Оразбаев Қ. И. О-65 Жалпы топырақтану


III.II Топырақтағы органикалық заттар ыдырауының



Pdf көрінісі
бет63/113
Дата28.09.2023
өлшемі2,94 Mb.
#182873
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   113
Байланысты:
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

 
III.II Топырақтағы органикалық заттар ыдырауының 
аэробты және анаэробты үдерістері 
 
Аэробты бактериялар топырақтың органикалық заттарын 
оттегінің қатысуымен ыдыратады, мысалы, көмірсутектерді су 
мен көмірқышқыл газына дейін ыдыратады. Гидролаза тобы 
ферменттердің әсері кезіндегі клетчаткалардың гидролизі мына 
нұсқа бойынша жүреді: 
n (C
6
H
10 
O
5
)+nH
2
O=n C
6
H
12 
O

глюкоза пайда болады, 
сосын ол бактериялардың әсер етуі арқылы көмірқышқыл газы 
мен суға ыдырайды: 
C
6
H
12 
O
6
+12О= 6CО
2
H

O. 
Ақуыздар алдымен амин қышқылдарына ыдырайды, олар-
дың бір бөлігі микроағзалар денесін құруға кетсе, екінші бөлігі 
көмір қышқыл газы және амиакка дейін ыдырайды, мысалы: 
R*CHNH
2
COOH+2O = R*COOH+CO
2
+NH
3
одан кейін 
азотты қышқыл мен азот қышқылдарына дейін тотығады. 
Аэробты ыдырау кезінде органикалық заттар тез минералда-


нады, сонымен қатар өсімдіктер пайдалана алатын қоректік эле-
менттер мөлшері де көбейеді. 
Анаэробты жағдайларда, яғни оттегі жоқ ортада, органика-
лық заттардың ыдырауы анаэробты бактериялардың қатысуы-
мен жүреді. Анаэробты ыдырау кезінде ашу, денитрификация, 
сульфаттардың тотықсыздану үдерістері жүреді. Мысалы, 
Clostridium telsincum 
және 
Clostridium pasteurianum 
бактерия-
лары көмірсутектің майлықышқылды ашуын тудырады, ол мына 
нұсқа бойынша жүреді: 
C
6
H
12 
O
6
= C
4
H

O
2
+2СО
2
+4Н 
Нәтижесінде май қышқылы, көмірқышқыл газы және су-
тегі түзіледі, яғни толық ыдырау болмайды да, бастапқы орга-
никалық заттардың бір бөлігі органикалық қышқыл түрінде 
қалады. 
Ақуызды (азотты) қосылыстар алдымен 
Bacillum putidum 
және басқаларының әсерінен амин қышқылдарына ыдырайды, 
одан әрі ыдырау мына теңдік бойынша жүреді: 
R*CHСN
2
COOH+H
2
O → R*CHOHCOOH+NH


R*CHCN
2
COOH+ H
2
O = R*CH
2
OH+CO
2
+NH
3

яғни, органикалық заттардың бір бөлігі сақталады және 
ыдыраудан кейін органикалық қышқылдар немесе спирттер, 
көмірқышқылы және аммиак түзіледі. Органикалық заттардың 
толық ыдырауы үшін, аэробты ыдырауға қарағанда әлдеқайда 
көп уақыт кетеді. Уақыт өте органикалық заттар анаэробтық 
бактериялардың әртүрлі топтарының әсерінен баяу түрде суға, 
көмірқышқылына, аммиакқа және минерал қосылыстарға ыды-
райды, сонымен қатар күкірт пен фосфордың қосылыстары да 
бөлінеді. Анаэробтық жағдайларда шала тотыққан қосылыстар 
(көмірсутек, метан), сонымен қатар органикалық заттардың 
үлкен қоры пайда болады. Микроскопиялық саңырауқұлақтар 
топырақтың органикалық заттарын аэробты жағдайларда, 
көбінесе, орман төсеніштерінде тіршілік ету барысында ыдыра-
тады. Саңырауқұлақтардың әсерінен клетчатка су мен көмір-
қышқылына дейін, ал ақуыздар – көмірқышқылы мен амин-
қышқылдарына дейін ыдырайды. 
Табиғи жағдайларда аэробты және анаэробты ыдырау
үдерістері әруақытта ауысып отырады немесе топырақтың


әртүрлі қабаттарында жүруі мүмкін. Мысалы, аэробты ыды-
рау топырақтың беткі бөлігінде, ал анаэробты ыдырау терең-
деу бөліктерінде жүреді. Құрылымы жақсы және ылғалдығы
жоғары топырақтарда аэробты ыдырау топырақ түйіршікте-
рінің бетінде, ал анаэробты оның ішінде жүреді. 
Топырақты құнарландыруда ең алдымен өсімдіктер
пайдалана алатын күйдегі азот, фосфор және күкірттің жи-
нақталуын қамтамасыз ететін бактериялардың маңызы зор. 
Ақуыздардың аэробты және анаэробты ыдыраулары
кезінде аммиактың және аммоний тұздарының түзілуі бола-
тын аммонификация үдерісі жүріп жатады. Аэробты жағдай-
ларда
Nitrobakter 
және
Nitrosomonas
бактерияларының қаты-
суымен нитрафикация, яғни аммиактың азотқышқылына
дейін тотығу үдерісі жүреді: 
2NH
3
+3O=2HNO
2
+148 ккал одан әрі Nitrobakter мынаған
айналдырады: 
2НNО
2
+O
2
=2HNO+2H
2
O
3
+148 ккал. 
Нитрификация үдерісін ашқан С.В.Виноградский. Бір
жылда нитрификация үдерісі нәтижесінде 0,3 т/га азотқыш-
қылы жиналуы мүмкін. Органикалық заттармен судың көп
мөлшерінде, яғни анаэробты жағдайларда
Bacillum lenitrifitans
-
тің
әсерінен денитрификация үдерісі жүреді. Бактериялардың
азоты және азот қосылыстарын азотсыз оргнаникалық зат-
тарға, көмірқышқыл газына дейін тотықтыратын реакциясы
мына теңдеу бойынша жүреді: 

4
КNO
3
=K
2
CO
3
+3CO
2
+2N

Бұл үдерістің нәтижесінде газ тәрізді азот ауаға
ұшып кетеді, азоттың өзі топыраққа енеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет