Оразбаев Қ. И. О-65 Жалпы топырақтану


Топырақтағы су қасиеттері және су түрлері



Pdf көрінісі
бет53/113
Дата28.09.2023
өлшемі2,94 Mb.
#182873
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   113
Байланысты:
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

 
Топырақтағы су қасиеттері және су түрлері 
 
Топырақтың сулық қасиеті, яғни ылғалсыйымдылық, су 
өткізгіштік, су көтергіштік құбылысы өсімдіктің сумен және 
қоректік заттармен қамтамасыз етілуіне тікелей әсер етеді. Егер 
топырақтың ылғалсыйымдылығы нашар болса, өсімдіктер 
судың жетіспеуінен зардап шегеді немесе су өткізгіштігі нашар 
болса, жауын-шашын мол жауғанда, көктемгі қар ерігендегі су 
қорлары сіңбей жер бетінде ұйып шалшық тәрізді тұрып алады 


да, өсімдіктер ауаның жетіспеуінен зардап шегеді, олардың өсіп-
дамуы нашарлайды; топырақтағы ылғал мөлшерден тыс көп 
болғанда, аэробты микроағзалардың тіршілік әрекеті минимумға 
дейін келіп тіпті өліп қалуы да мүмкін. Сөйтіп топырақта 
ылғалдың жетіспеуі де немесе аса көп болуы да өсімдікке теріс 
нәтиже береді. 
Топырақтың гигроскопиялық ылғал қасиетін зерттеу 
ондағы судың өлі қорын білуге мүмкіндік береді және оның 
мөлшері жобамен екі есе максималды гигроскопиялық ылғалға 
тең. Топырақ ылғал сыйымдылығының көрсеткіші осы алаңдағы 
өсімдіктердің суғару режимін (жиі не сирек суғару) анықтауға 
мүмкіндік береді. Әсіресе танаптағы ылғалды анықтаудың 
маңызы өте зор. Вегетациялық кезең уақытында танаптағы то-
пырақ ылғалы өзгереді, кейбір жылдары бұл өзгерістердің ауыт-
қуы, тіпті толық су сыйымдылығынан өлі қорға дейінгі шекке 
жетеді. Топырақ ылғалын бақылай отырып және осы бақылауды 
фенологиялармен салыстырып өсімдіктердің әр фазасында 
сумен қамтамасыз етілуіне байланысты өнімнің түсімін та-
ғайындауға болады. 
Топырақ көп фазалы және дисперсті жүйе болғандықтан, 
оған суды сіңіріп және ұстап тұру қасиеті тән. Ылғал топыраққа 
атмосферадан түскен жауын-шашын мен жер бетіндегі судан 
және жер астының ыза суынан келеді. Топырақта кездесетін 
ылғалдың түрлері де, өсімдіктерге сіңімділігі де әртүрлі болып 
келеді. Ылғалдың кейбір түрлері тіпті өсімдіктерге сіңбейді. 
Жалпы топырақтағы ылғал төмендегідей бірнеше түрге 
бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет