Оразбаев Қ. И. О-65 Жалпы топырақтану



Pdf көрінісі
бет51/113
Дата28.09.2023
өлшемі2,94 Mb.
#182873
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   113
Байланысты:
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

 
 
II.
 
IV. Топырақ гумусы мен су түрлері 
Гумус немесе қарашірік дегеніміз ағзалардың анатомия-
лық құрылым белгілері толық жойылған топырақтағы органи-
калық заттың негізгі бөлігі. Бұл заттар үлкен екі топқа бөлінеді: 
Мамандандырылмаған органикалық қосылыстар
ды топы-
рақтан бөліп алуға болады, оларды бірыңғайландырып, саны 
анықталады (қанттар, аминқышқылдары, ақуыздар – белоктар
органикалық негіздер, дубилдік заттар, органикалық қышқыл-
дар, т.б.). Көптеген минералды топырақтарда органикалық зат-
тардың жалпы пайыздық мөлшері аз ғана болады. 
Мамандандырылған гумустық қосылыстардың 
ең арнау-
лы бөлігі
, көпшілік минералды топырақтарда болатын жалпы 
органикалық заттардың 80-90% -ын құрайды. 
Гумустық заттар
дегеніміз шығу тегі, кейбір қасиеттері, 
құрылымдық белгілері жоғарғы молекулалық бағыттары


бойынша біріккен, құрамында азоты бар әртүрлі органикалық 
қосылыстар. Ең маңыздыларын атап көрсетейік: 1) гумустық 
заттардың әртүрлі топтары мен фракциялары үшін өзіне тән 
бояуы болады, олар күңгірт-құба бояудан – қараға дейін, 
қызғылт-құба түстен сарғыш-қызғылт бояуға дейін ауытқиды; 
2) карбоксил топтарына байланысты қышқылдық сипаттама; 3) 
Әртүрлі фракциялар мен топтардағы көміртегінің мөлшері 36 – 
62%, азот 2,5-5% аралығында болады; 4) барлық топтарда 3-6%
гетероциклдік азоты бар циклдік фрагменттің болуы; 5) гидро-
лизденбейтін азот мөлшері жалпы азоттың 25-35% құрайды; 6) 
алуан түрлі заттардың молекулярлық массалары бойынша алын-
ған көрсеткіштер 700-800 аралығынан 100 мыңға дейін болады. 
Фульвоқышқылдары
– 
ең ерігіш гумус тобының қосын-
дылары, өте жылжымалы, молекулярлық массасы жалпы гумус-
тық заттардың орташа көрсеткіштерінен төмен. Көміртегінің 
мөлшері басқа гумустық заттар топтарының өкілдерімен 
салыстырғанда аз болады. Кешенді және хелатотүзілулерге 
бейімді, қышқылдық қасиеттері айқын байқалады. Басқа топтар-
дың заттарымен салыстырғанда фульвоқышқылының бояуы 
ақшылдау болады. Сұр топырақтарда, кейбір тропикті топы-
рақтарда, қызыл топырақтарда, күлгін типті топырақтарда
көбірек болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет