Сор топырақтар
Сор топырақтарда суда жақсы еритін тұздар беткі қаба-
тынан бастап көп мөлшерде кездеседі (көп жағдайда 1%
жоғары).
Сор топырақтар пайда болу үшін келесі екі үдерістің
болуы қажет – ландшафта бос тұздың пайда болуы және олар-
дың топырақ бойына жиналуы.
Сор топырақтар минералданған ыза судың жер бетіне
жақын орналасқан жағдайында және тұзды аналық тау жы-
ныстары кездесетін климаты құрғақ жерлерде пайда болады.
Топырақта су буланып ұшқанда топырақтың беткі қабатында
суда жақсы еритін тұздар жинақталады. Сонымен қатар, сор
топырақтар тұздардың желмен ұшып келуі салдарынан да
пайда болуы мүмкін (импульверизация) және топырақты дұ-
рыс суармау кезінде де пайда болады.
Сор топырақтар әртүрлі ойпаң-өзен жайылмаларында,
теңіздер маңындағы ойпаттарда, кепкен көлдердің орнында
таралуы.
Сор топырақта өсімдіктер жамылғысы тұздардың көп
болуына байланысты сирек болады. Өте көп тұзды сор топы-
рақтарда өсімдіктер мүлде өспейді.
Тұздың сапалық құрамы аниондар мен катиондардың ара
қатынасының көрсеткіштері бойынша анықталады
Тұзданудың сапалық құрамы 20-кесте.
Аниондар бойынша (мг/экв)
Катиондар бойынша (мг/экв)
Тұздану түрі
Сl:S
O
4
HCO
3
:Cl+SO
4
Тұздану
түрі
Na+K
Ca+Mg
Mg:Ca
Хлоридті
> 2
-
Натрийлі
2
-
Сульфатты-
хлоридті
2-1
-
Магнийлі-
натрийлі
2-1
> 1
Хлоридті-
сульфатты
1-
0,2
-
Кальцийлі-
натрийлі
1-2
< 1
Сульфатты
<
0,2
-
Кальцийлі-
магнийлі
1
> 1
Карбонатты-
сульфатты
<
0,2
1
Магнийлі-
кальцийлі
1
< 1
Сульфатты-
содалы
-
2
Сор топырақтардың табиғатта тұздану сапасы басқаша да
болуы мүмкін. Мысалы, хлоридті-нитратты сор топырақтар да
кездеседі, сонымен қатар кең тараған хлоридті-сульфатты-
натрийлі сор топырақтар да бар, бұлар негізінен құрғақ кли-
матты облыстада тарайды.
Карбонатты және содалы типпен тұзданған сор топырақ-
тар көбінде дала және орманды-дала зоналарында кездеседі.
Хлоридті-нитратты сор топырақтар тек шөлді облыстарда ғана
пайда болады.
Тұзданудың сапалық құрамы сор топырақтың сыртқы
морфологиялық белгісіне де әсерін тигізеді. Сондықтан тұздану
сапасына байланысты сор топырақтарды келесідей текке бөледі:
қабыршықты, томпақ, ылғалды, қара және тақыр тәрізді.
Сор топырақ тұзының құрамында хлорлы-натрий басым
болса, оның бетінде қабыршықты қабат түзіледі, ал күкірт қыш-
қыл натрий көп болса, беткі қабаты томпақ сор топырақтар түзі-
леді. Гигроскопиялық қабілеттері зор хлорлы кальций және
магний көп болса, ылғал сор топырақтар пайда болады. Тұз-
дардың құрамында сода көп кездескен жағдайда ол органикалық
заттарды жақсы ерітетін сор топырақ кескінінің түсі қара түске
боялады. Шөл зонаның гидротермиялық ерекшелігіне байланыс-
ты тақыр тәрізді сор топырақтардың беті тілімденген жарық-
шалы болады.
Гранулометриялық құрамы бойынша сор топырақтар
құмды, құмайт, құмбалшықты және балшықты деп әртүрлілікке,
ал разрядқа аналық жыныс бойынша жіктеледі.
Сор топырақтардан басқа табиғатта әртүрлі деңгейде тұз-
данған топырақтар да кездеседі, оларды тұздану мөлшеріне бай-
ланысты тұзданбаған, әлсіз тұзданған, орташа тұзданған және
өте көп тұзданған топырақтар деп бөледі. Тұздану деңгейін
топырақтың су сүзіндісінің құрғақ қалдығының мөлшері және
тұздардың құрамы бойынша анықтайды (8-кесте).
Топырақтарды тұздану деңгейі бойынша топтастыру 21-кесте.
Топырақтардың
тұздану
деңгейі
бойынша түрлері
Тұздардың
мөлшері
%
құрғақ
топырақ
салмағынан
Құрғақ қалдық
Cl
-
SO
2-
4
Хлоридті және сульфатты-хлоридті тұздануда
Тұзданбаған
< 0,3
< 0,01
-
Әлсіз тұзданған
0,3-0,5
0,01-0,05
-
Орташа тұзданған
0,5-1,0
0,05-0,10
-
Өте көп тұзданған
1,0-2,0
0,10-0,20
-
Сор топырақтар
> 2,0
> 0,20
-
Сульфатты және хлоридті-сульфатты тұздануда
Тұзданбаған
< 0,3
-
< 0,10
Әлсіз тұзданған
0,3-1,0
-
0,10-0,40
Орташа тұзданған
1,0-2,0
-
0,40-0,60
Өте көп тұзданған
2,0-3,0
-
0,60-0,80
Сор топырақтар
> 3,0
-
> 0,80
Содалы және аралас тұздануда
Тұзданбаған
< 0,2
-
-
Әлсіз тұзданған
0,2-0,5
-
-
Орташа тұзданған
0,5-0,7
-
-
Өте көп тұзданған
0,7-1,0
-
-
Сор топырақтар
> 1,0
-
-
Топырақ құрамындағы суда жақсы еритін тұздардың
жалпы мөлшері және сапалық құрамымен бірге олардың тұз жи-
нақталған қабаттарының тереңдігінің де маңызы зор. Егер суда
еритін тұздар (>2%) топырақта 150 см тереңдіктен төмен жинақ-
талса, ол топырақ тұзданбаған деп саналады, 100-150 см терең-
дікте – терең тұзданған, 100-70 см – терең сортаңданған, 70-
30 см – сортаң және 30 см-ден жоғары (30-50 см) сор топырақ
деп аталады.
|