасы



Pdf көрінісі
бет9/113
Дата28.09.2023
өлшемі2,94 Mb.
#182873
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   113
Байланысты:
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

6. Суармалы топырақтар құбылыстары зертханасы
бұ-
рынғы сортаң топырақтардың пайда болуы мен оны мелиора-
циялау зертханасы негізінде 1990 жылы құрылған. Бұл зертхана-
ны Қазақстан ұлттық академиясының корреспондент мүшесі 
Ж.У.Аханов басқарды. Зертханада 20 шақты қызметкер бар, 
оның 5-і аға ғылыми қызметкер, ғылым кандидаттары, 4-і кіші 
ғылыми қызметкер, қалғандары инженерлік техникалық жұ-
мыстар атқарады. Зертхананың бұрынғы жұмыстары оңтүстік 
облыстардағы сулы өзендердің бойлары мен сағалардың то-
пырақ-мелиоративтік жағдайын зерттеуден басталғаны белгілі. 
Осы тұрғыдан алғанда, Сырдария бойының ескі атыраулары мен 


терістік Қызылқұм алқабының жерлерін мелиоративтік жағынан 
жан-жақты зерттеу, оның топырақ, гидрогеологиялық, ботаника-
лық, геологиялық жағдайларын анықтап тұрақты тәжірибе жұ-
мыстарын жүргізу бұл аймақта көптеген жерлерді суармалы 
егіншілікке игеруге болатындығын дәлелдеді. Осы өлкеде 
әртүрлі мелиорациядан кейін 3 млн га жерді суаруға болатыны, 
бірақ су көздерінің жетіспеушілігінен тек 100-120 мың га жерді 
суаруға жағдай бар екені анықталды. Осыған ұқсас топырақ 
мелиоративтік зерттеулер Іле өзенінің бойы мен атырауларында 
1957-1965 жылдары жүргізілді. Зерттеулермен 2 млн г-дан астам 
жер қамтылды, оның 500-600 мыңдайы суармалы егістікке 
жарамды екені анықталды. Дегенмен жергілікті су көздерімен 
бар болғаны 80—100 мың гектардай жер суарылып, оның 20-30 
мың гектарына күріш егуге болатыны дәлелденді. 
1959-1966 жылдары кешенді топырақ мелиоративтік 
зерттеулер Шу өзені бойы мен төменгі атырауларында жүргі-
зілді. Соның нәтижесінде Шу бойының орта ағысы аймағында 
қант қызылшасын егуге 100 мың гектар жер жарамды деп 
табылып, ал төменгі бойында 150-200 мың гектар шабындық 
және жайылым жерлерді көлдетіп суаруға болатыны белгіленді. 
Зертхана 1966-1970 жылдары Оңтүстік Қазақстан облы-
сындағы Арыс-Түркістан каналы бойындағы мақтаға игерілген 
суармалы жерлердің топырақ мелиоративтік жағдайын зерттеп, 
оны жақсарту жолдарын ұсынды. 1967-75 жылдары жер суаруға 
болашағы бар алқап Еділ – Жайық аралығы терең топырақ 
мелиоративтік зерттеулерден өтті. Аймақтық суару және 
суландыру жобасын жасаушы жобалау институтының мәліметі 
бойынша, тек Батыс Қазақстан облысында ғана суармалы егістік 
көлемін 400-500 мың гектарға, ал көлдетіп суарылатын шабын-
дық, жайылым жерлерді 396 мың гектарға жеткізуге мүмкіндік 
бар екен. 
Соңғы жылдары лаборатория қызметкерлері Батыс 
Қазақстан аймағындағы кебірленген және сортаң жерлерді суар-
малы егіншілікке игеру жолдарын сынау үшін тәжірибе жұмыс-
тарын жүргізді. Қазіргі уақытта зертхана, негізінен, Жамбыл 
облысының қызылша егістіктеріндегі суармалы жерлердің өнім-
ділігін арттыру ісімен шұғылданып келеді. Сонымен қатар оң-


түстік Қазақстан, Алматы облыстарының кейбір шаруашылық-
тарында суармалы жерден оларға ешқандай тыңайтқыштар 
енгізбей, экологиялық таза азық-түлік алу жолдары зерттелуде. 
Бұл жұмыстар микробиологтар мен химиктердің араласуымен 
кешенді атқарылып жатыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет