Атмосфера азотының фиксациялануы.
Топыраққа,
табиғатта шексіз қоры бар атмосфералық азотты пайдала-
натын бактериялар тобы болады. Жоңышқа, акация т.б. өсім-
діктердің тамырларында болатын түйнектік бактериялар
Bacillus radicicola
- лардың маңызы өте зор. Аэробтық, еркін
өмір сүретін
Azotobakter vinelandii
жыртылған жерлерде, ал
анаэробтық азотфиксатор
Clostridium pasterianum
-ның топы-
рақтарда таралған. Вегетациялық кезең барысында еркін
өмір сүретін бактериялар 20-дан 70 кг/га, түйнектік бактерия-
лар 160-180 кг/га азотты фиксациялайды.
Казіргі кезде азотфиксаторларды дақыл ретінде өсіреді
және бактериялық тазартқыштар: азотобактерин және нитра-
гин дайындайды.
Фосфор айналымы.
Фосфор органикалық заттардан
фосфорқышқылы түрінде ыдырау үдерісі арқылы босап шы-
ғады. Фосфор қышқылы суда еритін тұздар түзеді. Ана-
эробты жағдайға қарағанда, аэробты жағдайда тез еритін
фосфордың көп екендігін зерттеулер арқылы көз жеткен.
Еруі қиын байланыстардың бір бөлігі органикалық заттарға
ауысады. Мысалы,
Bacillus mycoides
, көмірқышқылын көп мөл-
шерде бөлінуі арқылы, аммонификация жүруін қамтамасыз
ете отырып фосфаттардың еруіне себеп болады, ол мына
теңдік бойынша жүзеге асады:
Ca
3
(PO4)
2
+ 2CO
2
+2H
2
O=2CaHPO
4
+Ca (HCO
3
)
2
.
Казіргі уақытта тыңайтқыш ретінде фосфоробактерин
пайдаланылады, осыған байланысты фосфорлы қосылыстар
өсімдіктер пайдалана алатын күйге көшеді.
Күкірт айналымы.
Күкірт ақуыздар және басқа орга-
никалық заттардың ыдырауымен бір мезгілде өсімдіктер
үшін улы күкіртті сутек түрінде бөлініп шығады. Бұл қосы-
лыс
Sulfomonas
, Tiobacterium тобына жататын, бактериялар-
дың қатысуымен екі кезең арқылы күкірт қышқылына өтеді.
Алғашында күкіртсутек тотығады да бос күкіртке айналады,
сосын оттегімен судың қатысуымен негіздердің еруіне себеп
болатын күкірт қышқылы пайда болады:
2H
2
S+O
2
=2H
2
O+S
2
+65 ккал,
S
2
+3O
2
+2H
2
O=2H
2
SО
4
+283 ккал.
Вегетациялық кезеңде пайда болатын күкірт қышқылының
мөлшері 200-250 кг/га шамасында болуы мүмкін. Анаэробты
жағдайда күкірт қышқылының тұздары қайтадан күкіртсутек-
ке дейін тотықсызданады. Бактериялардың әсерінен органика-
лық заттардың минералдық заттарға дейін ыдырауы, жаңа
микроағзалардың денесін құрайтын және олардың биология-
лық айналымға қайта кіруін қамтамасыз ететін қоректік
элементтермен энергияның бөлінуі біртіндеп жүреді.
|