Оразбаев Қ. И. О-65 Жалпы топырақтану



Pdf көрінісі
бет56/113
Дата28.09.2023
өлшемі2,94 Mb.
#182873
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   113
Байланысты:
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

топырақ және 
оның құнарлылығы
туралы түсініктер біртұтас, өйткені құнар-
лылық топыраққұралу үдерісімен бірге қалыптасады. 


Өсімдікке қажетті факторларды Вильямс екі топқа бөлген: 
ғарыштық
(жарық, жылу) және 
жерлік
(су, ауа, қоректік
заттар). 
Жоғарыда айтылғандай топырақ құнарлылығын, оның 
түрлерінің аттарын анықтауға, терминдік келісім жоқ, құнар-
лылығы ілімін анықтай келе, Вильямс бұл негізгі қасиетті 
"топырақтың өсімдіктерге қажетті қоректік элементтер мен 
тіршілік факторларын мезгілді және тиісті мөлшерде жинап 
беру қабілеті" деп түсіндірген. Шынында да құрамында жеткі-
лікті құнарлылық элементтері бар, бірақ құнарлылық жағдай-
лары нашар топырақтар құнарлы деп саналмайды. 
Сонымен, құнарлылық деген түсінікке топырақтың құнар-
лылық қасиеттері мен жағдайлары кіреді. Құнарлылық элемент-
тері атмосфералық заттар (азот, оттегі, көмірқышқыл газ) және 
топырақтық элементтер (макроэлементтер: азот, фосфор, калий, 
кальций, магний, темір, күкірт, микроэлементтер: бор, молиб-
ден, мыс, цинк, кобальт, т.б.) кіреді. Құнарлылық жағдайларына 
атмосферадан келетін күн сәулесінің жарық, жылу, жауын-
шашын жатады да, топырақтың құрамы, қасиеттері және заттар 
құбылымы кіреді. Биологиялық тұрғыдан құнарлылық жағдай-
ларына микробтық және ферменттік белсенділік пен өнім бере-
тін сорттар ерекшеліктері жатады. 
Топырақ-топырақтүзуші факторлар функциясы (нәтиже) 
болса, оның құнарлылығы аталған элементтер мен жағдайлар 
функциясына жатады. 
Топырақ құнарлығының маңызды көрсеткіштеріне заттар 
құбылымы (су, жылу, газ (О
2
, СО
2
), қоректік элементтер, т.б.)
параметрлерінің мезгілді өзгеруі, заттар мөлшерінің көбеюі, 
орын алмасуы , т.б. жатады. 
Егіншілікте топырақ үдерістері мен құбылмалылықтар 
адам әсерінен (антропотекті) өзгерістерге ұшырайды. Сол үшін 
топырақты өңдеп, оны тыңайтады (суландыру, құрғату, химия-
лық мелиорация, тұздарды шаю, т.б.) жұмыстар атқарады. Адам 
осындай мақсатты агроәрекеттер мен топырақтың бастапқы 
(табиғи) қасиеттері мен құбылмалылықтарын арнаулы бағытта 
өзгерте алады, яғни жасанды құнарлылық түзеді. Оның да 
потенциалды және тиімді түрлері болады. 


Топырақты дұрыс пайдаланбаса құнарлылық төмендеп, 
тіпті бұл қасиет жойылып кетуі мүмкін. Соны дәлелдеу үшін 
ХVІІІ ғасырда экономист Тюрто аты шулы "Топырақ құнар-
лылығының төмендеу заңын" шығарған. Оның мәні мынандай: 
"Жерге (топыраққа) сіңірген еңбектен алынған қосымша өнім 
мөлшері бірте-бірте азая береді деп сипатталған". 
Сонымен, өнімге жұмсалған шығын өскенімен, мәселе 
алынған қосымша өнім мөлшерінің азаюында болып тұр. Бірақ, 
бұл пікірде өнімге топырақ құнарлылығы элементінің қатысын 
ескермеген. Топырақтүзілу үдерісінің негізгі заңы топырақ 
құнарлылығының ұлғаюы ағзалар тіршілігінің қызметі. Осы 
тұрғыдан талқылағанда топырақтанудың негізі заңы былай тұ-
жырымдалады: Тірі ағзалар қатысуы, күн сәулесінің қуаты және 
үлкен геологиялық айналым арқылы келетін қоректік заттар 
топырақ кескінінде бірте-бірте шоғырлануы нәтижесінде ғасыр-
лар бойы топырақ құнарлылығының артуы өсімдіктерге негіз-
делген. Бұны топырақ пен ағзалар (организмдер) арасында 
жүретін кіші биологиялық айналым дейді. Ол неғұрлым екпінді 
жүрсе, топырақ құнарлылығы да тез азаяды. Топырақтың табиғи 
құнарлылығын толығымен іске жарату және оның тиімді түрін 
көтеру шаралары мен тәсілдеріне органикалық және минерал-
дық тыңайтқыштарды тиімді қолдану, қышқыл топыраққа әк, ал 
сортаң топыраққа гипс қосу, топырақты өңдеу істерін жақсарту, 
суару мен құрғату және оны жел-су эрозиясынан сақтау, шөп 
егу, ауыспалы егіс енгізу және жоғары өнім беретін дақылдар 
сорттарын өсіру жатады. 
Жалпы құнарлылық дегеніміз – топырақтың ерекше 
қасиеті, яғни оның өсімдікті органикалық және минералдық 
қоректендіру қабілеті, оның суға, ауаға, жылуға тұтынушы-
лығын қанағаттандыру немесе мәдени және табиғи өсімдік-
тердің өсіп-өнуіне толық жағдай туғызу қабілеті. Құнарлылық 
топырақтың физикалық, химиялық қасиеттеріне және оның 
құрамына байланысты. Топырақ құнарлығының маңызды көр-
сеткіш деңгейлерінің бірі-топырақтағы қарашірік (гумус) мөл-
шері және гумус қабатының қалыңдығы. 
Өте құнарлы топырақ қаратопырақ болып саналады, ал ең 
құнарсыз − сортаң және сорлар. 


Көптеген зерттеушілердің (В.В.Докучаев, т.б.) мәліметтері 
бойынша табиғи жағдайда 1 см топырақ қабатындағы құнарлы-
лықты қалпына келтіру үшін 500 жыл керек екен, сондықтан то-
пырақ қарашірігін сақтау қоғамдағы адамдардың денсаулығы-
мен тікелей байланысты, яғни біздің ағзамызға керекті қоректік 
элементтер мен дәрумендердің барлығы осы топырақ гумусында 
шоғырландырылған. 
Топырақ құнарлылығының категорияларына жеке тоқта-
латын болсақ табиғи құнарлылық – адам әрекетінсіз, жасанды – 
мелиорациялау, тыңайту, яғни адам әрекеті, экономикалық-
жерден алынған өнімді қаржылай бағалау болып бөлінеді. 
Топырақтың құнарына әсер ететін факторларды төменгі 
топтарға ажыратуға болады: 
а) топырақтың физикалық қасиеттері, яғни-оның суға төз-
гіш құрылымы, ауа өткізгіш кеуектілігі, ылғалды жақсы сіңіріп, 
ұстап тұра алатын қабілеті, өңдеуге қолайлы механикалық 
қасиеттері; 
ә) топырақтың химиялық және физика-химиялық қасиет-
тері қарашіріндінің молдығы, өсімдіктерге сіңімді азот, фосфор, 
калий және микроэлементтердің жеткіліктілігі, топырақ ортасы 
реакциясының бейтараптылығы, топырақ сіңіру кешенінің 
кальций катионына қанық болуы, топырақтың ауамен қамтама-
сыз етіліп, оның тотығу-тотықсыздану мүмкіндігі, зиянды 
тұздардың суда неғұрлым аз еруі немесе аз болуы; 
б) топырақтың биологиялық қасиеттері микробиологиялық 
белсенділіктің жоғарылығы, ауадан азот жинаушы микро-
организмдердің, биологиялық белсенді ферменттерді шығара-
тын микроорганизмдердің, топырақ құрылымына және оны қоп-
сытуға әсер ететін жәндіктердің болуы; 
в) бүкіл өсімдіктердің өсіп-өну кезінде гидротермикалық 
режимнің болуы, яғни өсімдіктердің қажетті ылғал және жылу-
мен қамтамасыз етілуі. 
Осы көрсеткіштердің қосындысы топырақтың құнарлылы-
ғын анықтайды. Көп жағдайда топырақ құнарлылығы табиғи 
жағдайдың өзінде-ақ қамтамасыз етілген. Алайда топырақтың 
әртүрлі табиғи аймақтарда орналасуына қарай олардың жо-
ғарыда келтірілген топырақ құнарына әсер ететін қасиеттері 


әртүрлі. Мәселен, бір аймақтарда ылғал жетіспейтін болса, кері-
сінше басқа жерде күн сәулесі тапшы. Ал кейбір аймақтарда 
топырақ құрамындағы зиянды тұздар қосындысы тым мол. Осы 
жағдайларға байланысты әртүрлі табиғи аймақтарда топырақ 
құнарлылығының әртүрлілігі – заңды құбылыс. Табиғи күйінде 
кейбір топырақтар өзінің өте жоғарғы құнарлық көрсеткішімен 
көзге түседі. Мұндай топырақтар қатарына В.В.Докучаев “топы-
рақ патшасы” деп атаған қара топырақтар жатады. Топырақтың 
табиғи құнарлылығының өлшеміне: оның биологиялық өнім-
ділігінің деңгейі, яғни белгілі бір өлшемдегі жерден алынған 
өсімдіктер өнімі, көлемі есептелінеді. Бұл көрсеткіштер өсім-
діктердің әртүрлі табиғи жағдайларда өніп-өсуіне байланысты 
әртүрлі болып келеді. Олардың өнімдері гектарынан ондаған 
центнерден бастап жүздеген, мыңдаған центнерге жетеді. Бұл 
өнім топырақтардың табиғи немесе мүмкіндік құнарлылығы 
жағдайында алынған өнімдер. Топырақтың табиғи күйіндегі 
құнарлығымен қатар оның тиімділік немесе экономикалық 
құнарлылығы болады. Топырақ құнарлылығы адам қоғамының 
белсенді араласуының нәтижесінде іске асады. Игерілген топы-
рақтар бұрынғы табиғи дене ғана емес, бұл енді адам қоға-
мының өндіргіш күші арқылы өзгерген денеге айналады. Осы-
ған байланысты топырақтардың табиғи құнарлылығы деген 
түсінік орнына адам әрекетіне байланысты өзгерген тиімділік 
немесе экономикалық құнарлылық түсінігі пайда болады. 
Топырақ құнарлылығына әсер ететін жағдайдың бірі – 
оның эрозияға ұшырауы. Бұл ғасырлар бойы түзіліп, жиналған 
топырақтың құнарлы беткі қабатының қатты соққан жел дауыл-
дың әсерінен немесе қатты нөсерлетіп жауған жаңбырдан, тез 
еріген қардан, кей жағдайларда суармалы егістік жерлерді суару 
кезінде суды мөлшерден артық жіберудің нәтижелерінде жуы-
лып-шайылуынан болады. Әлемде топырақтың жел эрозиясына 
да, су эрозиясына да ұшыраған алқаптар аз емес. Сондықтан да 
табиғаттың бұл апатымен күресу жолдары топырақтанудың бір 
саласы. 
Әлемдегі ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесінде, 
әсіресе өндірістің қарышты дамуынан табиғатқа, оның ішінде 
топырақ құнарына зиянды әсері де толып жатыр. Соның ішін-


дегі ең негізгілері жер қойнауының әртүрлі тереңдігінде жатқан 
қазба байлықтарды барлап, қазып алу және оларды байыту 
кезінде құнарлы топырақ қабаттары бұзылып, жер бетіне жер 
астындағы құнарсыз тау жыныстары шығып көптеген жерлер 
құнарсызданады. Оған қоса көптеген зауыт-фабрикалар мен 
жылу электрстанцияларынан шығатын күл-қоқыстармен ласта-
нып, құнарларынан айырылатын жерлер баршылық. Осындай 
жерлеріміздің құнарын қайта қалпына келтіруді қайта культи-
вациялау (рекультивация земель) деп атайды. Қазіргі кезде 
топырақтың дағдарысы көптеген факторларға байланысты күй-
зеліске ұшырауда. Оны топырақ деградациясы деп атайды, бұл 
құбылыс көбінесе жерді білімсіз пайдаланудан болатын нәтиже. 
Негізінен топырақ деградациясы дегеніміз оның қасиетінің 
жылдар бойы білінбей, біртіндеп нашарлауы (ағза ауруы 
сияқты), ал мұндай дағдарыс топырақтағы қарашіріктің азаюына 
әкеліп соғады. Мұндай нәтиже – адамзаттың жер шаруашылық 
әрекетін сауатты атқармауының салдары. Танаптардан негізгі 
(дән, тамыржемістілер, көкөністер, техникалық дақылдар, т.б.) 
және қосымша өнімдерді (жапырақтар, сабандар, сабақтар 
қалдықтары, т.б.) жинап адамзат биологиялық айналымдағы 
заттарды түгелдей немесе жартылай бұзады да топырақтың өзін-
өзі реттеу қабілеті төмендейді, яғни оның құнарлылығы азаяды. 
Осы үдерістер түбінде керексіз дағдарысқа әкеліп соғады да, 
гумустың жоғалуы дегумификацияға ұшырайды. Әуелі топырақ-
тағы азғана гумустың азаюының өзі дағдарыс әсерінен топырақ 
құнарлылығының төмендеуіне әкеліп топырақтың экологиялық 
қасиетін атқару мүмкіншілігі жойылып, ол деградацияға ұшы-
райды, яғни оның физикалық қасиеті нашарлайды. 
Топырақ – күрделі дене, ол бірнеше фазалардан тұрады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет