Оразбаев Қ. И. О-65 Жалпы топырақтану


Механикалық сіңіру қабілеттілігі



Pdf көрінісі
бет46/113
Дата28.09.2023
өлшемі2,94 Mb.
#182873
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   113
Байланысты:
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

Механикалық сіңіру қабілеттілігі
– топырақ суспензия-
лары бөлшектерін топырақтың тұту қабілеттілігі. Топырақ сус-
пензиялары топыраққа судың ағып келуі және сіңуі кезінде 
пайда болады. Топыраққа енетін су өзімен бірге қалқыма бөл-
шектерді, молекулаларды және иондарды ала жүреді. Бөлшектер 
топырақтың кеуек жүйелері мен жолдары арқылы сумен бірге 
жылжи отырып, біртіндеп ондағы тар аралықтарда тұтылып 
қалады. Бұл көбінесе бұрылыстар мен бітеу жерлерде болады. 
Топырақ кеуектері неғұрлым тар болған сайын онда топырақ 
суспензияларының көп бөлшектері тұтылады. Мысалы, тастар 
суспензия бөлшектерін нашар ұстайды, құмдарда топырақ 
бөлшектері ұсталады, саздық топырақтарда – коллоидты бөл-
шектер, сонымен бірге микроағзалар ұсталады. Топырақтардың 
механикалық сіңіру қабілеттілігі топырақ ерітінділерін қалқыма 
бөлшектерден жоғарғы дәрежеде тазалауды қамтамасыз етеді. 
Олардың бір бөлігі жоғарғы қабатта қалады да, жинала береді, 
уақыт өте топырақтың механикалық құрамы өзгереді. Топырақ-
тардың сіңіру қабілетінің бұл түрі суару, су суспензияларын өн-
дірістік мақсатта пайдалану және ауыз суын тазалау кездерінде 
пайдаланылады. 
Топырақтың физикалық сіңіру қабілеттілігі
– бұл кол-
лоидтық бөлшектердің топырақ ерітінділерінен су үлбірлерінің 
беткі керілуін төмендететін заттардың молекулаларын сіңіру 
қабілеттілігі. 


Механикалық сіңіру 
кезінде суспензиялар бөлшектерден 
босап, молекулалар мен иондары бар ерітінділерге айналады. 
Әрбір топырақ бөлшегі су үлбірімен қоршалып қалады. 
Бөлшектердің беттерінде судың молекулалық қабаты су 
тамшысының үлкен күшпен керілуі арқылы ұсталып тұратыны 
белгілі. Әдетте су тамшысының керілуі ауамен арадағы шекара-
да 0
0
С кезінде 75,5 Н/см тең. Сол себепті топырақта ұсақ бөл-
шектер көп болған сайын су тамшысының жалпы беті де үлкен 
болады, беттің керілу күшінің энергиясы да артады. 
К.К.Гедройц (1955) әртүрлі тұздардың ерітінділерін зерт-
тей отырып, заттарды екі үлкен топқа бөлуге болатынын анық-
тады: су тамшысының беттік энергиясын төмендететіндер және 
оны жоғарылататындар. Су үлбірінің беттік керілу күші әртүрлі 
қышқылдар мен тұздардың әсер етуі кезінде өзгереді. Бей-
органикалық қышқылдар мен олардың тұздары көбінесе жоға-
рылатады, ал органикалық қышқылдар, спирттер, алкалоидтар 
және бояулар су тамшысының беткі керілуін төмендетеді және 
олардың топырақ ерітіндісіндегі концентрациясы көп болған 
сайын беткі керілу күшейе түседі. Сол себепті топырақ ерітін-
дісіндегі топырақ бөлшектерінің айналасындағы заттар молеку-
ласының орналасуы әртүрлі. Су тамшысының беткі керілуін 
жоғарылататын заттар топырақ бөлшектерінен біршама қашық-
тықта орналасатын болса – бұл құбылыс теріс адсорбция (лат. ad 
– кезде, sorber – сіңіру, сору) деп аталады. 
Соныменен, топырақ ерітіндісінің енуі кезінде су тамшы-
сының беткі керілуін төмендетеін заттар, яғни органикалық 
қышқылдар, спирттер, алкалоидтар, топырақта тұтылып жина-
латын болады, ал беткі керілуді жоғарылататын, барлығынан 
жиі диссоциацияланатын бейорганикалық заттар сумен жуылып 
кетеді. Су тамшысының беттік энергиясының кемуі тек қана оң 
адсорбцияның салдарынан ғана емес, сонымен бірге топырақ 
бөлшектерінің жалпы беттерінің кішіреюімен қоса жүретін 
коагуляция үдерістері кезінде де жүреді, яғни физикалық сіңіру 
қабілеттілігі едәуір дәрежеде топырақ коллоидтарының жағдай-
ларына тәуелді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет