бедерінің әр бөлігіне тән топырақтар жаралады. Тегіс жерлерде
топырақ түрлері біркелкі де, ойлы-қырлы жерлердің топырақ-
тары әртүрлі болады.
5. Топырақтүзілуіндегі ерекше фактор
бұл уақыт немесе
геологиялық дәуір. Топырақта өтіп жатқан барлық үдерістер
осы уақытқа байланысты. Қоршаған ортаның топыраққа әсері
және топырақтүзуші фактрорлардың жаңа топырақ түрін түзуі
белгілі бір уақыт аралығын талап етеді. Мысалы, географиялық
жағдай бірқалыпты
болмай өзгеретіндіктен, уақытқа байланыс-
ты топырақ эволюциясы жүреді. Сондықтан, геологиялық дәуір
топырақтың жаратылуы мен эволюциялық даму кезеңін көрсе-
теді. Топырақтың абсолюттік және салыстырмалы жастарын
бөледі. Уақыт факторына В.В.Докучаев көп көңіл бөліп, то-
пырақ шағы немесе жасы деген түсінікті ілімге енгізіп, оны жер
бетінің мұз немесе су астынан шыққан мезгілінен бастап есеп-
теген.
Бұл ілімді академик В.Р.
Вильямс дамытып, жоғарыда
аталған топырақ шағының түрлерін бөлген. Абсолюттік топырақ
шағын жер беті қаптаған мұздан босаған мезгілден есептейді.
Орыс жазығын, үлкен Днепрді мұздық кезеңде басқан мұздар
оңтүстіктен солтүстікке қарай жылжығандықтан ең алдымен
мұздан оңтүстік аймақтар, содан кейін тундра босаған.
Сондықтан, В.Р.Вильямстың
айтуы бойынша, оңтүстік пен
солтүстік топырақтарының жаралу жасының (шақтарының)
айырмашылығы бірнеше мың жылдарға тең.
Ал салыстырмалы жас белгілі абсолюттік шағы бар ай-
мақтың ішінде, рельеф және аналық жыныстардың айырма-
шылығынан пайда болған топырақ түрлерінің шағына сәйкес.
Рельеф элементтері және түрлері салыстырмалы жас немесе егде
келеді де, топырақтары соған сәйкес болады. Мысалы, өзен
жайылмаларының топырағы мен жайылмадан жоғары жерлердің
топырақтарын
салыстырсақ, біріншілерінің топырағы жаңа
құрылған жас шақты, екіншісінің топырағы салыстырмалы егде
жасты болады.
Сондай-ақ солтүстік Каспий ойпатының топырағы теңіз
суынан жуырда босаған. Сондықтан оның салыстырмалы жасы
бар деуге болады.