Оразбаев Қ. И. О-65 Жалпы топырақтану



Pdf көрінісі
бет67/113
Дата28.09.2023
өлшемі2,94 Mb.
#182873
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   113
Байланысты:
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

 
 
 
 


VІ. БӨЛІМ 
Орманды дала мен далалы аймақта қалыптасқан 
топырақтар 
 
ТМД мемлекеттерінде қара топырақ кең тараған. Оның 
жалпы көлемі 189 млн.га, Қазақстанда 25,0 млн.га немесе 9,2%. 
Қара топырақтың негізгі көлемі Украинада, Солтүстік 
Кавказда, Орталық қара топырақты облыстарда, Батыс Сібірде, 
Солтүстік Қазақстанда (Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, 
Павлодар облыстарында) кездеседі. 
Қара топырақ шалғынды даладағы шөптесінді өсімдіктер 
астында шымданудың нәтижесінде дамып пайда болған. 
Қара топырақ топырақ бетіне жыл сайын көп мөлшерде 
шөптесінді өсімдіктердің органикалық қалдықтарының түсуінен 
болады. Топырақ бетіне түсетін өсімдік қалдықтарының күл-
ділігі жоғары, негіздермен қаныққан және азот мөлшері де көп, 
сондықтан гумификацияға қолайлы. Өсімдік қалдықтарының 
ыдырауы, гумустың түзілуі және оның минерализациясы қар-
қынды түрде топырақтағы оптималды ылғалдылық пен қолайлы 
температурамен қабаттасады. Қара топырақта ылғалдану кезеңі 
кебу кезеңімен алмасып тұратындықтан, түзілген гумус тез ми-
нерализацияға түспей оның жинақталып сақталуына мүмкіндік 
береді. Гумустың жоғары деңгейде шоғырлануына қара топы-
рақтағы аналық жыныстардың негіздермен қаныққандығы да 
септігін тигізеді. Пайда болған гумус қоспалары өсімдік қалды-
ғындағы кальций және жыныстағы карбонаттармен бейтарапта-
нып, топырақта жинақталады. 
Қара топырақтың кескіні мынандай генетикалық қабаттар-
дан тұрады: А
0
, А, В
1
, В
2
, С. 
А
0
– дала төсеніші, тек тың топырақтарда кездеседі, шөп-
тесін өсімдіктердің тығыз бір-бірімен біріккен қалдықтарынан 
тұрады. 
А – гумусты (гумусты-аккумулятивтік) қабат қалыңдығы 
20-дан 50 см-ге дейін жетеді. Бұл ең беткі гумусқа бай қабат, 
түсі – күңгірт-сұр немесе қара, түйіртпектілігі дәнді немесе 
дәнді кесекті. Жыртылған топырақтарда бұл қабат өңделіп, А
ж
– 
жыртылған қабатты құрайды. 


В
1
– ауыспалы гумус қабаты. Гумус қабатының астыңғы 
бөлігі; А – қабатынан айырмашылығы – түсінің ептеп ақшыл-
дау, яғни қоңырқайлануы, бұл түс төмендеген сайын айқында-
лады. Түйіртпектілігі дәнді-кесекті астына қарай кесекті. Бұл то-
пырақтың кейбір типшелерінде (негізгі, оңтүстікті) В қабатында 
карбонаттар байқалады. Келесі қабатқа ауысуы тілімденген 
(ағымданған). 
В
2
– гумусты ағымды ауыспалы қабат, түсі біркелкі емес. 
Түйіртпектілігі ірі кесекті бағаналы. Карбонаттар ақкөз, шоғыр-
көз, торша түрінде кездеседі. 
С – аналық жыныс, карбонаттар өте көп кездеседі. Қара 
топырақ кескінін жазған кезде оның басты диагностикалық 
нышаны ретінде НСl-дан көпіршу тереңдігі саналады. 
Қара топырақтарды жіктеу 1-кестеде келтірілген. Қара 
топырақтың түрі гумус қабатының (А+В) қалыңдығымен, яғни 
әлсіз қалың <40 см, орташа қалың 40-80, қалың 80-120, өте 
қалың >120 см және беткі қабатта гумус мөлшері бойынша аз 
гумусты <6 %, орташа гумусты 6-9 және жоғары гумусты >9% 
болып бөлінеді. 
Күлгінденген қара топырақ (Кқ). Бұл топырақтың ең басты 
ерекшелігі гумус қабатында кремний ұнтағының кездесуі. Қа-
лыпты жағдайда В қабатының түйіртпектері ақшыл түсті ұн-
тақпен көмкерілген, жоғары деңгейде күлгінденген жағдайға 
бұл ақ ұнтақтар А қабатында да кездеседі. Мұндай ақ ұнтақ-
тармен көбінесе А қабатының байытылған жағдайда түсі ақ-
шыл-күлгін реңкке боялады. 
А қабатындағы гумустың күкірт-сұр түсі В
1
қабатында 
ақшылданады. А+В

гумус қабатының қалыңдығы 70-100 см-ден 
(Еуропа бөлігінде) 30-50см-ге дейін (Шығыс Сібір бөлігінде) 
ауытқиды. 
Карбонат қабаты және көпіршу сызығы гумус қабатының 
астында, яғни 1,3-1,5 см тереңдікте орналасқан. Сондықтан күл-
гінденген қара топырақтардың гумус қабатының астында ны-
ғыздалған иллюви қабаты кездеседі, ол сілтісізденген, түйірт-
пектілігі жаңғақты немесе бағаналы, олардың қырлары гумус 
жағындылары және кремнийлі ұнтақтармен айқын күңгірт жыл-
тыраған. Астыңғы қабаттарда бұл нышан бәсеңдеп, біртіндеп 


жынысқа ауысады, онда карбонаттар ақ сызықша немесе ақ 
шоғыр түрінде кездеседі. 
Сілтісізденген қара топырақтардың (Қ
сл
) күлгінденген қара 
топырақтан айырмашылығы гумус қабатында кремний ұнтақта-
ры кездеспейді. Морфологиялық ең басты ерекшелігі – гумус қа-
батында еркін карбонаттардың жоқтығы. Оның астында карбо-
наттардан сілтісізденген, қалыңдығы әртүрлі В
2
қабат орналас-
қан. Сондықтан көпіршу сызығы В
1
қабатының астыңғы шекара-
сында кездеседі. 


Қара топырақтардың жіктелуі 13-кесте. 
Типше 
Тек 
Түр 
Күлгінденген 
Сілтісізденген 
Кәдімгі 
Тұтасқан 
Кәдімгі жеңіл жыныстарда 
Сілтісізденген тұтасқан 
Әлсіз күлгінденген 
Орташа күлгінденген 
Әлсіз сілтісізденген 
Орташа сілтісізденген 
Негізгі 
Кәдімгі 
Карбонатты 
Көпіршуі төмендеген 
Солодтанған 
Әлсіз солодтанған 
Орташа солодтанған 
Кәдімгі 
Кәдімгі 
Карбонатты 
Кебірленген 
Кебірлі-сортаңданған 
Солодтанған 
Әлсіз кебірленген 
Орташа кебірленген 
Күшті кебірленген 
Әлсіз солодтанған 
Орташа солодтанған 
Оңтүстікті 
Кәдімгі 
Карбонатты 
Кебірленген 
Кебірлі-сортаңданған 
Әлсіз кебірленген 
Орташа кебірленген 
Күшті кебірленген 
Әлсіз солодтанған 
Орташа солодталған 
А қабатының түсі негізінен сұр-қоңыр немесе қара түйірт-
пектілігі дәнді немесе дәнді-кесекті. Қалыңдығы 30-50 см. В 
қабатына ауысуы біртіндеп, түсі қоңыр немесе қызыл қоңырдан 
төмендеген сайын ақшылданады. Түйіртпектілігі кесекті. Ас-
тыңғы қабаттарда оның мөлшері іріленеді. 
Гумус (А-В
1
) қабатының қалыңдығы 80-150 см-ден 
(Еуропа) 30-45 см (Шығыс Сібір) дейін ауытқиды. 
Сілтісізденген В
2
қабат қоңырқай түсті, жаңғақты-баға-
налы немесе бағаналы, түйіртпектер қырларында гумус ағын-
дылары мен жағындылары кездеседі. В
3
қабатына ауысуы бір-
тіндеп, олардың шекарасында карбонаттар әкті тор, ақтор тү-
рінде шоғырланып, сілтісізденген қабатқа қарағанда (В
2
) бұл қа-
баттың түсі ақшылдау келеді. 
Сілтісізденген қара топырақтарды түрге бөлу сілтісізден-
ген В
2
қабаттың қалыңдығына байланысты, яғни В
1
қабатының 
төменгі шекараларымен НСl-дан көпіргіштік сызықшаның ара 
қатынасы алынады. 
Әлсіз сілтісізденген қара топырақтың көпіршу сызығы В
1
қабатының төменгі шекарасынан 20 см тереңдігіне өтеді, орта-


ша сілтісізденген қара топырақта көшіру қабаты В
1
қабат ше-
карасынан 50 см ары тереңдікте кездеседі. 
Негізгі қара топырақтар (Қ
н
) гумус қабатының қалыңды-
ғымен (негізінен >80 см көп) және гумус қабатында карбонат-
тардың мицелла немесе түтікше түрінде кездесуімен ерекшеле-
неді. Карбонаттар көп жағдайда 60-70 см тереңдікте орналасқан. 
В қабат күңгірт-сұр немесе қара түсті, түйіртпектілігі 
дәнді немесе дәнді кесекті. 
Негізгі қара топырақта гумус қабатының жеткілікті қалың 
болуына байланысты, А қабаты нақтылы болу үшін түсі мен 
түйіртпектілігіне байланысты екі ауыспалы АВ
1
және В
1
қабаттарға бөледі. АВ
1
қабат – күңгірт сұр төменге қарай әлсіз 
қоңырланады, В
1
қабат нақтылы қоңырқай түсімен ерек-
шеленеді. АВ

қабатының, көбінесе В
1
қабаттарының астында 
карбонаттар мицелла шоғыры айқындалады. Гумус қабатының 
қалыңдығы (А+АВ
1

1
) 100-190 см-ден В
1
гумус қабатының 
астында біршама тереңдікке дейін гумус ағындылары мен 
дақтары кездеседі. В

қабат (ВС) және жыныста (С) карбонаттар 
ақ көз, ақ шоғыр, ақ торлар ретінде айқындалады. 
Негізгі қара топырақ, тектерге карбонаттардың орналасу 
деңгейі бойынша бөлінеді. Олар өз реті бойынша: негізгі қара 
топырақ (кәдімгі) – гумус қабатында көпіршиді (АВ

немесе В
1
); 
негізгі қара топырақ көпіршуі тереңдеген гумус қабатының 
астында көпіршиді; негізгі қара топырақ карбонаты – беткі 
қабаттан немесе 20 см тереңдіктен көпіршиді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет