16. Топырақ химиясы зертханасы
институт құрылғаны-
нан бастап жұмыс істейді. Құрамында 20-ға жуық қызметкер
бар. Оның 2-і ғылыми қызметкер, басым көпшілігі – институт-
тың барлық зертханаларын топырақ анализімен қамтамасыз
ететін инженер-зертханашылар. Басшысы ауылшаруашылық
ғылымының кандидаты С.М.Сейфуллин.
Бағыты – топырақтың жалпы құрамын талдау, топырақта-
ғы макро және микроэлементтерді анықтау, сол арқылы тыңайт-
қыштар қажеттілігін іздестіру, топыраққа анализ жасаудың жаңа
тәсілдерін игеру. Қазақстан топырағының химиялық құрамын,
оның ішінде топырақты топтау немесе жіктеп бөлу үшін қажетті
негізгі қасиеттері: қарашірік мөлшері, механикалық құрамы,
тұздылығы, топырақтың сіңіру кешені, өсімдіктерге керекті не-
гізгі микроэлементтер, топырақ ортасының реакциясы толық
анықталды. 1960–1975 жылдары Қазақстан топырағындағы
микроэлементтердің құрамы да зерттелді. Микроэлементтердің
ішінде негізгілері – бор, марганец, мырыш, молибден, кобальт,
мыс элементтерінің жалпы және жылжымалы қорлары анық-
талды. Республикамыздың барлық облыстарында микроэле-
менттер мөлшерін көрсететін картограммалары жасалып,
түсініктемелері жазылды. Бұл материалдардың барлығы өнді-
рісте қолдану үшін облыстардың ауылшаруашылық мәселеле-
ріне тапсырылды. Зертхана топырақ анализін жасаудың әдісте-
месін жетілдірумен тиянақты шұғылдануда. Анализдердің көбі
қазір лаборант қолымен емес, ғылыми аспаптармен жасалады,
мұндай жағдайда жұмыс сапасы артып, уақыт үнемделеді.
Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының осы іргелі бір
ғылым ордасында қазіргі уақытта 260-қа жуық қызметкер же-
місті еңбек етеді. Олардың 139-ы ғылыми қызметкерлер, оның
ішінде 16 зертхана меңгерушілері, 1 бас ғылыми қызметкер,
5 жетекші ғылыми қызметкер, 27 аға ғылыми қызметкер, 12
ғылым докторы, 55 ғылым кандидаты бар. Бұлардың барлығы
да, туған жердің торқалы топырағын жан-жақты зерттеп, оны
жақсарту, гүлдендіру мақсатымен игілікті зерттеулер жүргізуде.
Топырақтану ғылымының халық шаруашылығымыздың басқа
салалармен байланысы жақсы дамыған. В.В.Докучаев ұйымдас-
тырған топырақ зерттеу комиссиясы 1913 жылы топырақтану
ғылыми-зерттеу институты болып қайта құрылды. Бұған
В.В.Докучаевтың есімі берілді. Докучаев іліміне Қазақстандық
ғалымдар
А.И.Безсонов,
Г.О.Оспанов,
В.М.Боровский,
А.М.Ахановтың қосқан үлестері өте мол.
Бүгінгі таңда Казақстан Республикасы Ұлттық академия-
сының Еңбек Қызыл ТУ орденді топырақтану институы еліміз-
дің топырағын жан-жақты зерттеп, оны халық шаруашылығына
тиімді пайдаланудың негіздерін көрсететін басты ғылыми
мекеме.
Бұл институт кең-байтақ республикамыздың жер қорын
тиімді пайдаланудың ғылыми негіздерін жасауда біршама игі-
лікті істер атқарды. Барлық облыстардың орта масштабты топы-
рақ картасы жасалып, олардың сипаттамасы, агрономиялық қа-
сиеттері, халық шаруашылығына тиімді пайдалану жолдары
жеке-жеке монографияларда баяндалды.
Топырақтану күрделі ғылым саласы. Оның құрамында
топырақ географиясы, эрозиясы, физикасы, химиясы, микробио-
логиясы, мелиорациясы, топырақ экологиясы жане оны қайта
құнарландыру сияқты бағыттар бар. Институттағы ғылыми-
зерттеу жұмыстары осы бағыттағы салаларды түгелге жуық
қамтыды.
Топырақты географиялық зерттеумен қатар, еліміздегі
топырақ мелиорациясы саласындағы белгілі ғалым Қазақ КСР
Ғылым академиясының академігі В.М.Боровскийдің жетекші-
лігімен топырақты мелиорациялауда кешенді зерттеулер жүр-
гізілді.
Қазақстан
жерін
мелиорациялау
саласындағы
В.М.Боровский басқарған зерттеулердің тәжірибеге енгізілуі
жақсы нәтиже бергені белгілі. Қазір республикамыздың топы-
рақтану ісінде дамыған барлық бағыттар институтта өріс алған.
Солардың қай-қайсымен де тиянақты зерттеу жұмыстарын
жүргізуде.
Топырақ – жердің жақсы қопсытылған, өлі табиғат пен тірі
ағзалардың межесінде жатқан құнарлы қабаты. Академик
В.И.Вернадскийдің айтуынша, топырақ әрі тірі, әрі өлі (био-
костное) денеден құралады. Жалпы жер көлеміне қарағанда,
топырақ өте жұқа қабат. Мысалы, Жер шарын футбол добындай
деп есептесек, ондағы топырақ қабаты сақал қыратын қауіпсіз
ұстараның қалыңдығынан он есе жұқа екен. Соған қарамастан,
Жер бетіндегі барлық тіршіліктің, оның ішінде адам өмірінің
негізгі арқауы – топырақ. Бірақ ол туралы дұрыс түсінік және
ғылыми зерттеулер кештеу дамыды. Мәселен, біздің құлағымыз
ботаника, зоология, геология, география сияқты ғылымдарға
әбден қанық. Бұл ғылымдардың нендей міндеттер атқаратынын
да және қандай жетістіктерге жеткенін жақсы білеміз. Мысалы,
ботаника өсімдіктер туралы ғылым болса, зоология жан-жануар
дүниесінің сыр-сипаты, ал геология, география болса, жалпы
Жер туралы және тау жыныстары мен Жердің астыңғы қабат-
тарын зерттейтін ғылым. Топырақтану деген ғылымның бар еке-
нін оның немен шұғылданатынын біле бермейтіндер әлі де бар-
шылық. Себебі топырақтану ғылымы — жас ғылым. Жоғарыда
айтылғандай топырақ туралы түсінік тек XIX ғасырдың 80
жылдары дарынды оқымысты В.В.Докучаевтың жемісті еңбек-
терінің арқасында қалыптасып, дамыды. Бұл туралы
В.В.Докучаевтың талантты оқушыларының бірі академик
В.И.Вернадский: «органикалық химияның дамуына –
бензол
, фи-
зиологияның дамуына
бақа
қандай міндет атқарса, топырақтану
ғылымының дамуына В.В.Докучаевтың «Табиғаттың қара топы-
рағы» деген еңбегі де сондай міндет атқарды» деп жазады.
Достарыңызбен бөлісу: |