түрлі болады, бірақ көптеген топырақта минералды бөліктердің
үлесі оның жалпы массасының 80-90% құрайды.
Органогенді
топырақтарда бұл көрсеткіш 10%-ға дейін төмендейді. Топы-
рақтың құрамына
белгілі химиялық элементтердің барлығы
кіреді.
Едәуір кең таралған топырақ элементтері оттегі (49%),
кремний (33%), алюминий (7,13%), темір (3,80%), көміртегі
(2,0%), кальций (1,37%), калий (1,36%), натрий (0,63%), магний
(0,63%), азот (0,10%).
Топырақтағы химиялық элементтердің көпшілігі аз мөл-
шерде ғана болады. Бірақ олар өсімдік тіршілігінде үлкен қыз-
мет атқарады. Олардың
қатарына жататындар көміртегі, фос-
фор, күкірт, сонымен қатар микроэлементтер (бор, маргенец,
молибден, мыс, мырыш, кобальт, йод, фтор, т.б.)
Топырақтың органикалық заттары күрделі қосындылар
кешенінен тұрады: ыдыралмаған
және топырақта тіршілік
ететін жануарлар мен микроағзалардың төменгі және жоғарғы
сатыдағы өсімдіктер қалдықтарының әртүрлі сатыдағы ыдырау
кезінен және бастапқы органикалық
қосындыларда болмаған
арнаулы қосылыстар түзіледі
. Осы
арнаулы органикалық қосы-
лыстар
топырақтың маңызды бөлігін құрайды, оны
Достарыңызбен бөлісу: