3. Әр гектардың өнімділігін арттыру үшін әр адам өз
мекенін, жерін сүйетін болсын;
4. Топырақ құнарлылығының төмендеуін тоқтату;
5. Топырақтың су-қорек режимін (құбылымын) оптимал-
дау және өсімдіктердің аурулар мен зиянкестерге төзімділігін
арттыру.
Аталған қағидалар – еліміздің ауылшаруашылығына да
лайықты болғандықтан, алдағы уақытта іске асыратын осы
жұмыс, келешекте азық-түлік мәселесін шешудің кепілі.
7. Топырақ-ыза суының топырақтүзілуіне әсері.
Топырақ-
тағы көптеген химиялық және биологиялық үдерістер өтетін
негізгі орта – су. Көптеген өзендердің аралық кеңістіктерінде
орналасқан топырақ жамылғыларына негізгі судың көзі ретінде
қызмет ететін атмосфералық жауын-шашын. Бірақ жер асты ыза
суы жақын орналасқан жерде, олар топырақ түзілуіне өте
қарқынды түрде әсер етеді. Олардың әсерінен топырақтағы су
және ауа режимі өзгереді. Жер асты ыза суы, оның құрамында
болатын химиялық қосылыстармен топырақ қабаттарын байы-
тып, кейбір кезде сортаңдану құбылысын тудырады. Ылғалы өте
мол топырақтарда оттегінің мөлшері едәуір төмендеу себебінен
кейбір микроағзалардың әрекеті азайып кетеді. Нәтижесінде жер
асты ыза суының әсерінен ерекше топырақ жамылғысы қа-
лыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: