менттер түседі, олар: калий, кальций, магний, натрий, кремний,
фосфор, күкірт, темір, алюминий, сонымен қатар микроэлемент-
тер: марганец, бор, мыс, мырыш, молибден, кобальт, йод, бром, т.б.
Өсімдіктерде орташа мөлшермен 5%-ға жуық күл болады.
Бірақ өсімдіктер мен оның мүшелерінің күлділігі жоғарыда
келтірілген орташа мөлшерден едуір ауытқып 10%-ға жетуі
мүмкін (көпжылдық шөп, бактериялар, мүктер мен қыналар),
кейде әуелі 20-30%-ға (балдырлар) жетеді екен.
Топыраққа тап болған алғашқы органикалық қалдықтар
микроағзалар, су, ауа және температура факторларының әсері-
нен әртүрлі өзгеріске түсіп нәтижесінде күрделі органикалық
қосылыста қарапайым заттардың аралық өнімдерге ыдырауы
жүреді.
Белоктар (ақуыз), мысалы, басында гидролизге айналып
пептондарға, пиптендерге ыдырап, содан кейін бос аминқыш-
қылдарына айналады да, бір бөлігі гидролизге ықпал еткен
микроағзалардың денесін қалыптастыруға жұмсалады (белок-
тар), екінші бөлігі көмірқышқыл газы мен суға ыдырайды.
Аминқышқылдарының циклдік құрылымы (финилаланин,
тирозин) микроағзалардың энзимдерінің қатысуы арқылы тоты-
ғып қара қарашірік тәріздес заттар түзеді. Күрделі белоктардың
гидролизі кезінде аминқышқылдарымен қатар көмірсулар,
фосфор қышқылы, азотты гетероциклдік негіздер түзіледі.
Майлардың (липидттердің) гидролиздік кезінде
лигнин
(өсімдік жасушасында кездесетін органикалық зат, көбінесе
ағаш тектес өсімдіктерден химиялық жолмен өңдеу арқылы
қатпарлы қағаз алынады, суды сіңіріп ұстау қабілеті жоғары
болғандықтан, жарақаттанған жерді мақтаның орнына таңу
ретінде пайдаланылады ) мен
Достарыңызбен бөлісу: