Оразбаев Қ. И. О-65 Жалпы топырақтану



Pdf көрінісі
бет29/113
Дата28.09.2023
өлшемі2,94 Mb.
#182873
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   113
Байланысты:
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

күңгірт-сұр 
Күңгірт қарақоңыр 
Күңгірт құба 


(крапчатый) – қабаттың біртекті бояу фонында ұсақ дақтар (әр 
түсті) кездеседі. 
 
Топырақ ылғалдылығы. 
 
Топырақ ылғалдылығы әртүрлі факторларға байланысты: 
метеожағдайға, жер астындағы сулардың орналасуына, топырақ-
тың механикалық құрамына, өсімдіктер ерекшелігіне, т.б. 
Ылғалды топырақ құрғақты топыраққа қарағанда қүңгірт 
түсті болады. Топырақ ылғалдылығы оның құрылымы мен құр-
лысына әсер етеді, т.б. 
Далалық жағдайда топырақ ылғалдылығы бес дәрежеге 
бөлінеді: 
1.
Құрғақтопырақ – шаңды, қолға ұстағанда ылғал сезіл-
мейді, қолды суытпайды, топырақ ылғалдылығы гигроскопия-
лық ылғалдылыққа жақын (ылғалдылық ауалы құрғақ жағ-
дайда). 
2.
Ылғалдылау топырақ – қолды суытады, шаңдатпайды, 
кепкенде кішкене ақшылданады. 
3.
Ылғалды топырақ – қолға ылғал айқын сезіледі, 
фильтрлі қағазды ылғалдандырады, кепкенде түсі ақшылға 
өзгереді және қолмен қысқанда топырақ формасын сақтайды. 
4.
Дымқыл топырақ – қолмен қысқанда топырақ қамыр 
түсті күйге айналады, су қолды ылғалдандырады. 
5.
Сулы топырақ – топырақты қолмен қысса бармақтар-
дың арасынан су ағады.
 
Топырақ құрылысы. 
Топырақтың құрылысы – С.И.Долгов айтуы бойынша 
топырақ құрылысы деп оның кескініндегі түйірлер мен түйірт-
пектер өзара байланысты орналасуы сипатының және соған 
сәйкес қалыптасқан топырақтағы саңылаулардың көлемі, өзек-
тігі мен тұрпатын айтады. 
Топырақ құрылсының көлемі мен түрі бойынша мынандай 
типтерге бөлінеді: 
1.
Қуыстар топырақ құрылысы бөлшектерінің ішінде ор-
наласады. 


А. Жіңішке қуысы – топырақты тесетін қуыстық диаметрі 
1 мм. Көбінесе лесстерде және одан қалыптасқан топырақтарда 
кездеседі. 
Ә. Куысты – қуыс диаметрі 1–3 мм., лессті топырақтарда 
(сұр топырақтар, шымды-күлгін топырақтарда) кездеседі. 
Б. Губка тәрізді – топырақ 3–5 мм. Қуыстармен тесілген, 
көбінесе күлгін қабаттарда кездеседі. 
В. Тесікті немесе танаулы - куыс диаметрі 5–10 мм. (сұр 
топырақтарда кездеседі және жер қазатын хайуанаттарға бай-
ланысты). 
Г. Ұя тәрізді – қуыстардың диаметрі 10 мм. (субтропикалы 
және тропика топырақтарында). 
Д. Трубка тәрізді – үлкен жер қазғыш тышқандармен 
тесілген. 
2. Бөлшектердің куыстар арасында орналасуынан: 
А. Жіңішке жарықты

3 мм.
 - 
ден жіңішке, қуыстар тік ба-
ғытта орналасқан. 
Ә. Жарықты – жарықтардың көлемі 3 –10 мм.

ден 
жіңішке, призмалы және діңгек тәрізді топырақтарда кездеседі. 
Б. Саңылаулы – тік орналасқан қуыстар көлемі 10 мм
 -
д
ен кең, кейбір кебір топырақтар діңгекті қабаттарда кездеседі. 
3. Топырақтың қысымы коллоидтарға – кремнезем, алюми-
ний және темір қосындыларының цементтелуіне, механикалық 
құрамына, жануар және өсімдік тамырларының тіршіліктеріне 
байланысты құрғақ кезінде төменгідей дәрежелерге бөлінеді: 
А. Өте тығыз немесе біріккен құрылыс – топыраққа күрек 
кірмейді (1 см-ден артық кірмейді) біріккен қара топырақтар-да, 
кебір топырақта кездеседі. 
Ә. Тығыз жайласу 
– 
күрек немесе пышақ топыраққа зорға 
кіреді, 4 –5 см тереңділікке, топырақ қолмен әзер сынады (бал-
шықты топырақтар және кебірлі қабаттар). 
Б. Борпылдақ құрылым – топырақ түйіртпекті, күрек 
немесе пышақ топыраққа оңай кіреді, түйіртпекті агрегаттар өз 
арасында аз цементтелген (құмбалшықты топырақтар –жоғарғы 
қабаттар). 


В. Үгілгішті құрылыс – күрек және пышақ топырақкқа 
оңай кіреді. Топырақ сусымалы (шаңданған топырақ қабаттары). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет