Оразбаев Қ. И. О-65 Жалпы топырақтану



Pdf көрінісі
бет18/113
Дата28.09.2023
өлшемі2,94 Mb.
#182873
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   113
Байланысты:
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

Биологиялық үгілу
нәтижесінде қатты тау жыныстарынан 
қопсыған ылғал сіңіргіштік, су өткізгіштік қасиеті бар ұнтақ-
талған жыныстар пайда болады. Физикалық және химиялық 
үгілу кезінде босаған, суда ерігіш өсімдіктерге қоректік минерал 
заттар ауқымды геологиялық заттар айналымына түседі де, 


әртүрлі су ағыстарымен, өзендерге, теңіздерге, тіпті мұхиттарға 
қосылып, шөгінді жыныстарға айналады. Осы қопсыған, ұнтақ-
талған жыныстарға тірі организмдер қоныстана бастаған уа-
қыттан бастап, олардың денесіне керекті заттар өсімдіктер мен 
микроорганизмдердің өздеріне қажетті қоректік заттарды сіңіру-
лерінің нәтижесінде көлемді геологиялық айналымынан келіп 
түседі, яғни ауқымды геологиялық зат айналымынан кіші био-
логиялық зат айналымына көшеді. Қоректік заттары жоқ тау 
жыныстары тірі организмдер мекендегеннен кейін қоректік био-
фильді минералды және органикалық азотты заттардың қорына 
айналады, яғни құнарлы топырақ пайда болады. 
Үгітілген тау жыныстарында өсімдіктердің өсе бастауы – 
топырақ түзілу құбылысының бастамасы. 
Ғалымдардың тұжырымдамасы бойынша Жер бетінде 
алғашқы пайда болған тірі ағзалар өсімдік те, жәндік те емес – 
ультрабактериялар.
Олар тау жыныстарында да тіршілігін 
жалғастыра береді. Бұл ағзалардың ерекшелігі өздеріне керекті 
көмір қышқыл газы мен азотты ауадан ғана емес, тау жыны-
сының құрамынан да алады екен. Сөйтіп олар тау жыныстарын 
бірте-бірте бұзып-ұсақтап, өздеріне қолайлы мекен құрас-
тырады. 
Аталған ағзалар жылдар бойы тіршілік циклдерін аяқтап, 
қоныстанған орталарына қарашірік түзіп, майдаланған бөлшек-
тер желімденеді. Аздаған топырақ құнарлылығы пайда болып, 
артынша бұл қоректік ортада төменгі сатыдағы қыналар мен 
мүктер өсе бастады. Олардың клетка сөлінде қымыздық қышқы-
лы болғандықтан тау жынысының бұзылуына әсері әлде қайда 
белсендірек өтті. Қыналар мен мүктер жер таңдамайды және 
көбею коэффициенттері жоғарғы дәрежеде болады. Бұл ағзалар 
алдыңғы ултьрабактерия, микроағзалармен қосылып өздеріне 
тән биоценоздарды құрайды және тастар мен тауларды бүл-
діруден басқа өзі түзген топырақты да қорғай алады. Кейіннен 
осы байытылған қоректік ортаға жоғарғы сатыдағы өсімдіктер 
қоныстанып, қарашірік молая түседі де жоғарғы сатыдағы өсім-
дік тамырлары топырақ бөлшектерін біріктіріп, желімдеп, су-
дан, эрозиядан сақтайды. 


Климатқа, яғни ауадан түсетін ылғал мөлшеріне, ауа тем-
пературасының ыстық, суығына, үздіксіз уақыттың қысқа неме-
се ұзақтығына қарай әр жерде әртүрлі өсімдік, жан-жануарлар 
мен микроағзалар (микроорганизмдер) тіршілік етеді. Олардың 
әрекетінен әр жерде әртүрлі топырақтар түзіледі. 
Топырақ түзілу құбылысының жылдамдығы ғарыштан 
келген күн сәулесінің қуатына тікелей байланысты. Күн сәулесі-
мен қатар тірі ағзаларға (организмдерге) ылғал қажет, осыған 
байланысты топырақ түзілу жылдамдығы күні жылы, әрі ылғалы 
мол аймақтарда өте жоғары, ал керісінше ылғалы аз, күні суық 
немесе ыстық аймақтарда бұл құбылыстардың белсенділігі 
төмен. 
Тау жыныстарының минералды массалары топырақтүзуші 
өсімдіктер мен микроағзалар әсерінен топырақтүзуші немесе 
аналық жынысқа айналады. Сондықтан топырақ түзуші тау 
жынысын топырақ түзуші 
аналық жыныс
деп атайды. Жоғары-
да айтылғандай аналық жыныстардың физикалық, химиялық 
немесе басқадай қасиеттерінің өзгешеліктеріне байланысты 
өсімдіктердің қоныстануына және топырақтың түзілуіне әр 
түрлі орта жағдайы қалыптасады. Осыған байланысты аналық 
жыныстың сипаты топырақтың сапасына, әлеуеттік құнарлығы 
деңгейіне және агрономиялық құндылығына едәуір ықпалын 
тигізеді. 
Барлық тау жыныстары жаратылуына сәйкес 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет