Бұл суды тек 100
0
С астам температураға дейін қыздыру арқылы
ғана түгел буға айналдыруға болады.
Қылтүтік суы
топырақ қылтүтіктеріндегі су, ол жоғары-
төмен жылжи отырып өсімдіктер бойына оңай сіңеді.
Гравитациялық су
өз салмағымен
топырақтың жоғарғы
бетінен төменгі қабаттарына жылжиды. Өсімдіктерге оңай
сіңеді. Бірақ өз салмағымен тез жылжитындықтан, өсімдіктер
оны көп пайдалана алмайды, ол су топырақ астындағы жер асты
ыза суының қорына қосылып кетеді.
Қатты күйіндегі су мұз және қар. Еріген кезде өсімдіктер
оны пайдалана алады. Бұлар көбінесе суық аймақтарда таралған,
Антарктидада түгелдей, солтүстік мұзды мұхитта және кейбір
аймақта
қыс кезінде ғана, ал тағы бір аймақта қыс мезгілі
болмайтын жерлер де бар.
Жер асты ыза суы
көбіне
топырақ қабатынан көп
тереңдікте жататындықтан топыраққа және өсетін өсімдіктерге
әсерсіз болады. Ал керісінше,
кей жағдайларда, әдетте, ТМД
елдерінің батыс және солтүстікте жатқан ылғал мол түсетін
аудандарында, өзен бойлары мен сағаларында және суармалы
егіс алқаптарында топырақ астындағы ыза сулар жер бетіне
жақын жатып топырақ түзуге, өсімдіктер өміріне үлкен
әсерін
тигізеді. Мұндай жағдайда көбінесе шалғынды топырақтар
түзіледі.
Топырақ суын абсолюттік таза су деп түсінбеуіміз керек.
Оның құрамында суда еріген әртүрлі заттары бар топырақ
ерітінділері. Өсімдіктер барлық қоректік
заттарды тек осы ері-
тінділерді бойына сіңіру арқылы алады. Сондықтан да топырақ
суы немесе ылғалы – оның құнарлылығының негізгі шарт-
тарының бірі. Академик Г.Н. Высоцкий топырақ суының өсім-
діктер үшін
маңызын айта келіп, оны адамдардың тамыр-
ларындағы қанымен салыстырған.
Достарыңызбен бөлісу: