лікте тиімді құнарлылық табиғи (табиғи жағдай) және жасанды
(адам еңбегінің нәтижесі) құнарлылықтан құралады, яғни құ-
нарлылықтың бір бөлігі топырақтың тегіне тән болса, екіншісі
жасанды құнарлылылыққа жатады. Эффективті құнарлылық
топырақтануда қоректік заттар мөлшерімен (мг/кг, пайыз, т/га)
сипатталса, егіншілікте өсімдік өнімі көрсеткіші арқылы (ц/га,
теңге) экономикалық құнарлылыққа айналады. Ол табиғи жағ-
дайлармен қатар, ұйымдастыру-экономикалық себептерге
тәуелді; топырақты дұрыс өңдеп, тұқым сеуіп, тыңайтса, өсім-
дікті жақсы күтсе, өнім жинауды механикаландырса, т.б. жұ-
мыстар дер кезінде нақтылы орындалса, мол өнім жинауға және
жоғары таза пайда табуға болады. Сонымен, Маркс айтқандай
"Экономикалық құнарлылық қоғамдық арақатынасқа тығыз
байланысты". Екі құрлық бөлігі топырақтарының құнарлылығы
негізінде алынған өнімнің мөлшеріне қарай салыстырмалы
құнарлылық анықталады.
Потенциалды құнарлылыққа топырақ құрамындағы
өсімдіктерге қажетті қоректік заттар қоры жатады. Ол топырақ
құралу үдерісі (процесі) барысында қалыптасады және адамның
өндірістік әрекетімен де толықтырылады. Сондықтан, топырақта
бастапқы табиғи және жасанды потенциалды құнарлылық қа-
лыптасады. Кеңес үкіметі тұсында ежелгі топырақ құнарлылы-
ғына арналған ізденістер жалғастырылды. С. Кравков (1926) то-
пырақ құнарлылығын былай түсіндірген: "Біріншіден топырақта
өсімдікке тиімді формада және жеткілікті мөлшерде азот, фос-
фор, калий, темір, магний, күкірт, кальций болу тиіс, екіншіден
онда өсімдіке қолайлы физика-механикалық факторлар (ылғал,
ауа, жылу, т.б.) қалыптасқаны, үшіншіден – өсімдікке қолайлы
және тиімді микробиологиялық үдерістер жүруі қажет. Егер
айтылғандарға қоса топырақта өсетін өсімдіктерге зиянды және
улы заттар болмауын алсақ, "құнарлылық" деген сөз өзінен-өзі
түсінікті болар еді".
Топырақ құнарлылығын зерттеуге В.Р.Вильямс көп көңіл
аударған (1914 – 1939 жж.) Вильямс бойынша
Достарыңызбен бөлісу: