Оңтүстікті қара топырақтар (Қ
о
).
А қабатының қалың-
дығы 35-40, түсі күңгірт-сұр, көбінесе қоңырқай реңді, түйірт-
пектілігі кесекті. В
1
қабат түсі қоңырлау түйіртпектілігі кесекті-
призмалы. Иллювиальды карбонатты (В
к
) қабаттың басқа қа-
баттардан айырмашылығы – айқындалған карбонат ақкөздері
және беткі жағында гумус ағындылары мен дақтары байқалады,
сондықтан кейде гумус ағындылар қабатын (В
2
) бөледі. Көпіршу
сызығы В
1
қабаттың астында немесе гумус шекарасында кезде-
седі. Оңтүстікті қара топырақтардың 1,6-2 м тереңдігінде көбі-
несе гипс кездеседі. Кәдімгі қара топыраққа қарағанда оңтүстік-
ті қара топырақтың текті нышандары, яғни карбонаттығы кебір-
лігі және сортаңданғандығы анық байқалады.
Шалғынды қара топырақтар (Қ
ш
)
бедері ойыс, яғни ыл-
ғалдануға қолайлы және ыза сулары 5 м жоғары орналасқан
жерлерде кездеседі. Бұл топырақтардың кескіні қара топырақ-
тардың кескіні тәрізді келеді, бірақ та кейбір арнайы айыр-
машылықтары да бар. Беткі гумус қабатының түсі айқын қара
және қалыңдығы біршама төменгі жағында глейлеген қабат кез-
деседі. Шалғынды қара топырақ типі екі типшеге бөлінеді:
шалғынды-қара (ыза сулары 2-5 м тереңдікте) және қара-шал-
ғынды (ыза сулары 1,5-3 м және одан жоғары).
Топырақ түзілу жағдайында күңгірт-күрең топырақ кескіні
айқындалған генетикалық қабаттарға бөлінеді. Аш-шымды (тың
жерлерде), қалыңдығы 2-3 см. Жоғары гумус қабаты (А) түсі
қою күңгірт-күрең, ашық күңгірт-күрең, түйіртпектілігі кесекті,
қалыңдығы 18-22 см. Бұл қабаттың астында ауыспалы (В
1
)
қабаты сұрғылт-қоңыр түсті, түйіртпектілігі ірі кесекті кебір-
ленген түрлерінде кесекті-призмалы немесе призмалы-жаңғақ-
ты, олардың қырлары қоңырлау-сұрғылт жылтырлы, бұл түс
қабатқа қоңырлау немесе күңгірт рең береді. Гумус қабатының
жалпы қалыңдығы 35-50 см. Өңделген жерлерде жыртылған
(А
ж
) қабат бөлінеді, оның қалыңдығы 20-22 см. Гумус қаба-
тының астында гумус ағындылар (В
2
) қабаты орналасқан. Оның
сатында карбонаттар шоғырланған (В
к
), түсі қоңырқай сарғыш,
түйіртпектілігі призмалы немесе призмалы-жаңғақты, көбінесе
карбонаттар мен кебірленудің нәтижесінде нығыздалған.
Карбонаттар айқын ақ дақ ретінде, ақ көз, жағынды, ағынды,
ақтор немесе ақұнтақ түрінде кездеседі. Карбонаттардың макси-
малды жинақталған қабат қалыңдығы 50-60 см. Бұл иллювиаль-
ды карбонатты қабат біртіндеп топырақ түзуші жынысқа (С)
ауысады, түсі біркелкі және ақшылдау, бірікпесі борпылдақ,
карбонат дақтарымен сирек көмкерілген, ал кейде жоқ, гипс
жиынтықтары шоғыр, ұя немесе кристалданып ұшырасады.
Гипстер мен жеңіл еритін тұздардың кездесу тереңдігі әртүрлі
және олар қара-қоңыр топырақтың типшесіне қарай анықта-
лады, ал бір типше ішінде – механикалық құрамына, кебірлену
деңгейіне және жергілікті бедерге байланысы өзгереді. Жеңіл
еритін тұздар көп жағдайда 1,5-2 м тереңдікте байқалады.
Күңгірт-күрең топырақ үш типшеге бөлінеді: қою күңгірт-
күрең, күңгірт-қоңыр және ашық күңгірт-қоңыр (2-кесте). Әрбір
типше өз кезегі бойынша үш өңірлік термикалық топқа бөлінеді.
Типше өз кезегінде текке бөлінеді: кәдімгі, кебірленген,
кебірленген-сортаңды, қалдықты-сортаңды, кебірлі-солодты,
карбонатты, карбонатты-кебірлі және толық дамымаған.
Достарыңызбен бөлісу: |