Оразбаев Қ. И. О-65 Жалпы топырақтану



Pdf көрінісі
бет17/113
Дата28.09.2023
өлшемі2,94 Mb.
#182873
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   113
Байланысты:
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

I.
 
II Топырақ түзілу үдерісі 
 
Көне дәуірде жер бетіндегі топырақ өте құнарлы, климаты 
қоңыржай тіршілікке қолайлы да, жанға жайлы болғаны туралы 
«
Киелі кітапта»
айтылған, бұл тарихи заман біздің дәуірге 
дейінгі 100–1000 жылдарды қамтиды. Ол кезде Жердің эколо-
гиялық жағдайы өте таза, зәулім өсімдіктер, жануарлар дүниесі 
кең қанат жайған, аңдардың өзі үй жануарлары сияқты адамзат-
қа жақын және бағынышты болғандығы баяндалады. Бірақ ол 
кездегі қоғам адамдары 1100 жылдан бастап табиғатты аялауды 
ескермей бетімен кеткендіктен табиғи заңдылықтардың ауытқу 
нәтижесінде топан су қаптап, Жер бетіндегі адамдар мен аңдар, 
жануарлар үлкен апатқа ұшырап қырылған. Нәтижесінде Жер 
бетіндегі топырақтың құнарлы қабаты шайылып деградациялық 
заңдылықтары дамыған. Құранда Алланың адамзатқа айтқан 
сөзі: «топырақтан жаралдың, топыраққа кетесің». Содан бері 
Жер бетінің жамылғысы мыңдаған жылдар нәтижесінде әртүрлі 
дағдарысқа ұшырап топырақ құнарлығы азая бастаған, бірақ 
табиғат элементтері мен тіршілік иелерінің даму барысында 
үлкен геологиялық және биологиялық айналымға байланысты 
азды-көпті топырақ түзілу құбылысы өзгеше жүрген, яғни 
оның жаңадан түзілуіне басты әсер еткен факторлар 
климат, 
аналық тау жыныстары, биологиялық үдерістер (өсімдіктер, 
жануарлар, микроағзалар әрекеті) жер бедері, геологиялық 
дәуір (жердің жасы) 
екенін кейіннен топырақ негізін қалаушы 
В.В. Докучаев табиғи үдерістің барысын меңгере келіп байқа-
ған. Бұл тау жыныстары пайда бола бастағаннан үздіксіз үгілу 
құбылыстарына ұшыраған. Жаңадан топырақ түзілу үдерісіне 
талдау жасайтын болсақ, топырақ түзілуі үшін, ең алдымен, 
қатты тау жыныстары майда ұнтақталған, кеуекті жыныстарға 
айналуы керек. Жер бетіндегі тау жыныстары табиғат күштері-


нің әсерінен бірте-бірте қирап, қопсыған жыныстарға айнала-
ды. Бұл құбылысты геологияда үгілу (выветривание) деп атай-
ды. Сөйтіп ол топырақтың түзілуіне өзгеше жағдай жасайды. 
Бұл құбылысқа табиғат күштерінің, әсіресе температураның, 
судың, желдің, күн сәулесінің, көшпелі мұздарының әсері 
ерекше. 
Ғылыми тұрғыдан қарайтын болсақ тау жыныстарының 
үгілуі
 физикалық, химиялық, биологиялық 
болып бөлінеді

Физикалық жолмен үгілу
– тау жыныстарының химиялық 
құрамы өзгермей, тек әртүрлі механикалық бөлшектерге 
бөлінуін айтады. Физикалық үгілулерге қатысатын негізгі 
күштер – температура, жел күші, тасқын сулар, көшпелі мұздар. 
Мысалы – тау аймақтарында жиі жауған жаңбырдың немесе 
қар қабаттарының көктемде еруінен сел тасқындары болады. 
Оның күшімен ірі-ірі тастар домалап, бір-біріне соғылып,
майда жыныстарға айналады. 
Химиялық үгілу –
тау жыныстары құрамындағы әртүрлі 
тұздардың немесе басқа қосылыстардың суда, қышқыл мен 
сілтіде еруінен және ауадағы оттегімен тотығуынан пайда 
болатын құбылыс. Мұның нәтижесінде химиялық құрамы 
жағынан жаңадан минералдық заттар пайда болады. Алайда 
химиялық үгілудің бір түрі екіншісіне қарағанда басым болады. 
Мысалы, ылғалы мол, әрі күні жылы тропиктерде химиялық 
үгілу құбылысы белсендірек өтеді. Ал ауа райы аса суық тундра
немесе күні аса ыстық, ылғалы өте аз шөлді аймақтарда физи-
калық үгілу құбылыстары басымырақ жүреді. 
Физикалық және химиялық үгілулердің нәтижесінде тау-
лар бұзылып, шыңдар мүжіледі. Құм мен балшық суға жуылып-
шайылып, су күшінің кемуіне және жер бедерінің ыңғайына 
қарай шөгеді. Физикалық үгілу болсын, химиялық үгілу болсын 
өзінше топырақ түзіле алмайды. Топырақ түзілу құбылысы – 
физикалық та емес, химиялық та емес, биологиялық құбылыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет