Сор топырақтардың беткі қабатындағы тұздар мөлшері
0,6-2% және одан да көбірек кездеседі.
Бұл тұздардың мөлше-
ріне, құрамына және топырақтың қай қабаттарында шоғырла-
нуына байланысты әртүрлі жүйеленетіні кестеде келтірілген мә-
ліметтерге байланысты. Бұл мәліметтерден көрінгендей, құра-
мына байланысты ең зияндылары содалы, хлорлы, сульфатты
тұздар. Бұдан топырақтың сорлануымен күресу жолдары онда-
ғы тұздардың құрамына тікелей байланысты екені байқалады.
Сортаң топырақтар
деп
топырақтың коллоидты сіңіру
кешені негізінен натрий катионына қаныққан топырақтарды
айтамыз. Топыраққа сіңірілген натрий катионы сілтілі реакция
береді, ылғал тисе ісініп, батпаққа айналады, ал құрғақ жағдайда
қатып-семіп, бағаналы құрылым түзеді. Сондықтан олардың
физикалық қасиеттері өте ыңғайсыз, осы себептен олар құнар-
сыз. Орыс ғалымы К.К.Гедройцтың
тұжырымдауы бойынша
қазіргі осы сортаң топырақты жерлерде бір кездері сор топы-
рақтар болғандығын, кейінірек табиғи жағдайлардың өзгеруімен
бұл аймақтарда ылғал көбейіп, топырақ бетінің құрамындағы
натрий тұздары шайырылып, топырақ астына кеткендігін айта-
ды. Сонымен қатар ол осы тұздардың шайылу үдерісіне суға
ерігіш тұздар құрамындағы натрий катионы топырақтың сіңіру
кешеніне мол сіңіп, қаныққандығынан
топырақтардың жоғары
қабаттарында суға тез ерігіш тұздардың төменгі қабаттарға
шайылып кеткендігін, топырақтың беткі қарашірінді қабатынан
кейін зиянды сортаң екінші қабаттың түзелетінін дәлелдейді.
А – сортаң қабаттың үстіңгі гумусты-шайынды қабат, қа-
лыңдығы бірнеше см-ден 20-30 см-ге жетеді, құрылымы бос,
түсі ашық сұр.
В
1
– жиынтықтық – сортаң қабат, түсі қоңыр құба, күңгірт-
қоңыр, қатты бағаналы құрылымды, қазғанда ірі кесекті баға-
налы бөліктерге бөлінеді, құрғақ кезінде өте қатты бағаналы құ-
рылымды, қазғанда ірі кесекті бағаналы бөліктерге бөлінеді,
құрғақ кезінде өте қатты, ылғалдылығында тез ісініп құрылым-
сыз жағдайға ұшырайды. Міне осы
сортаң қабаттан төменірек
жоғарыдан шайылған тұздар кездеседі.
Кейбір сортаң топырақтарда шайылу үдерісі көптен бас-
талған жағдайларда тез ерігіш тұздар топырақтың тереңірек
қабаттырында жиналады.
Сортаң топырақтардың негізі – натрий катионына қанық-
қан қатты сортаң қабаттың болуы. Табиғи жағдайларда сортаң-
дары осы қабаттың тереңдігіне қарай бөлінеді: жоғары сортаң-
данған немесе орта қабатында сортаңдаған, терең сортаңданған
немесе орта қабатында сортаңданған. Ал әрі қарай бөліп, жүйе-
леу олардың құрамындағы сіңірілген натрий үлесіне тисе, онда
оны сортаң топырақтар қатарына жатқызады.
Сонымен натрий
катионының мөлшеріне байланысты. Егер жалпы топырақ сіңіру
кешенінің 25-30%-тен астамы натрий үлесіне тисе, онда оны
сортаң топырақтар қатарына жатқызады. Натрий үлесіне тисе,
онда оны сортаң топырақтар қатарына жатқызады. Сонымен
натрий үлесіне сіңірілген катиондардың 40-60 %-ы тисе, ол
топырақтар қатты сортаң топырақтар қатарына, ал оның үлесі
сіңірілген катиондардың 15-20 %-ын құрған жағдайда жай сор-
таңданған топырақтар жатады.
Сортаңданған топырақ зонааралық топырақ қатарында
болып, барлық топырақ зоналарында кездесе бермейді. Олар ор-
манды-далалы зонадан бастап, далалы,
құрғақ-далалы, жарты-
лай шөлді зоналарда орын алған. Сортаң топырақтардың бірша-
ма бөлігі шөлді жағдайда кездеседі. Дегенмен бұл зонада басы-
мырақ кездесетіні сорланған топырақтар.
Сортаңданған топырақтардың құнарын кемітіп, оны
ауылшарушылығына игеруге кедергі келтіретін жағдай оның
нашар физикалық және химиялық қасиеттерге ие сортаң қаба-
тының болуы, мұны жақсарту жолын да осы қабаттан бастау
керек. Алдымен натрий катионынан құтылудың амалын іздес-
тіру керек. Дәлірек айтсақ, сіңірілген натрийді басқа катионмен
ауыстыру. Бұл сортаңданған топырақты гипстеу арқылы жүзеге
асырылады. Реакция төмендегідей жолмен жүреді.
(Топырақтың сіңіру кешені) Na
4
+CA+SO
4.
Топырақтың
сіңіру кешені CA
44
+Na
2
SO
4
болады. Бұл
жайында Қазақстандағы
сортаң жерлерді жақсарту мәселелері деген бөлімде айтпақпыз.
Тұзды топырақтар деп кескінінде галофит емес өсімдік-
терге улы мөлшерде суда жақсы еритін тұздары бар топырақ-
тарды айтады. Оларға сор, сортаң және кебір топырақтар жа-
тады. Тұзды топырақтар құрғақ және шөл далаларда кеңінен
тараған, сонымен қатар дала, орманды-шалғынды, тайгалы-ор-
ман зоналарында де кездеседі.
ТМД елдерінің территориясында 52,3 млн. га жерді неме-
се барлық топырақ жамылғысының 2,4 % алып жатыр, ал сор,
кебір, кебірлі-кешенді топырақтардың жалпы көлемі 120 млн.
га немесе 5,4 %.
Достарыңызбен бөлісу: