жауын-шашын.
Топырақтың ылғалдылы-
ғын оның режимін (құбылымын) жылдық жауын-шашынның
жалпы саны емес, олардың жыл маусымдарындағы мөлшері
мен қарқындылығы анықтайды. Жауын суларының бір бөлігі
құрлық бетінен буланатын болса, екінші бөлігі ылдиға қарай
ағып кетеді. Тек үшінші бөлігі ғана топыраққа сіңеді. Сәл топы-
раққа сіңген су ылғал қоры ретінде жинақталып, оны өсімдіктер
пайдаланады. Топырақ арқылы сүзілген су ондағы жылжымалы
заттарды ерітіп, сілтісіздендіріп, топырақтағы химиялық үдеріс-
терді реттейді. Ал топырақ үстімен аққан су оның құнарлы қа-
батын, органикалық және механикалық бөлшектерін жуып-
шаяды да, эрозияға шалдықтырады.
Топыраққа сіңген су мөлшері жалпы жауын-шашын
көлемімен ғана шектелмейді. Топырақтағы ылғал қоры булану-
ға, ауа температурасына, жер бетінің кеңістігіне де байланысты
болады. Сондықтан жылдық жауын-шашын мөлшерін ауа тем-
пературасымен, жер бедерімен және топырақтың қасиеттерімен
байланыстарын бағалаған жөн.
Табиғи жағдайлар өзара шарт-
ты байланыста және өзара тәуелді келеді.
Ауаның температурасы топырақтағы физикалық, химия-
лық бұзылудың қарқынына және биохимиялық үдерістердің
шапшаңдығына тікелей әсер етеді. Сонымен бірге топырақтағы
ылғал мөлшері, оның булануы да температураға байланысты.
Температура жоғарылаған сайын, топырақтағы барлық хи-
миялық және биологиялық үдерістер, химиялық реакциялар
тездетіледі, топырақтағы микроағзалардың белсенділігі артады.
Ал температура төмендесе, топырақтағы барлық үдерістер
бәсеңдеп, микроағзалардың әрекеті сөніп, онан әрі қыс түсісімен
топыраққұралу үдерістері тоқтайды.
Жел
топырақтың құралу үдерісіне маңызды әсер етеді.
Жоғарыда тоқталғандай жылжымалы ауа массасы топырақтың
әртүрлі бөлшектерін ұшырып әкетіп немесе қайта әкеліп са-
пырыстырып топырақ қасиеттерін өзгертеді. Жел көбінесе
өсімдіктер жамылғысы мен қорғалмаған үстірттердегі борпыл-
дақ жыныстарды ұшырады (дефляция немесе жел эрозиясы). Бір
жерден жел ұшырған шаң-тозаң және құмды заттар басқа ойлы
жерлерге жиналады.
Жел қарды да, сор жерлердің бетіндегі тұздарды да ұшы-
рып әкетеді. Қарды ұшырғанда жел арқылы топырақтағы ылғал
қайта бөлінетін болса, жел ылғалдың булануын үдетеді және
жалпы жылылық пен ылғалдылықтың реттеуші тетігі болып
саналады. Далалық аймақта, топырақты кептіріп, егістікті құрта-
тын, зиянды аңызақ (ыстық) жел жиі соғады.
Жауын-шашын, температура және жел бірлесіп
жалпы
топырақтықтың су және жылулық құбылымын (режимін) анық-
тайды. Солардың бірлескен нәтижесінде кейбір топырақтар жет-
кілікті, басқалары жеткіліксіз ылғалданып, кей жер жылынбай,
өсімдіктердің дамуына әртүрлі қолайсыз жағдайлар туады.
Территориялық жағынан климат макро (үлкен) және микро
(кіші) болып бөлінеді. Макроклимат табиғи аймақтарға сәйкес
белгілі тұрақты элементтерден құралады. Солтүстіктің темпера-
турасы төмен, ылғалы көп климат аймағы болса, оңтүстік –
жоғары температуралы, ылғалы аз, құрғақ аймаққа жатады.
Бірінші аймақта булану жауын-шашын мөлшерінен төмен болса,
екінші аймақта булану жауын-шашын мөлшерінен 5-9 есе артық
болады.
Микроклимат деп әр аймақтағы жергілікті (жер бедеріне,
өсімдік жамылғысына, т.б.) жағдайларға байланысты
көлемі
шағын
жерде байқалатын температураның, ылғалдың және
желдің өзгешеліктерін айтады. Мысалы, дала аймағында көлемі
кішкентай ойпаң жерлерде ылғал көбірек жиналып, топырақ
жақсы ылғалданып, шабындық өсімдіктер жамылғысы пайда
болады да, айнала дала реңімен ерекшеленіп тұрады. Бұл жердің
ылғалы жазда аса көп буланбай, тұрақты сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |