Оразбаев Қ. И. О-65 Жалпы топырақтану


Қою күңгірт-қоңыр топырақ (ҚК



Pdf көрінісі
бет70/113
Дата28.09.2023
өлшемі2,94 Mb.
#182873
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   113
Байланысты:
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

Қою күңгірт-қоңыр топырақ (ҚК
3

аймақтың солтүс-
тігінде кездеседі. Қою күңгірт-қоңыр топырақтың беткі қабаты-
ның түсі қоңыр реңді күкірт-сұр, түйіртпектілігі кесекті, кесекті-
дәнді, жыртылған жерде шаңды-кесекті. Гумус қабатының 
қалыңдығы А-В
1
35-45 (50) см, HCl 45-50 см тереңдікте көпір-
шиді, жеңіл еритін тұздар 2 м тереңдікте кездеседі. 
Кәдімгі қою күңгірт-қоңыр топырақ қою күңгірт-қоңыр 
топырақтың нышандарын сақтайды. 
Кебірленген қою күңгірт-қоңыр топырақ гумус қабатының 
астыңғы (В
1
) бөлігінің бірікпесі нығыздалған, себебі ол коллоид 
бөлшектермен байытылған. Кебірленген қабаттың түйіртпекті-
лігі кесекті призмалы және кесекті, ал олардың қырлары күрең-
қоңыр қабыршақпен (жылтыраған) көмкерілген. Кебірленгендігі 
күшейген сайын олардың жылтырлығы артады. Тұз қышқылы-
ның көпіршуі, кебірленбеген түсіне қарағанда жоғары. 1 м те-
реңдікте және одан төмен жеңіл еритін тұздар жиынтығы 
көбейеді. Кебірленген қою күңгірт-қоңыр топырақ тегі кебірле-
ну деңгейіне байланысты түрге бөлінеді; яғни кебірленбеген – 
бұл топырақтардың сіңіру сыйымдылығында натрий мөлшері 
3% артпайды, әлсіз кебірленген қою қара-қоңыр топырақта 5-
10%; күшті кебірленген қою қара-қоңыр топырақта 10-15% 
болады. 
Күңгірт-қоңыр топырақ (КҚ
1
). 
Қою күңгірт-қоңыр 
топырақтан айырмашылығы гумус қабаты қалыңдығының аз-
дығы (А+В
1
< 30-40 см). HCl көпіршуі 40-45 см тереңдіктен 
басталады. Карбонаттардың ең максималды шоғырлануы 50-55 
см, гипстің – 150-170 см және жеңіл еритін тұздар 2 м терең-
дікте орналасқан.
 
Бұл топырақтардың тектік ерекшеліктері қою қара-қоңыр 
топыраққа ұқсас. 
Ашық күңгірт-қоңыр топырақ (КҚ
1
). 
Құрғақ даланың 
оңтүстік бөлігінде жусанды-астық тұқымдасты және жусанды 
өсімдіктер астында, өте құрғақ климатта дамып қалыптасқан. 


Ашық күңгірт-қоңыр топырақтың гумус қабатының қалыңдығы 
аз (А+В
1
< 25-35 см). Бұл қабат түйіртпексіз. 
 
Күңгірт-қоңыр топырақтардың жіктелуі 14-кесте. 
Өңір 
Жылы 
(оңтүстік Еуропа) 
Бірқалыпты 
(Батыс Еуропалы және 
Қазақстанды) 
Суық 
(Шығыс-Сібірлі) 
Типше 
Қою 
күңгірт-қоңыр 
жылылы мицелярлы-
карбонатты 
Қою күңгірт-қоңыр 
Қою күңгірт-қоңыр терең-
ді-суықты ұнталы карбо-
натты 
Күңгірт-қоңыр 
жылылы-мицелярлы 
карбонатты 
Күңгірт-қоңыр 
Күңгірт 
қоңыр 
тереңді 
суықты ұнталы карбонатты 
Ашық күңгірт-қоңыр 
мицелярлы 
карбонатты 
Ашық күңгірт-қоңыр 
Ашық күңгірт-қоңыр
тереңді-суықты ұнталы
карбонатты 
Күңгірт-қоңыр топыраққа қарағанда аз ылғалдануымен 
карбонатты қабат беткі қабатқа жақын орналасқан. Гипс қабаты 
110-120 см тереңдікте кездеседі. Ашық күңгірт-қоңыр топырақ-
қа жеңіл еритін тұздардың қою күңгірт-қоңыр, күңгірт-қоңыр, 
күңгірт-қоңыр топырақтарға қарағанда жоғары орналасуы 
олардың кебірленуіне алып келеді. Ашық күңгірт-қоңыр топы-
рақтың кебірленген түрі сирек кездеседі. Кебірленген ашық 
күңгірт-қоңыр топырақ кескіні қабаттарға айқын бөлінген, беткі 
(А) қабатта тұнба фракциялары аз, ал астыңғы (В) қабатта ол 
көп, сондықтан бұл қабаттың түсі А қабатқа қарағанда күңгірт-
теу, бірікпесі нығыздалған, түйіртпектілігі ірі кесекті. 
Ашық күңгірт-қоңыр топырақтардың тектік бірлікке 
бөлінуі қою күңгірт-қоңыр және күңгірт-қоңыр топырақтарға 
ұқсас. Тек бұл топырақтарда сортаңданған, кебірленген нышан-
дар өте айқын байқалады және олар аймақтық ерекшеліктердің 
қатарына жатады. 
Күңгірт-қоңыр топырақтар түрге гумустық мөлшері, гумус 
қабатының қалыңдығы және кебірлену деңгейі бойынша 
бөлінеді. Ашық күңгірт-қоңыр топырақтың тағы бір ерекшелігі 
топырақ жамылғысының кешенді орналасуы. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет