Оразбаев Қ. И. О-65 Жалпы топырақтану



Pdf көрінісі
бет52/113
Дата28.09.2023
өлшемі2,94 Mb.
#182873
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   113
Байланысты:
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

Гумин қышқылдары
органикалық және минералдық 
қышқылдарда ерімейтін гумус қосындыларының топтары. 
Қышқылдық сипаты аса анық емес көміртегінің мөлшері (62%), 
орташа мөлшермен есептегенде молекулалық массасы жоғары. 
Гумин қышқылының мөлшері жақсы өңделген шымды-күл-
гіндіде, кейде сұр-ормандыда, күңгірт топырақтарда және қара 
топырақтарда көп болады. 
Гумин 
– гумустың берік және бөлінбейтін үлесі. Олар екі 
қосылыстар типінен тұрады: гумустық заттардан, балшықты 
минералдармен (балшық гумусты гумин) тығыз байланысқан; 
өсімдік қалдықтарының кейбір бөлшектерінің ыдырауы; анато-
миялық құрылысы жойылған және көптеген тұрақты компо-
ненттермен (бөліктермен) байытылған, әсіресе лигнинмен 
(детриттік гумин). Бұл мәлімет экпериментальді түрде дәлел-
денген (Моток, 1986). 


Гиматомеландық қышқылдар
– 
 
фульвоқышқылы мен 
гумин қышқыл арасында аралық қасиетке ие болған гумустық 
заттар тобы. Бұрын гумин қышқыл тобына жатқызылған бо-
латын. Гумин қышқылынан айырмашылығы полярлы органи-
калық еріткіштерде еритіндігі мен басқа да қасиеттері. Гумус 
заттарының топтарын экстрактаттау (бөліп алу) әртүрлі тәсіл-
дердің көмегімен ұсақ топшалар мен фракцияларға бөлінеді,
айырмашылықтары: топырақтың минералдық компоненттері 
бойынша байланысқандығы, молекулярлық массасы бойынша, 
электр форетикалық жылжымалылық, т. с. с. 
Сонымен, гумустық заттардың табиғи қышқылдығын тү-
сіндіретін карбоксил топтары. Олармен жоғарғы дәрежеде 
қаныққан фульвоқышқылы 100 г ауа-құрғақ заттарында 700-900 
мг-экв., болса, гумин қышқылының 100 г ауа-құрғақ затындағы 
мөлшері едуір аз, яғни 300-400 мг-экв. 
 
 
Гумустың түзілу үдерістеріне сипаттама 
 
Топыраққа өсімдіктердің ғана қалдықтары түсіп қоймай
(біріншілік органикалық зат), онымен бірге микробиологиялық 
өзгеріске түскен өнімдер және жануарлардың қалдықтары да 
жиналады (екінші органикалық зат). Топыраққа түскен органи-
калық заттарының құрамына өсімдіктің бойындағы қосындылар, 
бактериялар мен саңырауқұлақтар плазмалары, сонымен қатар 
олардың әрекеттесуінен пайда болған өнімдер кіреді. 
Гумус (қарашірінді) осы органикалық заттардан түзіледі, 
ал соңғысының негізгі көздері – жыл сайын топырақта өсетін 
өсімдіктер, майда жәндіктер мен микробтар қалдықтары топы-
рақтың беткі қабатында жиналады. Өсімдіктердің өсуіне қолай-
сыз шөл мен тундра аймақтарында өсімдіктер қалдығы гекта-
рына жыл сайын 5-10 центнер болса, жеткілікті ылғалданған 
дала аймақтарында ондай қалдықтар мөлшері 100-150, ал күні 
аса жылы ылғалы да мол тропикті ормандарда олардың мөл-
шерлері гектарына 250 ц жетеді. Бұл қалдықтардың құрамында 
май, смола, балауса, клетчатка, көміртегі, сутегі, лигниндер, бе-
локты, азотты заттар шіріп, жай минералды қосылыстарға ыды-
райды. Екіншіден, осы ағзалар қалдықтары микробтардың әре-


кеттерінен күрделі биохимиялық өзгерістерге ұшырап, олардан 
тұрақты органикалық зат-топырақ қарашіріндісі – гумусты 
түзеді. (1.4). 
Сонымен органикалық қалдықтардың біразы толық 
ыдырап минералданса, біразы қайтадан топырақта органикалық 
заттардың жаңа күрделі түріне, биохимиялық синтез арқылы 
айналады. Минералдану мен гуминдену үдерістері микроағзалар 
арқылы жүреді. 
Гумификация құбылысын зерттеген белгілі ғалым Л.Н. 
Александрова. Гумустың (қарашіріктің) түзілуінің белсенділігі 
топыраққа түскен өсімдік қалдықтарының мөлшері, химиялық 
құрамы, топырақтың ылғалы, ауа режимдері, ортаның реак-
циясы, биологиялық белсенділігі сияқты факторларға байла-
нысты. 
Белгілі ғалым Д.С.Орлов (1977) гумификацияланудың 
маңызы деген ұғым енгізіп, өрнегін құрды: 
H = f (Oi
.
t). 
O – жыл сайын топыраққа түсетін өсімдік қалдықтарының 
мөлшері, і – олардың ыдырауының тезділігі, t – топырақтағы 
биологиялық белсенділіктің уақыты. Осы көрсеткішпен әртүрлі 
топырақтағы гумификация үдерісінің сипаттамасын анықтауға 
болады. 
Қарашірік заттары негізінен гумус немесе қарашірік 
қышқылдарынан тұрады. Олардың құрамына гумин қышқыл-
дары, фульво қышқылдары және гумин кіреді. Гумин қышқыл-
дарының құрамын ароматикалық құрылымдар (50-60%), көмір-
сулар (25-30%), функционалдық топтар (10-25%) құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет